Тақырыбы: Цилиндрлік бөлшектерді қолмен дайындау.
Мақсаты:Техникалық-технологиялық мәліметтермен таныстыру, цилциндрлік бөлшектерді қолмен дайындауды үйрету.
Міндеттері:
1. Призма формалы бөлшектердің сызбасы және долбары туралы түсінік. Оның жан-жақты (алдынан, сыртынан, оңынан, солынан) көріністері.
2. Бөлшектердің сызбасын оқу ережелері. Ағаш бөліктерін құрастыру тәсілдері (кесу, қима, ұштама, тесік арқылы).
3. Арамен кесудің тәсілдері (көлденең, ұзынынан, қиғаштап кесу).
Көрнекілік. Ағаштан және темірден жасалған дайын материалдар. Техникалық еңбек бойынша оқу кестелері. Техника қауіпсіздігін сақтау бойынша плакаттар.
Құрал-жабдықтар. Слесарлық құралдар.
Ағаш және темір өндейтін шеберханалар.
І.Ұйымдастыру кезеңі
1.Оқушыларды түгендеу
2.Сабаққ дайындықтарын тексеру
ІІ.Өткенді еске түсіру
ІІІ. Жаңа сабақ
ІҮ. Жаңа сабақты түсіндіру
Металл кескіш білдек деп –дайындамадан жоңқаны алу жолымен белгіленген өлшемдерге, пішінге және беттің кедір-бұдырлығына сай келетін бөлшекті алуға арналған технологиялық машинаны айтады. Білдектерде металдан жасалған дайындамаларды ғана өңдемейді сонымен қатар басқада материалдардан жасалған дайындамаларды да өңдейді сондықтан «металл кескіш» термині шарты болып табылады.Дайындама деп – еңбек өнімін айтады, оның пішінің, өлшемін және бетінің қасиетін өзгертіп бөлшек жасайды.
Білдектер әртүрлі белгілерге сәйкес жіктелуі мүмкін, солардың негізгілері төменде қарастырылған.
Әмбебаптық дәрежесіне қарай әмбебаптық, арнаулы және арнайы деп бөлінеді.
Әмбебаптық білдектер кең номенклатуралы бөлшектерді өңдеуге арналған, олар бөлшектің шекті габаритімен, құрал жиынтығымен және технологиялық операцияларымен шектелген.
Арнаулы білдектер (специализированные) белгіленген өлшемдер аумағында, біртекті бөлшектерді (құбыр, жалғастырғыш, иінді білік және бекіту тетіктері) өңдеу үшін арналған.
Арнайы білдектер белгілі бір ғана бөлшекті өңдеуге арналған, кей кезде біртекті бірнеше бөлшектерді де өңдеуге қолданады.
Арнаулы және арнайы білдектері негізінен көп сериялы және жаппай жасау өндірісінде қолданылады.
Ү.Практикалық жұмыс. Бөлшектерді сызбаға қарап құрастыру. Құрастыру сызбасын оқып түсіну. Жұмысты жоспарлау. Құрастыруға керекті материалдарды дайындау. Құрастырылған бөлшектерді қолмен құм қағаз арқылы өңдеу, тегістеу, бұрандалар арқылы бекіту. Бақылау және өлшеу құралдарымен жұмыс істеу.
Призма формалы бөлшектердің сызбасы және долбары туралы түсінік. Оның жан-жақты (алдынан, сыртынан, оңынан, солынан) көріністері.
Бөлшектердің сызбасын оқу ережелері. Ағаш бөліктерін құрастыру тәсілдері (кесу, қима, ұштама, тесік арқылы).
3Арамен кесудің тәсілдері (көлденең, ұзынынан, қиғаштап кесу).
Қозғалыс берілісінің механизмі туралы түсінік. Тісті және белдікті беріліс. Бұрандалы механизм. Қол бұрғы: құрылысы, қолданылуы.
Оймалы біріктіру және олардың қолданымы. Оймалар кесу құралдары. Металдарды қиыстырып өңдеу. Металдардың механикалық қасиеттері. Өлшейтін және бақылау жасайтын құралдар. Электр шарыққа құралдарды қайрау.
ҮІ. Сабақты бекіту
Сұрақ-жауап әдісі
ҮІІ. Бағалау
ҮІІІ. Үй тапсырмасы
Цилиндр формалы бөлшектерді сызба түрінде көрсету
Ашық сабақ
Тақырыбы:
Цилиндрлік бөлшектерді қолмен дайындау.
Технология пәнінің мұғалімі: Жұмабаев Б.
|
Достарыңызбен бөлісу: |