Жүкті әйелдер он екі аптаға дейін есепке тұрғандары дұрыс. Себебі, он екі аптада баланың жолдасы қалыптасатын уақыт. Бала жолдасы қалыптасқанға дейін, жүкті әйел осы жүктілікті сол ағзамен көтеріп, тоғыз айға дейін жеткізіп, жақсы аяқтай ала ма, жоқ па, соны белгілеп шешуі керек. Егер ол әйелдің жүрегінде ақау немесе миында өзгерістер кездессе, біз оны бақылауға аламыз. ҚР Денсаулық сақтау министрінің №626 бұйрығына сәйкес жүктілікті қалдыру немесе үзу сұрағы осы аталған он екі аптаға дейін шешілуі тиіс. Сондықтан жүкті әйелдерді 11-12 аптасында тіркеуге міндеттеп шақырамыз. Бұл бір жағы. Ал екінші жағы қазір бізде биохимиялық генетикалық скрининг бар, яғни 10 мен 13-інші апта төрт күнге дейін іштегі баладағы туа пайда болатын ақаулар бар ма, жоқ па, соны қан арқылы тексеретін аппарат. Бұл генетикалық деңгейде тексеретін анализ. Хромосомалардағы қандай да бір өзгерістердің бар-жоғын, айталық дауна, одан кейін эдвардс синдромы секілді генетикалық ауруларды анықтайды.
Жүктіліктің бастан-аяқ сәтті аяқталуы үшін әйел алдымен он екі аптаға дейін тұрғылықты жеріндегі емханаға барып тіркелгені жөн. Ол жерде жүкті әйелге аймақтық терапевт, аймақтық терапевтің екі мейірбикесі, аймақтық гинеколог, аймақтық гинекологтың акушеркасы және аймақтық педиатр, оның екі мейірбикесі, бір әлеуметтік қызметкер және бір психолог әлеуметтік медициналық көмек көрсету керек. Яғни оны біз антенатальды күтім деп атаймыз. Іштегі баланың күтімі деген сөз. Әйел есепке тұра сала, барлық жүкті әйел тапсыру керек міндетті анализдерді уақытылы тапсырады. Көбінесе жүкті әйелдерде кездесетін жүктілік анемиясының немесе экстрагенитальды ауруларының қай деңгейі екенін анықталып, уақытылы дер кезінде ем беріледі. Үшінші, өзіне керекті мамандардың кеңесін алады. Егер кейбір мамандар бізде жоқ болса немесе денсаулығына байланысты күмәнданған жағдайда облыстық деңгейдегі мамандардың кеңесіне дейін жолдама арқылы жібере алатын мүмкіндігі бар. Бұл да ана күтімі деп есептеледі.