Тақырыбы: «Біздің Елбасы» Безендірілуі: Мектеп залын түрлі-түсті шарлармен, жалаушалармен безендіру. Мақсаты: 1



бет2/2
Дата02.07.2018
өлшемі0,69 Mb.
#46043
1   2

2-Жүргізуші: 10-желтоқсанда Қазақ КСР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев біздің мемлекетімізге Қазақстан Республикасы атауын беру туралы заңға қол қойды. Ел атауын өзгерту өмірдегі өзгерістер болып жатқан жаңа тарихи кезеңде республика азаматтарының өркениетті демократиялық қоғамды таңдағанын білдірді.

1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Жоғарғы сессиясы «Тәуелсіз демократиялық және құқылық мемлекет» деп жариялады.

1992 жылы 4-маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер Елтаңба, Ту, Әнұран бекітілді.

1-Жүргізуші: 1996 жылы 30 тамызда «Қазақстан Конституциясына 1 жыл» толды. 17 желтоқсанда Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 5 жылдық мерекесі атап өтілді. Бұл күні Алматының орталық алаңында «Тәуелсіздік» ескерткіші ашылды.

Астана-ҚР-ның саяси, әкімшілік және мәдени орталығы. Елбасы-Н.Назарбаевтың жарлығына сәйкес 1997 жылы мұнда бұрынғы астанамыз Алматыдан Республиканың басшы орындары Президент кеңесі, ҚР-ның Үкіметі және Парламент көшіп келді. Еліміздің басқару жұмыстары осы жерден жүзеге асырылады.

1998 жылы 10-маусымда жаңа астананың ресми тұсау кесері болды. Қала Есіл өзенінің оң жағалауында Сарыарқаның солтүстік бөлігінде орналасқан.

Келесі кезекте әсем әнге кезек берсек.

Ән: «Қазақстан»

Орындайтын:5-сынып оқушысы Әліпбай Мерей.

2-Жүргізуші: «Осы тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді сезінеміз»,-дей отырып,келесі кезекте оқушыларымыздың Елбасымызға арналған жыр-шумақтарына кезек берсек.

4-оқушы: Арыстанбек Мейіржан

Елбасымыз жолдайды, Халқы оны қолдайды.

Ешқашанда орынсыз, Шешімдері болмайды.

Елбасы елді қорғайды,Халық қамын ойлайды.

Осындай жақсы адамның,

Жақсылығы тарайды.

Тәуелсіздікті елге сыйлайды,

Бейбітшілікті қалады.

Орындалып арманы, Халқымызда ажарлы,

Осының бәрі әрине, Елбасының арқасы.



5-оқушы: Бегалы Бейбарыс

Ауыр күнді артымызға тастауы-

Қиын сәтті қиындықтан қашпауы.

Тілім,дінім,ұлтым қайта көгерген

Елбасымыз Нұрағаның бастауы

Туды ұстап тура жолға түсіріп,

Жас Отанның өмірін де түсініп,

«Елім жерім» деп ұрандап тайсалмай,

Бір керемет жасады-ау кісілік!

6-оқушы: Құрмантай Мейірман

Нұрсұлтанға рух берген кәрі тарих парағы,

Сіз бар жерде еліміз аман ,

Елдігіміз тұғырлы .

Отанымыздың болашағы ,

Бізбен-сіздің қолыңызда.

Аман болып,жүз жасаңыз,

Ел басқарған Нұраға.



2-жүргізуші: Ел тірегі - қайратым,
Абыройым, айбатым!
Отан даңқын асырдың,
Көк туымды жайнатып.
Бағымызға жүр аман,
Нұр сәулетті, Нұр аға!
Оянады көңілден қайдағы арман,

Келбетіңнен ізгілік нұр көрінген,


Бақыт желі ескендей жайлап алған.

Лебізіңнен ал арманы өрілген.

Президентім бар менің елі түгел,

Сенің арқаң - Қазақстан көркейіп,


Ақ киізге көтеріп сайлап алған.

Достық әні шарықтайды төрімнен!-деп келесі кезекті әуелеген әсем әнге береміз.



Ән: «Қазақтай ел қайда »

Орындайтын: 8-сынып оқушылары Иляс Нұрсұлтан мен Мақаш Тоқтар.
1-Жүргізуші:Тәуелсіздік, тәуелсіздік-жыр-әнім,

Көк Байрағым, Елтаңба, Әнұраным.

Атыңнан айналайын, Тәуелсіздік,

Қолда елімді қасиетті Құраным!

Ғасырлардан жаһұттай жиған қылық.

Жасасын тәуелсіздік, бейбітшілік!

Ел болып көтерілген шаңыраққа

Тілейміз бақыттылық, баяндалық!-дей отырып келесі сөз кезегін тәрбие ісінің меңгерушісі Шораева Назігай апайға сөз береміз.



2-жүргізуші:Оқушылар сапты түзеп, тік тұрыңдар! «Біздің Елбасы» атты мерекелік жиыннан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы тұғырға қайта қойылсын!

1-Жүргізуші: Н. Назарбаев – өзінің ерен еңбегімен, халқымен алға қойылған мақсат пен міндетті іске асыратын және елде және әлемде көлемді нәтижелерді көре алатын планетарлық деңгейдегі сирек және бақытты саясатшы.
Жылдар өтер, жүздеген, мыңдаған жылдар өтер, бірақ Қазақстан Республикасының Президенті Ұлт көшбасшысы Н. Назарбаев Қазақстан және жаһандық әлемнің тарихында, біздің еліміздің ұлы есімдері қатарынан өзінің лайықты және ерекше даңқты орнын алады.

2-жүргізуші. Тәуелсіз еліміздің аспаны ашық, елі аман, жұрты тыныш болсын, ел басқарған Елбасымыз аман болсын! Еліміздің болашағы, жас ұрпақ, сендердің қолдарыңда. Сондықтан елдің, халықтың қамын ойлайтын азамат болыңдар дегіміз келеді. Бүгінгі кешімізді Елбасының мынадай сөзімен аяқтағым келіп отыр: «Еліңнің ұлы болсаң, еліңе шын жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың жалғыз ұлттық мемлекетінің көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет, елдің де, жердің де иесі екеніңді ұмытпа»,-деп бүгінгі кешімізді аяқтаймыз. Көріскенше күн жақсы болсын !

Каталог: uploads -> doc -> 0bfa
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0bfa -> Сабақтың мақсаты: Дәстүрлі емес сабақ түрінде оқушы белсенділігін арттыру, өз-өзіне баға беру
0bfa -> Сабақтың тақырыбы: Ғ. Мүсіреповтің өмірі мен шығармашылық қызметі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет