Қабылдаған:Саркулова И.С.
Орындаған: Қайырбеков Ә.Ж.
Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Шымкент 2023
Тақырыбы:Акушерлік травматизм
ИӨЖ
Босану кезінде аралықтың,қынап және жатыр мойнының ұлпаларының жарақаттануы жиі кездеседі.
Босану жолдарының ұлпалары жұмсақ босану кезінде едәуір керіліп созылады.Көп жағдайларда босану жолының ұлпаларының дөрекі созылуынан,босанудың ауытқуынан,акушерия операцияларынан кейін аралық,қынап,жатыр мойны және жатыр жыртылуы мүмкін.
Босану кезіндегі ананың жарақаттар:
1.Аралықтың жыртылуы. 2.Қынаптың жыртылуы.
3.Жатыр мойнының жыртылуы.
4.Жатырдың жыртылуы.
5.Қасаға буынының ажырауы.
6.Босанғаннан кейінгі жыланкөздер.
7.Жатырдың теріс айналып кетуі.
Кіріспе
АРАЛЫҚТЫҢ ЖЫРТЫЛУЫ,СЕБЕПТЕРІ,ДӘРЕЖЕЛЕРІ.
Аралықтың жыртылуы-ең жиі кездесетін жарақат,босанған әйелдер арасында 10-12%,алғаш босанушыларда 2-3есе жиі.
Этиологиясы:
1.Жасы 30-дан асқан тұңғыш босанушы;аралығы өте жоғары орналасқан;бұрын бірнеше рет аралығы жыртылған әйелдерде жиі кездеседі.
2.Нәресте басы жамбас жазықтықтарында дұрыс орнықпағанда үлкен өлшемдермен туылғанда;бас үлкен және оның конфигурациясы жеткіліксіз болғанда.
3.Акушерия операциясында-қысқыш салудан кейін.
Аралықтың жыртылу қауіпінің белгілері:аралық көгеріп,ісініп,терісі түссізденеді-аралықты кеседі(перинеотомия).
Аралықтың терісі және бұлшықеттері,қынаптың қабырғасы жыртылады.
III
Жоғарыда аталған ұлпалармен бірге,тік ішектің артқы сфинктері жыртылады.Аралықтың жыртылуынан жыныс мүшелерінің төмен түсуі байқалады.Үшінші дәрежесінде қынаптың,жатырдың төмен түсуімен бірге әйел үлкен дәретін ұстай алмайды.
АРАЛЫҚТЫҢ ЖЫРТЫЛУЫНЫҢ ҮШ ДӘРЕЖЕСІ БАР
Барлық асептика ережелерін қолдана отырып,аралықтың жыртылған жеріне тігіс салады.Бірінші және екінші дәрежесінде новокайнмен жансыздандырады,үшінші дәрежесінде наркоз береді. Тігіс салар алдында қынап айнасы арқылы жыртылған жерді анықтайды.
Емі
I
Алдымен кетгут жібін қынаптың шырышты қабатына,содан кейін жібек жіпті аралықтың терісіне салады.Тігіс қашықтығы-1см,тігісті бір-бірімен байлағанда жыртылған жердің шеттері бір бірімен түйісуі қажет.
II
Тігіс жарақаттың ең соңғы бұрышына,содан кейін аралықтың бұлшықетіне,қынаптың шырышты қабатына салынады.Соңғы салынған кетгут жібін жоғары көтеріп тартып аралыққа жібек немесе косметикалық тігіс салып,жарақатқа иод ерітіндісін жағады.
III
Алдымен тігісті тік ішек қабырғасына, содан кейін жыртылған сфинктерге салады,оларды тігіспен жалғастырады.Жарақатқа асептикалық дәкені салып.тігіс орнын құрғатып,йод,спирт ерітінділерімен тазартып отырады.Аралықтың жыртылуының бірінші және екінші дәрежесінде тігісті бесінші күні алады,ал үшінші дәрежесінде тігіс алынбайды үлкен дәретке тек 7-8ші күндері отыруға болады
ҚЫНАПТЫҢ ЖЫРТЫЛУЫ,СЕБЕПТЕРІ,КЛИНИКАЛЫҚ БЕЛГІЛЕРІ,ЕМІ.
СЕБЕПТЕРІ. Көбінде қынап қабырғаларының жеткілікті созылмауынан,дамып жетілмеуінен,бастың шалқая туылуынан,ірі нәрестеде,шапшаң босануда және аралық жыртылғанда қынап қабырғалары да жиі жарақаттанады.
ҚЫНАПТЫҢ ГЕМАТОМАСЫ. Қынап қабырғасының астында кездеседі.Гематоманың мөлшері жарақаттанған қан тамырларының көлеміне және қанның ұю қасиетіне байланысты.Гематома босану ағымында акушерлік қысқыш салғанда,шапшаң немесе босану ұзаққа созылғанда пайда болады.
КЛИНИКАЛЫҚ БЕЛГІЛЕРІ. Гематома көкшіл қара қоңыр қанды ісік.Көлемі үлкен гематомаларда қанның қызыл түйіршіктері төмендеп кейде іріңдейді.Әйелдің ыстығы көтеріліп,денесі түршігеді,ауырғаны артып,қанның құрамы өзгереді.
ЕМІ.Көлемі кішкентай гематомаларды консервативті жолмен витаминдер,антибиотиктермен,ал көлемі тез арада үлкейген гематоманы тек чирургиялық жолмен алып тастайды,қан тамырларын байлайды.Қуысты тігіп,дренаж қалдырады.
ЖАТЫР МОЙНЫНЫҢ ЖЫРТЫЛУЫ,КЛИНИКАЛЫҚ БЕЛГІЛЕРІ,ЕМІ.
Босанудың патологиялық ағымында жатыр мойны жыртылып,қан шығыны артады.Жатыр мойнының жыртылуының үш дәрежесін ажыратады.
КЛИНИКАЛЫҚ БЕЛГІЛЕРІ.Негізгі белгісі қан шығынының артуы,қалыпты жағдайда нәресте туысымен бірден қан кетеді,екінші кезеңде қан тамырлары нәресте денесімен басылып,қан шығыны болмайды.Бала жолдасы бөлініп туылмай қан шығынының қай жерден екенін анықтау қиын,бірақ қан шығыны жатыр мойны жыртылуы салдарынан болғанда,жатыр қатты жиырылады.