Тақырыбы: Бірпартиялық, екіпартиялық және көппартиялық жүйелердің басым және осал жақтарын ашып көрсетіңіз Қабылдаған: Сыздықова Г. Ж. Орындаған: Пахир Гулназ Тобы: жфи 111 Туркестан 2022ж Жоспар


Бірпартиялық,екіпартиялық және көппартиялық жүйелерге шолу



бет3/4
Дата03.11.2022
өлшемі59,94 Kb.
#156344
1   2   3   4
Байланысты:
Пахир Гулназ ЖФИ111 САясаттану

Бірпартиялық,екіпартиялық және көппартиялық жүйелерге шолу

Негізгі саяси шешімдерді жоғары дәрежедегі партиялық жетекшілер қабылдайды, ал мемлекеттік қайраткерлер негізінен атқарушы рөлге ие. 1927 жылы Н. Бухарин Кеңес Одағының партиясы жөнінде: «Бір партия басқарушы болса, басқалары түрмеде отырады», – деген тұжырым айтқан. Әдетте, бірпартиялық жүйеде партия мемлекеттік аппаратпен тұтасып кетеді және партияға тән емес функцияларды орындай бастайды. Нәтижесінде мемлекеттік құрылымда бюрократияландыру үдерісі етек алып, билікке сайлаушылар тарапынан демократиялық бақылау әлсірейді де, сайлаудың өзі формальды сипатты иеленеді. Бұған 1903 жылы пайда болған Ресей социал-демократиялық жұмысшылар партиясы (РСДЖП), Кеңес Одағының коммунистік партиясы (КОКП) мысал бола алады.
Ресейлік ғалымдар В.П. Пугачев пен А.И. Соловьев өз зерттеулерінде бірпартиялық (бәсекесіз) партиялық жүйенің ерекшелігін кеңірек түсіндірген.
Олардың пікірінше, бәсекесіз бірпартиялық жүйе – бұл мемлекеттік билікті бір ғана партия өз қолына шоғырландырған жүйе түрі. Бірпартиялық жүйе жағдайында партия саяси жетекші мен халық бұқарасы арасындағы байланысты қамтамасыз етеді. Бірпартиялық жүйенің деспоттық және демократтық екі түрі болады. Деспоттық бірпартиялық жүйе түрі саяси жүйедегі басқа партиялардың нақтылы өмір сүруіне тиым салынғандығымен ерекшеленеді. Шындығында, мұндай партиялар мемлекеттік аппараттың бөлігі болып табылады. Оған КОКП нақты мысал бола алады. Демократтық жүйе түрі бірпартиялық жүйе үстемдік ететін, алайда онда көппартиялық жүйе жасанды түрде ғана қалыптасқан қоғамда көрініс табады. Аталған жүйеде билеуші партия тотальды идеологиялық және ұйымдастырушылық бақылауды жүзеге асырады. 
Саяси жүйеде бірпартиялық жүйенің гегемонды партиялық жүйе деген де нұсқасы кездеседі. Көбінесе, өмірде гегемонды партиялық жүйе жағдайында партиялық және мемлекеттік аппараттың тұтасып кету ағымы байқалады. Сондықтан бұл жүйенің өздерінің түрлі идеялары мен мүдделерін білдіруге жеткілікті түрде мүмкіндіктерін жүзеге асырмауы оларды дағдарысқа әкеліп соқтыруы да мүмкін.
Екіпартиялық жүйе (бипартизм) – бұл мемлекетте билік үшін шынайы күрес пен нағыз бәсекелестік екі ірі саяси партияның арасында өріс алатын жүйе. Мұнда екі партияның біреуі жалпыға бірдей тікелей сайлау нәтижесінде кезекпен парламенттегі көпшілік орында иеленіп, Үкіметті қалыптастырады және мерзімі аяқталғанша билеуші партия ретінде өз қызметін атқарады. Ал, келесі партия оппозициялық бағытты ұстанады. Ол оппозицияда бола отырып, билеуші партияның іс-қимылын бақылап, сынға алады және оның елдегі билікті заңсыз жүзеге асыруына жол бермейді. Бипартизм мемлекеттік құрылымда басқа, ықпалы жағынан төмен партиялардың өмір сүруін де жоққа шығармайды. Екіпартиялылықтың қалыптасуына көбіне мажоритарлық сайлау жүйесі мүмкіндік береді. Бипартизм биліктің салыстырмалы түрдегі тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік жасайды, яғни, коалициялық келісімдердің тұрақсыздығынан еркін, бірпартиялық үкімет құрады. Екіпартиялық жүйе мүдделердің артикуляция және агрегация үдерісін жеңілдетеді, өйткені бәсекелестікке түсетін партиялардың әрқайсысы өзінің электоралдық негізін барынша кеңейту мақсатында әр түрлі әлеуметтік топтардың талаптарын жинақтап қорытуға, «қысқартуға» ұмтылады, – деп көрсетеді француз саясаттанушысы Р.-Ж.Шварценберг. Осылайша, екіпартиялық жүйенің жүйенің классикалық нұсқасында басым екі партия сайлаушылардың 90 пайызға дейінгі дауысын иеленуіне байланысты, елдегі қалған партиялар билікті жүргізуге қатысу мүмкіншілігінен айрылады.
Екіпартиялық жүйе негізінен англосаксондық елдерге тән. Аталған жүйе орныққан елдерде басқа да кішігірім партиялардың болуы мүмкін, яғни, оларда өзге де партиялардың өмір сүруіне тиым салынбайды. Мұнда жалпыға бірдей тікелей сайлау нәтижесінде екі партияның біреуі өзінен-өзі автоматты түрде парламентте көпшілік орынды иеленіп, ел Үкіметінің орнықтылығын қамтамасыз етеді. Себебі, оған Үкімет заң бойынша көрсетілген мерзімі біткенше қызметін атқаруына мүмкіндік береді. 
Екіпартиялық жүйенің классикалық үлгісі АҚШ-та негізделген, бұл елде әр кезде Демократиялық және Республикалық партиялар мемлекеттік билікті жүзеге асыруда бірін-бірі ауыстырып отырады. Ал, Ұлыбританияда болса, Екінші дүниежүзілік соғыстан бастап 2010 жылдың мамырына дейін билік үшін тартыс консерваторлар мен лейбористердің арасында жалғасып келді.
Көппартиялық жүйеге мемлекеттік билік үшін күрес барысында бірнеше саяси партиялардың әр түрлі мүдделері мен пікір алуандылығын пайдалана отырып, легитимді түрде басқару түрі жатады. Оған үш немесе одан артық партия қатысады. Көппартиялық жүйе іштей сан салалы болып келеді. Оны кейде көп қырлы плюрализм деп те атайды. Бұл жүйенің ішінде негізінен екі коалиция болады (яғни, биполярлық плюрализм немесе екі блокты коалиция), топтасу екі партиялық одақтың күресінің мәні болып келеді, ал блоктан тыс әрекет ететін партиялар елеулі партиялық рөл атқармайды және бірте-бірте маргиналдылыққа душар болады. Екі блоктылық негізінде басқару түрі көбінесе Францияға тән, мұнда президенттік, парламенттік сайлаулар алдында екі блок – солшыл (социалистер, коммунистер, солшыл радикалдар) және оңшыл (голлистер, жискардистер және т.с.с.) блоктары қалыптасады. Міне, осындай жүйеде саяси партиялардың бірінің биліктегі ұзақ уақыт басымдылығымен көппартиялылық жүйе әрекет етеді.
Ресейлік ғалымдар В.П. Пугачев пен А.И. Соловьев тұжырымдағандай, бәсекелесуші көппартиялық жүйе – бұл билік үшін күресетін көптеген, соның ішінде оппозициялық та партиялар құрылған жүйе болып табылады. Бәсекелесуші көппартиялық жүйе доминантты, екіпартиялық және мультипартиялық деген партиялық жүйелерге бөлінеді. 
Доминантты партиялық жүйе – бұл қоғамда демократиялық ұстанымдар мен көптеген партиялардың өмір сүруіне қарамастан, сайлауда үнемі бір ғана партияның жеңіске жетіп, билік құрылымдарында үстемдікке ие болатын жүйе түрі. Мысалы, Швецияның Социалдемократиялық жұмысшы партиясы 1932- 1976 жж. аралығында үздіксіз билікті өз қолына шоғырландырды.
Мультипартиялық жүйе – бұл саяси үдеріске күшті ықпал ете алатын екі партиядан бөлек, алайда олардан өзге үкімет билігін жүзеге асыруға қабілетсіз партиялар негізделген жүйе. Бұл жайт елде парламенттік көпшіліктің ұдайы өзгеруі орын алатын әр текті коалициялық Үкіметтің қалыптасуына әкеледі. Мұндай партиялық жүйе мемлекеттегі партиялардың шынайы саяси жетекшілік қабілетіне ие болмағандықтан, олардың өзара келісім мен ымыраға келуіне әкеледі. Бұл партиялардың арасында кез келген сәтте өзгеріп кетуі ықтимал өзара одақ құру мен келісімге келу тәжірибесі қалыптасқан. Партиялар арасындағы мұндай келісімдер сайлау кампаниялары кезінде, сонымен қатар, Парламентте жетекші коалиция мен коалициялық Үкіметті құру мақсатында жасалуы мүмкін. Осылайша, мемлекеттік билікті жүзеге асыру үшін партиялар кейде коалиция (латын тілінен бірлестік деп аударылады) құруы да ықтимал. Партиялық коалиция – бұл мүдделердің өзара ымыраға келуі мен тепе-теңдігі негізінде ортақ саяси мақсаттарға жету үшін құрылған саяси партиялардың одағы, бірлестігі болып табылады. Саяси өмірдегі алатын орны, билікті жүзеге асыруға катысына карай саяси партиялар билеуші және оппозициялык(лат. «карсы кою» деген сөзінен шыккан)болып бөлінеді. Билеуші партиялардың колдарына мемлекеттік билік тигендіктен оларға бүкіл қоғам дамуының басты бағыттары мен сипатын айкындауға мүмкіндік туады. Яғни, олар баска партиялардың үстінен билікке не болады. Мұндай мүмкіндігі жок калған партиялар ез мүдделерін басқа жолмен корғайды. Олар бұл максатта өздерінің конституциялық құқығын, парламент мінбесін, бұкаралық акпарат құралдарын пайдаланады. Белгілі бір коғамдық пікір тудырып билеуші партияға сыртгай ыкпал жасайды. Мұндай саяси партияларды оппозициялық деп атайды. Олар басқарушы партияның саясатын сын көзбен бағалайды. Қоғамның даму бағдарламасын жасайды, баска мемлекеттермен карым-катынастарға ездерінің көзкарастарын білдіреді. Жалпы оларға қарсыластық қасиет тән келеді.
Жұмыс істеу жағдайына, заңның рұксат етуіне байланысты партияларды ресми, жартылай ресми, кұпия деп жіктейді. Егер қоғамдық-саяси өмірге катынасуына заң жүзінде рұксат етіліп, мемлекеттік тіркеуден өтсе, ол ресми партия болып саналады. Ол жұмысын ашық жүргізеді. Бірак формальды түрде рұқсат етілсе, оны толық танылды деуге болмайды. Біраз жағдайларда партияға сырттай мойындаған сыңай білдіріп, шын мәнінде, жұмысына шек қойып, кедергілер жасалады. Мұндай партияларды жартылай ресми деуге болады. Партиялар жиылып, партиялық жүйені кұрады. Сондықтан оларды жіктеудіңде мәні зор. Партиялық жүйе деп мемлекеттік мекемелерді қалыптастыруға шынымен мүмкіндігі бар, елдің ішкі және сыртқы саясатына ықпал ете алатын саяси партиялар жиынтыгын айтады. Ел ішінде қанша партиялар болуы және олардың қайсысы партиялық жүйеге енуі сол елдін тарихи дәстүріне, әлеуметтік-экономикалық шиеленістер сипатына, негізгі әлеуметтік күштердің арасалмағына байланысты. Билік үшін күреске қатысып жүрген саяси партиялардын саны жағынан олар көппартиялық, екіпартиялық және бірпартиялық болып топтастырылады.
Көппартиялық деп мемлекеттік билік үшін күрес барысыңда бірнеше саяси партиялардын әртүрлі мүдделері мен пікір алалығын пайдалана отырып басқару түрін айтады. Онда үш және одан артық партия қатысады. Бұл — адамзаттың коғамдық басқаруда ойлап тапқан өркениетті түрі. Дегенмен, орыстың белгілі саясатшысы Б. Чичерин айтқандай, көппартиялықтың өзіңдік жағымды және жағымсыз жактары бар. Жағымды жағына жататындары — онда саяси мәселелер жан-жакты каралады. Кемшіліктерді кешірмейтін оппозициялық партиялардың болуы үкіметті тиімді жүмыс істеуге мәжбүр етеді. Бюрократияның өрістеуіне тежеу салынады. Партиялы тәртіпке шақырады. Билікбасына кездей-соқ емес нағыз дарынды адамдардың келуіне мүмкіндік тудырады. Ұнамсыз жағына жататындар — өмірдегі көп мәселелерге өз партиясының тұрғысынан ғана қарайды. Бар ойы карсы партияны жеңуге арналып, ол жолда алдау-арбау, өсек-өтірік сияқты жат қылыктар мен тәсілдер пайдаланылып жатады. Дегенмен, қазіргі танда көппартиялық саяси өмірдің тәуір жетілген түрінің бірі болып танылады. Ондайларға Австрия, Бельгия, Дания, Ни-дерландыдағы көппартиялықты жатқызуға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет