Тақырыбы: Білім әлеміне қызықты саяхат Мақсаты



Дата08.06.2018
өлшемі127 Kb.
#41593
Батыс Қазақстан облысы

Бөкей ордасы ауданы

Бисен ауылы

Б.Жәнекешов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-интернаты тәрбиешісі Сабирова Айгулек Хайроллақызы



Тақырыбы: Білім әлеміне қызықты саяхат

Мақсаты: Оқушылардың білімге деген қызығушылықтарын, танымдық қабілетін, белсенділігін арттыру, логикалық ойлауға және өз білімдерін жұмсай білуге үйрету.

Көрнекілігі: видеопроектор, плакаттар, қағаздан жасалған үйрек, ойыншық мылтық

Жүру барысы: Құрметті ұстаздар,оқушылар «Білім әлеміне қызықты саяхат» атты сайысымызға қош келдіңіздер!

Өмір деген көк мұхиттың толқыны,

Бір-бірімен жатқан шулап,жалғасып.

Бір-бірімен жатқан тулап арбасып,

О,Толқындар, арпалысып алға шық,

Құштарлықтың толғағы мен көктемі- деп Т.Айбергенов ағамыз айтқандай өмірдің өзі сайыс. Саяхатқа шығуға әзірміз бе? Үйрекке қол жеткізу үшін, алдарыңызда әртүрлі кедергілер кездеседі, осы кедергілерден өту үшін сіздердің басты қаруыңыз бұл әрине, білім болмақ. Қай топ көп үйрек жинайды, сол топ жеңімпаз болады. Ендеше аңға шығуға әзір болсақ , алдарыңызда кездесетін кедергілермен таныстырып өтейін.



1.Таныстыру (әр топ аты, ұраны)

2. Аңшылық (сұрақ-жауап)

3. Кім мерген ? логикалық сұрақтар

4. Кім шапшаң? әріптен сөз құрау

5. Тіл аялдамасы.

6. Топ басшылар сайысы

І кедергі. Таныстыру . Бұл турда әр топ өз атын, ұранын таныстырп өтеді.

ІІ кедергі. Аңшылық (сұрақ-жауап) Бұл кедергіде әр топқа 10 сұрақтан сұрақ қоямын, әр дұрыс жауапқа ұпай ретінде 1 үйректі қанжығаға байласыздар.

1 минутта тез-тез жауап берулеріңіз керек?



  1. Республика күні? 25 қазан

  2. 64 қай санның квадраты? 8

  3. 100 жылдың басқа атауы? Ғасыр

  4. Тұңғыш қазақ ғарышкері? Т.Әубәкіров

  5. Күріштің Отаны? Қытай

  6. Алтын адам табылған жер? Есік қаласы

  7. Қырғыстанның Астанасы? Бішкек

  8. 2004 ж жазғы спорттық олимпиада қай мемлекетте болды? Греция, Афина

  9. Ешкі түлігінің пірі Шекшек ата

10Үшбұрышытың ішкі бұрышының қосындысы? 180о

Мұсылманның қасиетті айы? Рамазан



  1. 1 ғасыр неше жыл ? 100 жыл

  2. Бір бұрышы 90 тең үшбұрыш қалай аталады? Тіктөртбұрышты үшбұрыш

4. Қазақстанның тұңғыш президенті? Н.Назарбаев

5. Шайдың Отаны ? Үнді елі

6. Тәуелсіздік күні? 16 желтоқсан

7. Қазақтың үш биін ата? Әйтеке, Қазыбек, Төле би

8. Ең суық материк ? Антрактида

9. 5 санына қарама-қарсы сан ? -5

10. Ежелгі грек ойшылы, ғұлама математик? Пифагор

ІІІ кедергі. Кім мерген ? деп аталады. Кәне, топтан бір –бір оқушыдан шығып үйрек атамыз, әр атқан үйректің артында сұрақ жазулы тұр, егер сол сұраққа жауап берсеңіздер, үйрек сіздердің қоржындарыңызда.


  1. Жанұяда 4 ұл және әр ұлдың бір-бірден әпкесі бар. Жанұяда неше бала бар? (5)

  2. Бөлмеде 4 мысық отыр, Әр мсықтың алдында 3 мысық отыр. Бөлмеде неше мысық отыр? 4 мысық

  3. Үш түйеқұс ұшып келе жатты. Аңшы олардың бірін атып алды. Олардың қаншасы қалды? Түйеқұс ұшпайды

  4. Қосарланып жегіолген ұш атттылы бір сағаттың ішінде 12 км жол жүрді . Бір аттылы осы уақыттың ішінде неше км жол жүреді. 12 км

  5. Егер тырна бір аяғымен тұрса салмағы 3 кг болады, ал, екі аяғымен тұрса салмағы қанша кг болады. 3 кг

  6. Төрт қойдың неше аяғы бар? 16

  7. Ағаш үстінде 100 торғай отырды. Аңшы олардың 10 торғайын атып алды . Неше торғай қалды ? 10 торғай

  8. Бір топ үйрек ұшып келе жатты. Біреуі алдында, екеуі артында, бірі алдында, бірі артында екеуі алдында бірі ортасында, үшеуі тізбектеліп қатар ұшқан? Қанша үйрек ұшып келді? 3 үйрек

  9. Сұйықтықтың ең кішкентай бөлшегі қалай аталады? Тамшы

  10. Дүниежүзінде көп тараған сұйықтық. Су

  11. Сандыққа нені тығып қоюға болмайды? Жарық

  12. Әр айдың 30, 31 болады 28 саны қай айда болады? Барлық айда


ІҮ кедергі. Кім шапшаң? деп аталады. Яғни, бұл кедергіде алдарыңызда сұрақ жауабымен жазулы тұрады. Жауабы әріптер шатастырылып орналастырлыған, шатастырылып қойылған әріптерді тез құрауларыңыз керек. Және бір жауапқа 30 секундт уақыт беріледі. Тез және дұрыс жауапқа бір үйрек атып аласыздар.

Айналадғы көзге көрінетін кеңістік

Ж К И Ө К К Е

Дүниежүзілік чемпион атағын алған алғашқы қазақтан шыққан палуан кім?

АЖҰҚНАЫ МҚ

Екі нүктенің арасындағы түзу

І Д Н І К С Е

Қазақ тарихындағы алғаш қыздар мектебін ашқан кім?

НРИСАЛЫНТА

Тыныс белгісін не зерттейді?

КТУАНПЦЯИ

Сөз мағынасын не зерттейді ?

АКИСЕЛК

Ү кедергі. Тіл аялдамасы . Қазақша, орысша, ағылшынша аялдамаларға тап боласыздар мен мақал оқимын сіздер жауабын тауып, қазақша, орысша, ағылшынша аялдамаларға барып , бір бірден кезектесіп шығып жазып кетесіздер, және бірінші болып жеткен топқа 1 бонус үйрек.

1. Жұт неше ағайынды жеті- семь- seven

2.Айдағаны ешкі ысқырады, жер жарады. Бес-пять-five

3.Өзі сөйлей білмейді, салған ізі сөйлейді? Қалам-ручка-pen

4. Ел құлағы нешеу? Елу- пятьдесять- fifty

5. Жігітке жеті өнерде аз,

Неше өнер көп емес ? жетпіс- семдесять- seventy

6. Алтын қырлы, алтын сырлы ? қарындаш-карандаш- pensil



ҮІ кедергі. Топ басшылар сайысы. Екі топтың топ басшыларын ортаға шақырамыз. Мен сіздерге ҚАЗАҚСТАН деген сөз беремін. Осы сөзден қай топ басшысы көп сөз құраса, сол топ басшысы жеңіске жетеді.

Жеңімпаз топқа сыйлық ұсыну, мақтау қағазымен марапаттау.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет