Тақырыбы: Бұл палата Латын әліпбиіне көшу тиімді деп санамайды
Оппозиция лидері:Біз Қазақстан Республикасын Латын әліпбиіне көшуін тиімсіз деп есептейміз.
Үкіметтің айтқан сөзіне қарсылық білдіргім келеді.
Кейбіреулер латынға өтсек өркендеп, елдің алдына шығатындай көріп Өзбекістан, Әзірбайжан, Түрікменістандар көшті, бізге де көшу керек дейді. Біз алдымен дәл солардай өз Ана тілімізді төрге шығара алдық па? Орталық, Солтүстік, Шығыс Қазақстандағы орыс мектептерін не істейміз? Қазақтың Мемлекеттік тіліне жол бермей сіресіп отырған орыс тілді билікті не істейміз? Ол жерлердегі қазақ балаларының орыс мектептеріне бармасына қандай кепілдік бар? Орыс тіліндегі сұраққа мемлекекттік тілде жауап бергендерді жұмыстан шығарып жүргенімізде, бір латынға өтпек түгілі, он латынға өтсек те бұл мәселе оң шешімін таппайды.
Сол өткен елдердің қандай рухани байлыққа кенелгенін неге сараламаймыз? Соңғы кездері сол елдерден әлемді таңдандырған Ұлы Ғұламалар неге шықпай жатыр? «Тектіден текті туады» дегендей Ата тарихтан сусындамаған ұрпақтың қолынан ондай дүниелер келмейтініне қандай дау бар? Демек, латын графикасы Біздің ұлттық санамыздың өсіп-өркендеуіне қызмет жасайды деп ойлаудың өзі ақылға симайды.
Латын тіліне өткен елдердің тапқан пайдасы, Ата тарихынан мақұрым қалып, айдаған жаққа «жел айдаған қаңбақтай болып, домалай беретін жаңа ұрпақ» пайда болады
«Әліппе ауыстыру адамның санасын жөнге келтіреді» деп жатады. Бұл жағдай керісінше, әліппе ауыстыру білімге емес санасыздыққа жетелейді. Қазақша терминдер (сөздер) жойылып оның орнына шетелдің түсініксіз терминдері (сөздері) ешбір өзгертусіз, сол қалпында қабылданып, қазақтың сөздік қорына енетін болады.
Әңгіменің ашығын айтқанда латынға көшу Қазақстанға орасан зор шығын алып келеді. Барлық атауларды да, терминдерді де, барлық құнды қағаздар (ішінде теңге де бар) мен іс-қағаздарын түгел ауыстырып, өзгертуге тура келеді. Ол үшін балабақша тәрбиешілерінің, мектеп мұғалімдерінің, өзге де оқу орындары оқытушыларының жаңа корпусын дайындап, материалды-техникалық базасын жасау қажет болады. Демек, әліпби ауыстыруға миллиондаған емес, миллиардтаған қаржы қажет болады.
Тәуелсіздік алған соңғы 25 жылда Қазақтың өткен Ұлы тарихы жайлы сан миллиондаған кітаптар, миллиардтаған ғылыми еңбектер мен мақалалар жазылды. Тіпті, шетелдердегі Қазақтың өткен тарихы жайлы қаншама деректер елге әкелініп, мемтілге аударылды. Енді осылардың бәрі латын тіліне аударылады және олар түпнұсқаға сай болады дегенге кім сенеді? Сонда осылардың бәрі кім үшін, не үшін жасалды? Латыншаға ауысқан Өзбекстан мен Әзірбайжан республикаларының қаншама ғылым, әдебиет, өнер қайраткерлері бізге осы мәселе төңірегінде өз өкініштерін білдіруде.
Достарыңызбен бөлісу: |