Тақырыбы: «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» тәрбие сағаты
Тарих пәнінің мұғалімі: Иманова Айсулу Айтбаевна
Мақсаты: “Сыбайлас-жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру.
Өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту. Өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту
Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу. Патриоттық тәрбие қалыптастыру
Көрнекілігі: плакат, кітаптар, видео
Өткізудің нысаны:Тәрбие сағаты
Өткізудің технологиясы мен әдістер: Пікірталас, сұхбат, құқықтық ақпарат
Барысы:
1.Ұйымдастыру Көрме ұйымдастыру:
«Жемқорлық – ғасыр дерті» атты сурет иллюстрациясы
2.Кіріспе сөз: А. ИмановаСалеметсиздер ме құрметті ұстаздар мен оқушылар. Бүгінгі тәрбие сағатымыз сыбайлас жемқорлық тақырыбына арналған. сыбайлас жемқорлық жергілікті проблема болудан қалып,ұлт шегінен тысқары құбылысқа айналғаны, оның қоғамды және барлық елдердің экономикасын қамтып отырғаны белгілі.
Мектебімізде Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды насихаттайтын,тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруға жәрдемдесетін және қатысатан «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубы құрылған. Клуб сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім; сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпарат және шығармашылық; мәдени-көпшілік іс-шаралар өткізу бағытында жұмыстарды атқаруда.
Сыбайлас жемқорлық туралы түсінік беру: А. ИмановаҚазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңынна сәйкес жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестiрiлген адамдардың, лауазымды адамдардың өздерінің лауазымдық (қызметтік) өкiлеттiктерін және соған байланысты мүмкiндiктерiн жеке өзi немесе делдалдар арқылы жеке өзіне не үшінші тұлғаларға мүлiктiк (мүліктік емес) игiлiктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты игiлiктер мен артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды параға сатып алу деп түсініктеме берілген.
1-жүргізуші: Сәлеметсіздер ме құрметті ұстаздар мен оқушылар. «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» атты ашық тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер!!!
2-жүргізуші: тәрбие сағатымыздың мақсаты оқушыларды адал жолмен жүруге, адалдыққа үйрету. Сыбайлас жемқорлық туралы қысқаша мағұлматтар беру. Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу.
1 топ: Оң қанат –жақтаушы және 2 топ: Сол қанат-даттаушы пікірталас өткізу. Ең күшті аргументтер келтірген топ жеңіске жетеді. Бейнежазба көрсетіледі
Олай болса 2 топқа тапсырма: оң қанат-«Сыбайлас жемқорлықты қоғамда жою мүмкін» сол қанат «Жоқ ,сыбайлас жемқорлықты қоғамда жою мүмкін емес» тақырыбына жақтайтын және даттайтын аргументтер беру тапсырылады.
1-жүргізуші: Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны анық.
2-жүргізуші: Сыбайлас жемқорлық - бұл ғаламдық мәселе, одан әлемнің бірде-бір мемлекеті, бірде-бір саяси жүйе, бірде-бір саяси тәртіп қорғалған емес. Сондықтан, бұл індетке бірлесе қарсы тұруымыз керек.