|
Тақырыбы: Дайындаған: Ақдөңов Б. Б
|
Дата | 21.04.2017 | өлшемі | 23,72 Kb. | | #14397 |
| - Ислам дінінің пайда
- болуы және оның
- әдет-ғұрыптары
- мен дәстүрлері.
- Білімділік:Оқушыларға Ислам дінінің пайда болуы және оның әдет-ғұрыптары мен дәстүрлері туралы мағлұмат беру.
- Дамытушылық: Оқушыларға түрлі тапсырмалар бере отырып,өз бетімен оқуға,ізденуге және жүйелі ойлау мен талдай білуге үйрету, діни сауаттылығын арттыру.
- Тәрбиелік: Діннің халыққа беретін тәрбиелік өсиетін,ізгілікке шақыратынын түсіндіріп,Отанымызды сүюге,ата-бабаларымыздың рухани сенімін құрметтеуге,
- имандылыққа,толеранттылыққа тәрбиелеу.
- Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту.
- Сабақтың түрі: аралас сабақ.
- Сабақтың әдісі: баяндау,әңгімелесу,сұрақ-жауап,СТО.
- Сабақтың көрнекілігі: Сурет-сызбалар,діни әдебиеттер,журналдар,слайд
- Пән аралық байланыс: тарих,әдебиет, Адам.қоғам.құқық.
- Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
- Оқушылармен сәлемдесу,түгендеу, назарын сабаққа аудару.
- «...Бүгінгі біздің халқымыз үшін дәстүрлі емес діни және жалған
- діни ағымдар мәселесі өткір тұр. Жастарымыздың бір бөлігі
- өмірге осы жат жалған діни көзқарасты көзсіз қабылдайды,
- өйткені, біздің қоғамның бір бөлігінде шеттен келген
- жалған діни әсерлерге иммунитеті әлсіз.Біздің Конституция
- сенім бостандығына кепілдік береді, бұл-факт.Бірақ,өздеріңіз
- білетіндей,шексіз еркіндік деген болмайды.Ол дегеніміз-хаос.
- Барлығы да Конституция мен заңдар аясында болуға тиіс.
- Әркімнің таңдау құқығы бар.Діни таңдауға өте үлкен
- жауапкершілікпен қарау керек,өйткені,адамның өмірлік салты,
- тұрмысы,көп жағдайда бүкіл өмірі соған байланысты.
- Бүгінде,интернет пен жоғары Технологиялар ғасырында,
- ақпарат тасқындаған заманда, «сүзгі» адамның ішінде
- болуы керек....»
- «Қазақстан-2050» стратегиясы.
- Тест.
- 1. Христиан діні алғаш қай елде пайда болды?
- а)Иранда;
- ә)Палестинада;
- б)Сирияда.
- 2. Христиан дінінің негізін салушы?
- а)Сидһартха Гаутама;
- ә)Мұхаммед пайғамбар;
- б)Иисус Христос.
- 3. Христиан дінінің қасиетті кітабы?
- а)Құран;
- ә)Трипитака;
- б)Інжіл.
- 4. Христиан діні қашан пайда болды?
- а)Б.д.І ғасырында;
- ә)Б.з.б.І ғасырда;
- б)Б.д.ІІІғасырда.
- 5. Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы Қазақстан Республикасының заңы қашан қабылданды?
- а) 2002ж.8тамыз;
- ә)2011ж.11қазанда;
- б)2007ж.27шілдесінде.
- ІІ. «Мен саған,сен маған»
- ойыны.
- ІІ.«Түртіп алу» әдісі.
- «V» бұрыннан білемін.
- «+» мен үшін жаңалық.
- «?» мағына түсініксіз.
- «-»келіспеймін.
- Ислам-біздің заманымыздың 609-632жылдар аралығында
- (VІІғасыр) шығыс пен батыс мәдениеттері тоғысып жатқан
- Араб түбегінде пайда болған әлемдік діндердің ең жасы.
- «Ислам» сөзі арабшада «бейбітшілік», «бағыну», «мойынсұну»
- деген мағыналарды береді. Жаратушыны жалғыз,дара деп қабылдауымен
- Ислам монотеистік дін болып табылады. Негізгі ұстанымдары-
- Құран кітап пен Мұхаммед пайғамбардың өнеге етіп қалдырған
- іс-амалдары(сүннеті). Деректер бойынша, хазірет Мұхаммедке
- (с.а.с.) пайғамбарлық ақыл-ойы кемелденген 40жасында қонған.
- Елшілік міндетті 610 жылы Рамазан айында Хира тауының басында
- Жәбірейіл періште жеткізген делінеді. Періштенің жеткізген аяндары
- «уахи»деп аталған. Тауда үңгір ішінде отырған бір сәтінде Жәбірейіл
- періште хазірет Мұхаммедке (с.а.с.) өз бейнесінде көрініп,алғашқы
- аяттарды түсірген. Алғашында бұл оқиғадан хазірет Мұхаммед
- (с.а.с.) қатты қорыққан.Кейіннен өзіне елшілік міндеті берілгеніне
- нақты көзі жеткенде, түскен әмірлерді қалтқысыз орындай бастаған.
- Жәбірейіл періште арқылы, Алла тағаладан аян түсуі өмірінің
- соңына дейін үзбей жалғасқан. Исламда адамның ең үлкен
- жауы- шайтан мен нәпсі болып табылады.
- Малики мәзһабы
- (Мәлік ибн Әнәс)
- Ханафи
- Мәзһабы
- (Иман Ағзам Әбу Ханифа ән-Нұғман ибн сәбит)
- Шафиғи мәзһабы (Мұхаммад ибн Идрис аш-Шафиғи)
- Ханбали мәзһабы
- (Ахмед ибн Ханбал)
- Исламдағы шариғат төрт мәселені қарастырады:
- 1.Сенім,иман мәселелері.
- 2.Амал.
- 3.Тәрбие(аһлақ).
- 4.Құқықтық істер.
- 1.Куәлік сөзін айту;
- 2.Намаз оқу;
- 3.Ораза ұстау;
- 4.Зекет беру;
- 5.Қажыға бару.
- Ислам дінінің бес парызы.
- Қағба-Ислам дінінің қасиетті мекендерінің бірі.Дүние жүзіндегі барлық
- мешіттердің михрабтары осы жаққа бағытталған.
- Қағба-тас мәрмәрлардан жасалынған 15метрлік биіктіктегі кубтан тұрады.
- Қағба тасы «кисуа»деп аталатын қара матамен қапталған.
- Кисуаның шеттеріне алтын жіптермен Құран сөздері жазылған.
- Қағба-мұсылман әлемінің орталығы.
- Ораза-арнайы ниет ете отырып,таңның атысынан кештің батуына дейінгі
- уақыт аралығында,тамақ ішуден бас тарту және басқада шариғатта көрсетілген
- талаптарға сай артық істер жасамау дегенді білдіреді.
- «Зекет» сөзі-араб тілінде көбею,өсу,тазалық деген мағыналарды білдіреді.
- Ол мұсылмандардағы тек дәулетті,бай кісілерден талап етілетін
- салықтың түріне жатады.
- Қажылық- қасиетті жерге зиярат ету дегенді білдіреді.
- Мұсылмандар қажылық айлары
- деп аталатын арнайы уақытта Мекке қаласына сапар шегеді.
- 1.Алла тағалаға сену;
- 2.Періштелерге сену;
- 3.Кітаптарға сену;
- 4.Пайғамбарларға сену;
- 5.Ахирет күніне сену;
- 6.Жақсылық пен жамандықтың
- Алладан екендігіне,тағдырға сену.
- Иман шарттары. /иманның 6 шарты/
- Алла тағалаға сену.
- Ислам діні бойынша Жататушы жалғыз болып табылады.
- Осы тұрғыда ол монотеистік діндер қатарына жатады.
- Төрт үлкен періштелер:
- 1.Жәбірейіл-Жаратушының үкімдерін пайғамбарларға жеткізуші.
- 2.Микәйіл-табиғат құбылыстарына, өсімдіктер әлеміне жауапты.
- 3.Исрафил- қиямет күнінің тууы мен адамзаттың қияметте
- қайта тірілуі үшін қызмет атқарады.
- 4.Әзірейіл- ажалы жеткендердің жанын алушы.
- Қасиетті кітаптарға иман.
- 1.Зәбур.
- 2.Тәурат.
- 3.Інжіл.
- 4.Құран.
- Будда, христиан,ислам діндерін салыстыру(ерекшеліктері, ұқсастықтары)
- Венн диаграммасы арқылы сабақты талдау:
- 1.Атеизм- Жаратушы құдайдың бар екендігін мойындамайтын және адамның жаны
- өлмейтінін жоққа шығарушы көзқарастар жүйесі.
- 2.Аят(арабшадан «белгілі», «нышан»)- Құран сүрелерінің аяқталған ойды білдіретін бір бөлігі.
- 3.Дәстүрлі емес діндер - халық арасында миссионерлік жолмен әр түрлі жекелеген
- көзқарастарды уағыздайтын діндер.
- 4.Діни сенім бостандығы -әркімнің дін мен культтік іс-әрекеттерге қатысуына еркіндік
- берілу құқығын білдіретін құқықтық ұстаным.
- 5.Құран(араб тілінен «дауыстап оқу»)- құран араб тілінде «көп оқылатын кітап»
- деген мағынаны білдіреді.
- 6.Политеизм-көпқұдайлық,көптеген құдайлар тіршілігіне негізделген діни жүйе.
- 7.Монотеизм- бір құдайлылық, Құдайдың жалғыздығы туралы ілім және діни ұйымдар жүйесі
- 8.Мешіт-мұсылмандардың құлшылық жасайтын арнайы орны.
- 9.Толеранттылық-басқалардың тұрмыс қалпына, мінез-құлқына,әдет-ғұрып, сеніміне, сезіміне,
- пікіріне,идеясына төзімділік таныту.
- 10.Терроризм(лаңкестік)- экстремизмнің соңғы көрінісі.Терроризм(лаңкестік) саяси мақсатқа
- жету жолында қатыгездік,қорқыту,күштеу әдістерін қолданады.
- 11.Харам-Ислам дініндегі тыйым салынған ,шектелген (исламдағы) іс-әрекеттер.
- 12.Экстремизм-төтенше, радикалды көзқарас ұстану.
- Ислам дініне дейінгі дәуір
| - Ислам діні пайда болғаннан кейінгі дәуір
| - Арабстанда нәпсіқұмарлық шегіне жетіп,құмар,зинақорлық,маскүнемдік,
- зұлымдық,ұрлық,зорлық,өтірік-өсек кең кең етек алды. / «Қараңғылық дәуірі»/
| - Ислам діні бойынша Жаратушы жалғыз болып табылады.
| - Қазақстан – қазіргі таңда ұлтаралық келісім мен
- дінаралық татулықтың ерен үлгісін көрсетіп келе
- жатқан мемлекет.Отанымыз 130-дан астам
- ұлттар мен ұлыстардың алтын ұясы бола отырып,
- әлемге Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың
- осы бағыттағы сарабдал саясатының арқасында
- бейбіт өмір салтанат құрған ел ретінде танылып
- үлгерді.
- Қазақстан өзіндегі дінаралық татулықты ту
- етіп көтеріп қана қоймай,бүкіл халықаралық
- қоғамдастыққа Әлемдік және дәстүрлі діндер
- Көшбасшыларының съездері арқылы да түсіністік
- ұрығын себуде.Бұған соңғы 10 жыл бедерінде
- түрлі дін өкілдерінің басын қосып,төрт бірдей
- съезд өткізгені дәлел болып табылды.
-
- Әлемдік және дәстүрлі діндер
- көшбасшылары съездері
- Тұңғыш рет әлемдік
- және дәстүрлі діндер
- көшбасшылараның
- съезі 2003 жылы
- 23-24 қыркүйекте
- Астанада
- ұйымдастырылды
- Әлемдік
- және дәстүрлі діндер
- көшбасшылараның
- ІІ съезі 2006 жылы
- 12-13 қыркүйекте
- Бейбітшілік
- және келісім
- сарайында өтті.
- Әлемдік
- және дәстүрлі діндер
- Көшбасшылараның
- ІҮ съезі
- 2012 жылы
- 30-31 мамырда
- Астана қаласында өтті.
- Әлемдік
- және дәстүрлі діндер
- Көшбасшылараның
- ІІІ съезі
- 2009 жылы
- 1-2 шілдеде
- Астанада өтті
- Сонымен,бүгін сабағымызды қорытындылаймыз.
- «...Біз мұсылманбыз, оның ішінде Әбу Ханифа мазһабын
- ұстанатын сүнниттерміз. Бабаларымыз ұстанған бұл жол
- ұлттық салт-дәстүрді, ата-ананы сыйлауға негізделген.
- Ендеше, бүгінгі ұрпақ та әлемдегі ең ізгі дін- ислам дінін
- қадірлей отырып, ата дәстүрін ардақтағаны абзал.
- Қазір кейбір сыртқы күштер жастарымызды ислам дінінің хақ
- жолынан адастырып, теріс бағытқа тартуға тырысуда.
- Мұндай ұлттық табиғатымызға жат келеңсіздіктерден
- бойымызды аулақ салуымыз керек.
- Біз мұсылман үмбетінің бір бөлігі екенімізді мақтан тұтамыз.
- Ол- біздің дәстүріміз.Бірақ бізде зайырлы қоғамның
- дәстүрлері де бар екенін, Қазақстан зайырлы мемлекет
- екенін ұмытпауымыз керек. Біз елдің дәстүрлері мен мәдени
- нормаларына сәйкес келетін діни сана қалыптастыруымыз керек.
- Біз өзін өзі ұстанудың ерекше үлгілерін алуға тиіспіз »
- деп «Қазақстан - 2050» стратегиясында айтылған.
- Ендеше,діни діңгегіміздің беріктігіне барынша жауапкершілікпен
- қарағанымыз абзал.
- Оқушылардың білімін бағалау.
- Үйге тапсырма:
- Тақырыпты оқу.
- Мұхаммед пайғамбардың білім туралы
- хадистерін жазып келу.
-
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|