Тақырыбы: «Біз не үйрендік?» Өткізген: iiсанатты тәрбиеші: Айтжанова Б. Ж. Атырау2014ж Білім беру саласы



Дата13.12.2016
өлшемі140,1 Kb.
#3723
№43 «Арман» балабақшасы

Білім беру саласы: «Қатынас»

Мектепалды даярлық №1 тобының балаларына ұйымдастырылған ашық оқу іс-әрекет: «Сауат ашу және жазу

негіздері»

Тақырыбы: «Біз не үйрендік?»

Өткізген: IIсанатты тәрбиеші:

Айтжанова Б.Ж.

Атырау2014ж

Білім беру саласы: «Қатынас»

Ұйымдастырылған оқу іс әрекет: «Сауат ашу және жазу негіздері»

Кіріктірілген білім салалары: Әлеуметтік орта, Таным, Шығармашылық

Тақырыбы: «Біз не үйрендік?»

Мақсаты: Балалардың жыл бойы алған білімдерін тиянақтау, сауат ашуға деген қызығушылығын арттыру. Сурет бойынша сөйлемдер құрау арқылы байланыстырып сөйлеуге үйрету, әңгіме құрастыру. Сұрақтарға жауап беріп өз ойын дұрыс жеткізе білуге баулу. Балалардың сөзді ести білу және есте сақтай алу қабілетін, тіл байлығын, ой өрісін, логикалық ойлауын дамыту. Жазуға қолдарын жаттықтыру.

Методикалық әдісі:

1.Д/О «Кім білгіш»

2.Д/О: «Тез ойла, сөз ойла»

3. Д/О: «Қандай әріптер тығылды?»

4.Әліппе-дәптермен жұмыс, графикалық диктант.

5.Сызба бойынша сөйлем құрастыру.

6.Мәтін оқу.

7. Сурет бойынша әңгіме құрастыру.

8.Ән «Біз мектепке барамыз»

Оқу іс әрекетінің көрнекілігі: Суреттер, интерактивті проектор, әліппе-дәптер, қарындаштар.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Ізденуші, ұйымдастырушы

Рефлексивті коорекциялаушы


Шаттық шеңберін ұйымдастыру.

-Балалар төрімізге көптеген қонақтар келіпті. Келген қонақтармен амандасайық.

-Көңіл күйіміз қалай?

- Ендеше осындай жақсы көңіл күйімізбен іс-әрекетімізді ойынмен бастайық.

Д/О: «Кім білгіш?» Ойын шарты:Дауысты дыбыстарды атағанда қолдарың жоғары көтеріп шапалақтайды, ал дауыссыз дыбыстарды атағанда тізелерің соғып шапалақтайды.

Балалар осы дыбыстар, сөздер, сөйлемдерді қай іс-әрекетінде ажыратуды үйрендік.

Ендеше әрі қарай ойынымызды жалғастырайық. Экранға көңіл аударайық. Әдемі суреттерге назар салайық.

Д/О: «Тез ойла,сөз ойла»

Ойын шарты: тәрбиеші бір дыбысты ауада жазып көрсетеді, балалар сол дыбысты тауып, сол дыбысқа сөз ойлайды.

Д/О: «Қай әріптер жоғалды» Ойын шарты: шатасқан әріптерді тауып, ажыратып жазу.

Сергіту сәтін өткізу.

Қиынсынып қашпаймыз, Шынығамыз жастай біз. Көңілді әуен сазымен, Жаттығуды бастаймыз. Иілеміз оңға бір, Иілеміз солға бір. Қолды жоғары көтеріп, Қолды төмен түсіріп, Терең тыныс аламыз.

Әліппе дәптермен жұмыс жүргізу.

Графикалық диктант жүргізу.

Ойын шарты: Белгіленген нүктеден бастап графикалық диктант жүргізе отырып, Н әрпін шығру. Нүктеден оңға 2 тор көз, төменге қарай 4 тор көз, оңға қарай 2 тор көз, жоғары қарай 4 тор көз, оңға қарай 2 тор көз, төменге қарай 10 тор көз, солға қарай 2 тор көз, жоғары қарай 4 тор көз, солға қарай 2 тор көз, төменге қарай 4 тор көз, солға қарай 2 тор көз, жоғары қарай 10 тор көз.

Н дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасау.

(Нан, нағашы, немере )

Сызбаға сәйкес үш, төрт, бес сөзден тұратын бірнеше сөйлем құрастыру. Сұраулы, лепті, хабарлы сөйлемдер құрастыру.

Мәтін оқу.

Сурет бойынша әңгіме құрастыру.

Сурет бойынша балабақша ауласы және өз отбасы жайлы әңгімелету бойынша көп сөздер қолданып сөйлем құрату.

Ән «Біз мектепке барамыз»




Балалар шаттық шеңберінде тұрып келген қонақтармен амандасады. Күннің көзі ашылып Көкте шуақ шашылып, Құтты қонақ келіпті, Төрімізге еніпті. Амандасу үлкенге Тәрбиенің басы ғой, Ал кәнекей бәріміз Сәлем дейік үлкенге.

Көңіл күйіміз өте тамаша.

Балалар ойынды қызығушылықпен, белсенділікпен ойнайды.

Сауат ашу іс-әрекетінде.

Балалар ойынды қызығушылықпен ойнайды. Шатасқан әріптер тауып, жазады.

Балалар өлең жолдарымен сергіту қимылын жасайды.

Балалар зейін қойып тыңдай отырып белгіленген нүктеден графикалық диктант жүргізе отырып Н әрпін шығарады.

Сөздерге дыбыстық талдау жасайды.

Балалар сызба бойынша сөйлем құрастырады.

Балалар сурет бойынша әңгіме жүргізеді.

Мына суретте балабақша ауласы. Балабақша ауласы үлкен, әрі таза. Айналада жап-жасыл боп ағаштар өсіп тұр. Балалар тәрбиеші апайлармен далаға серуенге шықты. Тәрбиеші апай балаларға неше түрлі ойындар ұйымдастырып ойнатып жүр. Маған өзімнің балабақшам ұнайды. Біз енді балабақшамен қоштасып, күзде мектепке барамыз. Мен өз балабақшамды, тәрбиеші апайларымды, достарымды ұмытпаймын.


Күтілетін нәтиже!

Білуі: Дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажырата білуі, дыбыстарға сөз ойлауы.

Меңгеруі: Сурет бойынша сөйлемдерді құрау арқылы байланыстырып сөйлеуге үйренуі және әңгіме құрастыруы.

Жасай алуы: Ойындарға белсене қатысуы. Графикалық диктант жүргізе алуы

№43 «Арман» балабақшасы



Білім беру саласы: «Таным».

Ортаңғы № 3 топ балаларына ұйымдастырылған ашық оқу іс-әрекеті: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру.
Тақырыбы:
Д/О: «Кім көп біледі?»

Өткізген: II санатты тәрбиеші

Айтжанова Б. Ж.

2014-2015оқу жылы

Технологиялық карта №__8__

Айы: Қазан аптасы: IV күні: 28.10.14

Тақырыбы: Д/О: «Кім көп біледі?»

Білім беру саласы: «Таным»

Ортаңғы № 3 топ балаларына ұйымдастырылған ашық оқу іс-әрекеті: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру.

Мақсаты: 3 саны мен цифры туралы өткенді пысықтау; цифрды заттың санымен сәйкестендіруді жалғастыру; 1,2,3 цифрларын дұрыс жазу дағдыларын қалыптастыру; өзіне таныс заттарды биітігіне (биік-аласа) қарай салыстырып, оларды сол белгілері арқылы салыстыру қабілетін дамыту; бір-біріне ұқсас екі затты салыстыру арқылы баланың зейінін дамыту.

Көрнекіліктер мен құралдар: заттық суреттер, ойынға қажетті материалдар.

Методикалық әдіс: 1. Д/О: «Сиқырлы заттар». 2. Д/О: «Қателеспей орналастыр». 3. Д/О: «Бұл қандай пішін?». 4. Сергіту сәті. 5. Дәптермен жұмыс.


Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Ұйымдастырушылық- ізденістік



Балаларды ортаға шақырып, Д/О: «Кім көп біледі?» ойынын ұйымдастыру.

Тәрбиеші:

-балалар үстелдің үстінде ғажайып қорап тұр. Оның ішінде неше түрлі сиқырлы ойыншықтар бар?

Д/О: «Сиқырлы заттар»

Ойын шарты: қорап ішіндегі ойыншықтың біреуін алып сипаттап әңгімелеу.
Д/О: «Қателеспей орналастыр»

Ойын шарты: үстел үстіндегі ойыншықтарды топтастыру. Топтастырылған ойыншықтарды санау, олардың ойыншықтық санын сан атауымен сәйкестендіріп, айта білуін қадағалау.


Сергіту сәтін өткізу.


Бойынды тік ұстап,

Емін еркін тыныста.

Деміңді ішіне тез алда

Оң қолынды соз алға.

Сол қол босқа тұрмасын

Шеңбер жасап

Секіріп, секіріп алайық
Дәптермен жұмыс.

1- тапсырма.

2,3 цифрлары қаншаны білдірсе, әр қатардағы сонша затты бояу.

2- тапсырма.

Фигуралардың санына сәйкес цифрды бастырып, жазу.

3- тапсырма.

Биік үйдің қасына аласа ағаштың, ал аласа үйдің қасына биік ағаштың суретін салу.

Үйлерді салыстыру. Биік- аласа. Кеңістікті бағдарлау.


4- тапсырма.

Қанша айырмашылық бар! Сонша дөңгелекті бояу. Суреттегі күшіктерді жақсылап қарап қандай айырмашылықтары бар екенін табу.

Сурет бойынша 4 айырмашылықты тауып және 4 дөңгелекті бояу.




Балалар келген қонақтармен амандасады. Жыл мезгілдерін, ай аттарын, апта күндерін атайды.

Санамақтар айтады.


Балалар тұрған қорапты қызықтап, ішіндегі заттарды танып, сипаттап айтады.
Балалар ойынды қызығушылықпен ойнайды. .

Балалар ойыншықтарды атауы мен санын сәйкестендіре отырып санайды.


Балалар өлең жолдарымен сергіту қимылдар жасайды.

Балалар берілген тапсырманы зейін қойып тыңдайды және орындайды. 2,3 цифрларына сәйкес келетін заттарды бояйды.
Суреттегі геометриялық фигураны санына сәйкес келетін цифрларды бастырып, жазады.
Балалар тапсырманы зейін қойып, тыңдай отырып биік үйдің қасына аласа ағашты, аласа үйдің қасына биік ағаштың суретін салады. Үйлерді салыстырады. Сол жақтаға биік үй, оң жақтағы аласа үй. Үйлердің түстері сары, шатыры қара.

Балалар суреттегі күшіктердің айырмашылықтарын тауып, 4 дөңгелекті бояйды.




Рефлексия (орындаған тапсырмалар негізінде қорытынды шығарып, кемшіліктерді жою)

Өзін өзі бақылау және өзі атқарға жұмысқа баға беру.

-Бойы биік үйдің қасына қандай ағаштың суретін салдыңдар?

Тәрбиеші балаларды мадақтайды.


Балалар өз жұмысын тірбиешінің қолындағы үлгімен салыстырады.


Күтілетін нәтиже

Нені білуі керек: 1, 2, 3 цифрларын, «биік», «аласа» түсініктерін;

Қандай түсініктерді игереді: екі суретті салыстырып, айырмашылығын таба білуді; өзіне таныс заттарды биіктігіне қарай (биік, аласа) салыстыруды; заттарды сол белгілеріне қарай біріктіруді;

Меңгерген дағдылары мен іскерліктерді қолдана алады:1, 2, 3 цифрларын заттың санымен сәйкестендіруді.

Картаны толтырған тәрбиеші: Айтжанова Б.Ж.

№43 «Арман балабақшасы»



Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта»

Мектепалды даярлық №1 тобына ұйымдастырылған ашық оқу іс-әрекеті: «Көркем әдебиет»



Тақырыбы: «Тоқтар батыр»

Өткізген: II санатты тәрбиеші

Айтжанова Б. Ж.

Атырау 2014 ж

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы:«Тоқтар батыр»

Мақсаты:Балалардың ғарыш әлемі туралы білімдерін кеңейту. Ғарышқа тұнғыш ұшқан қазақ Тоқтар Әубакіров ерлігін балаларға түсіндіру. Өлең жолдарымен таныстырып, шығарма мазмұнын түсіндіріп, кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалауға үйрету. Балаларды батылдыққа, төзімділікке, еліне адал азамат болуға тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс айлақ, күн жүйесі ғаламшар.



Көрнекі құралдар: слайд, бейне таспа, суреттер.

Методикалық әдpісі:

1. Д/О «Кімнің құралы»

2. Д/О: «Өскенде кім болам»

3. Тыныштық сәті.

4. Т. Молдағалиевтің «Тоқтар батыр» өлеңін оқу.

5. Ойын «Ғарыш кемесін» құрастыру.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Ізденуші, ұйымдастырушы.

Рефлексивті коорекциялаушы


Шаттық шеңберін ұйымдастыру. Көңілді әуен ойналып балалар ішке кіреді. –Балалар қандай әдемісіңдер, көңілдісіңдер. Осындай көңілді күйімізбен келген қонақтармен амандасайық.

-Балалар бүгінгі оқу іс-әрекетімізді ойынмен бастайық.



Д/О: «Кімнің құралы» Ойын шарты: Ғажайып қорап ішінде әр түрлі мамандықтың құралдары бар. Сол құралдардың біреуін алып кімнің құралы екенің әңгімелеп беру.

Д/О: «Өскенде кім болам» Ойын шарты: Балаларға болашақта қандай маман иелері болатындығын және елге қандай пайда келтіретіндіктерін әңгімелеу.

Жұмбақ жасыру:

Ұшады қанатсыз, Зырлайды аяқсыз.

(зымыран)

-Бейне таспадан аспан әлемін көрсету.

Тәрбиешінің түсіндіруі

-Байқоңыр-ғарыш алаңы Қызылорда облысы Қармақшы ауданының аумағында орналасқан. Бойқоңырда 1961 жылы 12 сәуірде адамзат тарихында тұңғыш рет Ю. А. Гагарин «Востон» ғарыш кемесімен ғарышқа аттанады. Айды, Марсты және Шолпанды зерттеуге арналған ғарыш апараттары бар, зымырандар да Бойқоңырдан аттандырылады. Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғаннан кейін, қазақ елінен ғарышкерлер ғарышқа ұшты. 1991 жылы 2 қазанда тұңғыш қазақ ғарышкері Т. Әубакіров ғарыш кемесімен Байқоңырдан ғарышқа көтеріледі. Ресеймен бірлескен бағдарлама бойынша қазақ ғарышкері Т. Мұсабаев ғарышқа екі рет (1994ж -1998ж) болып зерттеу жұмыстарын жүргізді.

Сөздік жұмысын жүргізу.Айлақ- ғарышқа ұшуға арналған қолайлы алаң. Ғарыш-аспан әлемі, космос Ғаламшар-Күнді айналатын күннен жарық пен жылу алатын үлкен аспан денелер. Күн-әлемге жарық қызу беріп тұратын жұлдыз. Оның жүйесінде Жер, Марс, Меркурий сияқты ғаламшар бар.

Тыныштық сәтін өткізу. баяу музыка әуені ойналады.

-Балалар көзімізді жұмып, терең тыныстайық. Денелерімізді еркін ұстап көз алдымызда аспан әлемін елестетейік.

-Біз ұшақта отырмыз, жаймен аспанға көтерілейік, аспанға көтерілдік.

-Біз қалықтап ұшып жүрміз, ұшып жүрміз, жерге жаймен қонамыз, жерге қондық.

-Көзімізді ашайық. Көңіл-күйлерін қалай болды?

Авторы Т. Молдағалиевтің «Тоқтар батыр» өлеңін мәнерлеп оқу

Айналады бір сенен, Есімінді білсе әлем. Ғарышқа ұшқан қазақтың, Тұңғышына бір сәлем! Қабанбайдың ұланы, Бөгенбайдың қыраны. Айтылатын мәңгілік, Қазағымның жыр әні.

Сергіту сәтін өткізу. Қиынсынып қашпаймыз, Шынығамыз жастай біз. Көңілді әуен сазымен, Жаттығуды бастаймыз. Иілеміз оңға бір, Иілеміз солға бір. Қолды жоғары көтеріп, Қолды төмен түсіріп, Терең тыныс аламыз. Ойын: «Ғарыш кемесін» құрастыру. Ойын шарты: қиылған қағаз қиындыларымен ғарыш кемесін құрастыру.

Қорытынды

-Қазақ халқының алғаш ғарышқа ұшқан ғарышкердің аты кім?

-Ғарышқа ұшу үшін қандай болу керек.

-Өскенде ғарышкер болғың келе ме?



Балалар шаттық шеңберінде тұрып келген қонақтармен амандасады. Күннің көзі ашылып көкте шуақ шашылып, құтты қонақ келіпті, төрімізге еніпті. Амандасу үлкенге тәрбиенің басы ғой, ал кәнекей бәріміз сәлем дейік үлкенге.

-Сәлеметсіздер ме апайлар!

Балалар ойынды қызығушылықпен ойнайды.

-Бұл айна, тарақ, қайшы шаштаразшы мамандығының құралы. Шашымды тарап, әдемелеп қиып, сәндеп береді.

Балалардың үлгі жауабы -Мен болашақта құрылысшы болғым келеді. Әдемі зәулім үйлер, балабақшалар мен мектептер салуға өз үлесімді қосқым келеді.

-Мен өскенде дәрігер болғым келеді. Ауырып келген адамдарды емдегім келеді.

Балалар жұмбақтың шешуін табады.

Тәрбиешіні тыңдайды. Сұрақтар қояды, сұрақтарға жауап береді, бір-бірінің жауаптарын толықтырады.

Балалар көздерің жұмады, терең тыныстайды. Денелерін еркін ұстайды. Көз алдарыңа аспан әлемін елестетеді.

Балалар өлеңді зейін қойып тыңдайды, бірге қайталап жаттайды. Өздері білетін ғарыш, ғарышкер туралы өлең шумақтарын айтады. Арман қуып жасынан, Көктен көзін алмаған. Ұшқыш болды жас ұлан, Аспанда еркін самғаған. Сапарға енді ғажаптың, Тоқтар тартты алысқа. Туған ұлы қазақтың, Тұнғыш ұшты ғарышқа.

Балалар өлең жолдарымен сергіту қимылын жасайды.

Балалар ойынды қызығушылықпен белсенділікпен ойнайды.



Балалар қойылған сұрақтарға жауап береді.


Күтілетін нәтиже

Білуі: Байқоңырдан зымырандар ғарыш әлемін зерттеуге ұшыратындылығын білуі.

Меңгеруі: Білімді, денсаулығы мықты адам ғана ғарышкер болатындығын білу.

Жасай алуы: Ғарыш әлемі туралы ойын тиянақты жеткізе білу.

Каталог: 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Хромтау қаласы №6 Хромтау гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Кысырауова Шынар Андебековнаның
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Сабақ тақырыбы: Қазақстандықтардың Мәскеу,Ленинград,Сталинград шайқастарына қатысуы. Сабақтың мақсаты
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Сабақ №3 Мәртөк орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Сабақ Тақырыбы: Қазақ жеріне терме,жырлары кеңінен тараған ақын Әбубәкір Кердері Боранқұлұлының "Досқа насихат"термесі
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Жетім. М.Әуезов Сабақтың мақсаттары


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет