ЖАТЫР МОЙНЫНЫҢ ЖЫРТЫЛУЫ
ЕМІ.Жыртылған жерге тігіс салу.Бірінші тігісті жоғарғы бұрышына жыртылған жерден 1-2см жоғары салады және тігісті салғанда жатыр мойнының шырышты қабатын тікпейді
ЖАТЫРДЫҢ ЖЫРТЫЛУЫ.
Жатырдың жыртылуы деп жатыр қабырғаларының бүтіндігінің бұзылып, жыртылуын айтады. Егер жатырдың барлық қабаты жыртылса,оны жатырдың толық, ал егер шырышты не бұлшықет қабаттары жыртылса жартылай жыртылуы деп атайды
Жатырдың жыртылуы ең ауыр жарақат,оның жиілігі 0,005%-0,1% жалпы босанған әйелдер арасында.И.Ф.Жорданияның мәліметі бойынша бұл көрсеткіш-1000босанушылар арасында бір жатыр жыртылуы кездеседі(1960)
СЕБЕБІ. Бұл ақаудың негізгі себебін түсіндіретін екі көз қарас бар.
Бандль (1875)жатырдың жыртылу механизмін түсіндіру үшін,өзінің механикалық теориясын ұсынды.Бұл теория бойынша нәрестенің бас өлшемі әйелдің жамбас өлшемдеріне сәйкес келмегендіктен,жатырдың жиырылу қасиеті бұзылып,оның төменгі сегменті қатты созылып,жұқаланып жыртылады.Бұл жағдай көбінде тар жамбаста,құрсақтағы нәресте ірі болса,көлденең немесе қиғаш жатса,нәресте басы шалқая орналасқанда кездеседі.
Я.Д.Вербов (1911ж)жатырдың жыртылу механизмінің себебін-жатыр қабырғаларының қабынып дегенерациялық-дистрофиялық өзгерістерге ұшырауынан деп түсіндірді.Мұндай қабыну кесар тілігінен кейінгі тыртықта,сондай-ақ жасанды түсіктерден кейін және жыныс мүшелерінің дамып жетілмеуінде жиі кездеседі.
ЖАТЫРДЫҢ ЖЫРТЫЛУЫНЫҢ ЖІКТЕЛУІ.
Мезгіліне қарай жыртылуы.
1.Жүктілік мезгілінде.
2.Босану мезгілінде.
Этиологиясы мен патогенезіне байланысты.
1.Өздігінен жыртылуы.
2.Күшпен жыртылуы.
3.Аралас жыртылуы.
Орнына қарай жыртылуы:
1.Түбі
2.Денесі
3.Төменгі сегмент
4.Жатыр мойнының үшінші дәрежелі жыртылуы,жатырдың қынап күмбезінен бөлінуі.
Көлеміне қарай жыртылуы.
1.Толық жыртылуы.
2.Жартылай жыртылуы
Клиникалық ағымына қарай
1.Жыртылу қауіпі
2.Жыртылудың басталуы
3.Жатырдың жыртылуы
4.Кесар тілігінен кейінгі тыртықтың ажырауы.
ЖАТЫРДЫҢ ТОЛЫҚ ЖЫРТЫЛУЫ
ЖАТЫРДЫҢ ЖАРТЫЛАЙ ЖЫРТЫЛУЫ
ЖАТЫРДЫҢ ЖЫРТЫЛУ ҚАУІПІ Бандельдің механикалық теориясына сай клиникалық белгілермен сипатталады.
КЛИНИКАЛЫҚ БЕЛГІЛЕРІ Қатты ауырсынулы толғақ,жатырдың сырт пішіні ұзынша,оның түбі қисаяды,төменгі сегменті созылып,жұқарып қолмен ұстағанда ауыртпалы.Контракциялы сақина өте жоғары,қисық тұрады.Жатыр мойны,қынап қабырғалары,аралық,сыртқы жыныс мүшелері домбығып ісінеді.Жатырдың жұмыр байламы ауыртпалы.Әйелдің кіші дәретке отыруы қиындайды.Әйелдің күшену қарқыны нәтижесіз.Нәрестенің жүрек соғысы нашарлайды.
ЕМІ.Жатырдың жыртылу қауіпінде анаға жедел жәрдем көрсетіліп,кесар тілігі арқылы босандырады.
ЖАТЫРДЫҢ ЖЫРТЫЛА БАСТАУЫ
Бұл ауытқуда жоғарыда жатырдың жыртылу қауіпінде аталған белгілерге қосымша:босану жолдарынан қан аға бастайды;зәрге қан араласады,нәресте қысылып тұншығады,ауру сезімі қатты артып,әйелде қорқыныш үрей пайда болады.
Жатыр толық жыртылғанда қатты айғайлап жатқан әйел тынышталып,толғақ сап тоқтайды,босану жолдарынан қан кетеді,нәрестенің жүрек соғысы естілмейді,геморрагиялық шоктың белгілері пайда болады,жатырдың пішіні өзгереді,нәресте іш перде қуысында анықталады.
ДӘРІГЕРЛІК КӨМЕК жатырдың жыртыла бастауында және жатыр жыртылғанда бірден ампутация немесе экстрипация жасайды.
ЖАТЫР ТЫРТЫҒЫНАН КЕЙІНГІ ЖЫРТЫЛУ ЕРЕКШЕЛІГІ
Бұл ауытқу ана мен бала өміріне өте қауіпті,соңғы жылдары жатырдың жатыр тыртығынынан кейінгі жыртылуы жиі кездеседі,себебі әйелді кесар тілігі арқылы босандыру жиіледі.
Жыртылу ерекшеліктері клиникалық белгілері мардымсыз,өте аз,іштің төменгі жағы тыртық тұсы ауырады,тыртықты сипап зерттегенде ауырсынады,ауыртпалы толғақ пайда болады.
Кесар тілігінен кейінгі тыртыққа УДЗ зерттеу жүргізеді,плацентаның орнын,тыртықтың қасиетін анықтайды.Әйелді кесар тілігі арқылы босандырады.
ҚАСАҒА БУЫНЫНЫҢ АЖЫРАУЫ,КЛИНИКАЛЫҚ БЕЛГІЛЕРІ,ЕМІ.
Бұл асқыну акушерия операцияларынан кейін,нәресте салмағы ірі болғанда,тар жамбаста кездеседі.Кейде қасаға буынының ажырауында қуық,үрпі зақымдалады.
КЛИНИКАЛЫҚ БЕЛГІЛЕРІ.Әйел қасаға үстінің ауырғанына шағымданады,әсіресе аяқтарымен қимыл жасағанда.Сипап зерттегенде ұлпаның ісініп,ауырсызданғаны және ның арасының алшақтығы анықталады.
ЕМІ.Ортопедиялық гамак (жамбасты жоғары көтеру)жасалады.(3-5жұмаға)Қосымша емдер антибиотиктер,витамин,кальций препораттарын кеңінен қолдананады,гимнастика жасау керек.
ҚАСАҒА БУЫНЫНЫҢ АЖЫРАУЫ
ҚАСАҒА БУЫНЫНЫҢ АЖЫРАУЫ
ҚАСАҒА БУЫНЫНЫҢ АЖЫРАУЫНЫҢ РЕНТГЕНДІК
СУРЕТІ.
ҚАСАҒА БУЫНЫНЫҢ АЖЫРАУЫНЫҢ РЕНТГЕНДІК
СУРЕТІ.
БОСАНҒАННАН КЕЙІНГІ ЖЫЛАНКӨЗ,БЕЛГІЛЕРІ, ЕМІ.
Босанғаннан кейінгі ең ауыр жарақат қуық және тік ішек, қынап жылан көзі.Бұл асқыну әйелдің етеккір,генеративті,еңбек қызметтерінің бұзылуына әсер етеді.
СЕБЕПТЕРІ. Босанғаннан кейінгі жыланкөз босану ауытқуларынан кейін кездеседі(тар жамбаста,ірі ұрықта,нәресте басының орнығуының ауытқуында,ұзаққа созылған босануда,акушерия операцияларында).
БЕЛГІЛЕРІ.Зәрдің тоқтамауы,қынап арқылы шығуы,үлкен дәреттің қынап арқылы шығуы.Арнайы айнамен зерттеген кезде жыланкөз оңай көрінеді.
ЕМІ.Хирургиялық,операция босанғаннан соң 4-5айдан кейін жасалады.
БОСАНУ КЕЗІНДЕГІ НӘРЕСТЕНІҢ ЖАРАҚАТТАНУЫ,КЛИНИКАЛЫҚ БЕЛГІЛЕРІ, ЕМІ.
Босану жарақаты-нәрестенің мүшелерімен,ұлпаларының босану ағымында жарақаттануы нәрестенің бейімделу қабілетіне байланысты.
Антенатальдық факторлар-жүктілік гестозы,қан тамыр жүрек,эндокрин аурулары,зат алмасудың бұзылуы,резус қайшылық,жүктіліктің мезгілсіз үзілуі,ұзаққа созылуы-нәрестенің бейімделу қабілетін төмендетеді,осыған орай босанудың қалыпты (физиологиялық) ағымында да нәресте жарақаттанады.
Механикалық босану жарақаттары-нәресте басының және жамбас өлшемдерінің сәйкес келмеуінен,акушерия операцияларының әдістерін дұрыс қолданбағандықтан.
Бұғананың сынуы-өте жиі кездесетін жарақаттың бірі,нәресте туылғаннан кейін бірден анықтауға болады(бұғана сықырлап,нәресте қолы қатты қимыл жасай алмайды).Екі аптаға иық белдеуіне таңғыш байлайды.
ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІНІҢ ЗАҚЫМДАНУЫ.
Үшкіл, шынтақ ,иық жүйкелері жиі зақымдалады(акушерлік қысқыштан кейін).
Бас сүйектің зақымдалуы.Бұл асқынуда орталық жүйке жүйесі зақымдалып,бас сүйекке қан құйылып және ми ісінеді.Бас сүйекке қан құйылу субдуральді,субарахнойдальды болады және миғада қан құйылады.
КЛИНИКАЛЫҚ БЕЛГІЛЕРІ.Сәби мазасызданып,дем алуы,жүрек соғысы жиіленіп аяқ қолдары құрысады.
ДЕТСКИЙ ЦЕРЕБРАЛЬНЫЙ ПАРАЛИЧ
ЕМІ.Бірінші-төсектік тәртіп(анасына емізуге болмайды),сәбиді төсекте зонд арқылы тамақтандырады,кувезге жатқызып оттегімен қамтамасыз етеді,бас жағына(20см қашықтықта)мұз қояды.Нейролептикалық препораттарды,инфузия терапиясын,краниоцеребральді гипотермияны кеңінен қолданады.