Тақырыбы: Бұл палата Латын әліпбиіне көшу тиімді деп санайды №1 Үкімет басшысы



бет3/3
Дата11.01.2022
өлшемі19 Kb.
#111054
1   2   3
Байланысты:
Латын әліпбиі -

Оппозиция мүшесі: Латын графикасына бүкіл Қазақстан, еліміздегі барлық басылымдар, барлық ұлт өкілдері бірлесіп көше ме, жоқ, немесе жалғыз қазақ тілі ғана бет бұра ма?» деген сұрақ алдымызды орады.

Қазіргі таңда елімізде, қазақ тілінде 500-дің арғы, бергі жағында ғана газет-журнал бар екенін, оның 300-і тек Шымкент қаласынан шығатынын көп адам біле бермеуі мүмкін. Латыншаға көшкеннен кейін ол басылымдардың таралымы күлкілі жағдайға дейін құлдырап, күрт төмендейді. Республикамызда 2500-ге жуық баспасөз тек орыс тілінде жарық көреді. Бұған қоса Ресей Федеративтік Республикасынан Қазақстанға жыл сайын 5 жарым мыңға жуық газет-журналдың келіп таралуы және Қазақстан қалаларындағы кітап дүкендерінің бәрінде дерлік 80, 90, 95, 100 пайызға дейін тек Ресей баспаларының өнімдері сатылуы, қазақ тілді қауымды «Осы біз Қазақстанда тұрамыз ба, жоқ әлде Ресей құрамына еніп кеттік пе?» деген ой көп жылдан бері мазалауда. Республикамызда жалғыз қазақ тілінің ғана латыншаға көшуі, туған тілімізде оқып, жаза алмайтындардың санын күрт көбейтіп, кириллицаның бағын одан сайын жандыра түсетіні күмәнсіз.

Қазір қазақ халқының 60 пайызы өз тілінде оқи алмайды, жаза алмайды. Егер латын әліпбиіне көшсек, жаңағылардың бәрі шетте қалады. Қазақ түгелдей екіге бөлінеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет