Тақырыбы: Босану жасындағы әйелдер үшін медициналық және әлеуметтік кеңес беру

бет1/5
Дата12.12.2023
өлшемі64,49 Kb.
#196534
  1   2   3   4   5
Байланысты:
№6 сим сабақ 2

Тақырыбы: Босану жасындағы әйелдер үшін медициналық және әлеуметтік кеңес беру.
Оқытушы:Көшкінбаева М.Т.
Шымкент қ. ДСБ ШЖҚ «Жоғары медицина колледжі» МКК Қолданбалы бакалавр біліктілігімен «Мейіргер ісі-2” бөлімі

Босану жасындағы әйел баласы үшін 15 пен 49 жас мөлшерін белгілеп алатын болсақ, осы жастағы жүктілік кезінде көбінде олардың экстрагенитальды аурулары асқына түседі. Экстрагенитальды аурулар дегеніміз не? Олар жүкті әйелдің бойында бұрыннан бар бүйрек, жүрек, асқазан-ішек жолдары аурулары немесе буын аурулары, соның салдарынан бала көтерген уақытта әлгі дерттің өрши түсуі. Өкінішке қарай, сондықтан жалпы біздің халықтың денсаулық көрсеткіші төмен деп айтсақ да болады.

Әрбір әйел өзінің денсаулығына бей-жай қарамай, ұқыпты күтінсе болды. Яғни, әйел баласы бала көтерердің алдында өз денсаулығы туралы толық мәліметі болуы керек. Дәрігерге бір тексеріліп барып және босану алдындағы дайындықтан өтуі керек. Қазір біздің дәуір техниканың алға жылжып, жаңа инновациялық технологиялардың жетілген заманы. Солардың көмегімен қанның анализі, бүйректің және асқазан-ішек жолдарының қызметін білу үшін барлық тексеруден мұқият өтсе болғаны. Негізі босану жасындағы әйел денсаулығына қатысты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 3 шілдедегі № 452 бұйрығы бар, бұл «жүкті, босанатын, босанған әйелдерге және ұрпақты болу жасындағы әйелдерге медициналық көмекті жетілдіру шаралары» деп аталады. Осы бұйрықтың негізінде әлгінде айтылған әйел баласы егер бала көтеремін десе, ол жүкті болар алдындағы дайындықтан өту керек. Ол жерде әйел міндетті түрде жылына бір рет өзінің аймақтық терапевтіне келіп тексерілуі қажет. Мұнда ол қанның, зәрдің жалпы анализі, індетті ауруларға тексеріліп, одан кейін бір рет гинекологтың қарауына барады.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5

©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет