Денсаулыққа кері әсер ететін факторларды:
Қоршаған орта ластығы.
Дұрыс тамақтанбау.
Тұқымқуалаушылық.
Денсаулық сақтау шараларының төменгі сатыда болуы.
Зиянды заттарды қабылдау.
Тазалықты сақтамау.
Отбасындағы кері жағдайлар.
Адамда стресс жағдайы жиі болуы.
Денсаулыққа оң әсерін тигізетін факторлар:
Дұрыс тамақтану.
Қоршаған орта тазалығы.
Дене шынықтыру.
Денсаулық сақтау, медициналық көмектің сапасының жоғары болуы.
Зиянды заттарды қабылдамау.
Жеке бастың тазалығын сақтау.
Қоршаған ортаға, табиғатқа, қоғамға, адамдарға деген дұрыс көзқараспен қарау.
Эмоциялардың оң болуы.
Мұғалім: Енді, жұмбақ кейіпкердің хатына назар аударайық.
Жұмбақ кейіпкердің хаты
Қымбатты оқушылар 14 - 15жасымда үлкен бір өкінішке тап болдым. Сол 8 - 9сыныптар мен үшін естен кетпес уақыттар. Кейбір жандар естен кетпес деп қуаныш пен шаттыққа толы кездерін айтса мен үшін естен кетпес деген сөз өмірімдегі ең ауыр сөз. Неге енді сол 14 - 15жасым ауыр кез екенін мен сіздерге әңгімелеп берейін. Менің жолымды қайталамасын деген ниетпен сіздермен сыр бөліскелі отырмын.
Мен бастауыш сыныптан бастап алғырлығымен өнерлілігім, ұшқыр білімнің арқасында көзге түстім. Сол 6 жасымнан бастап 14 жасқа дейін білімді алғыр болып өскен оқушы 8 сыныптан бастап мүлдем басқа адамға айналды. Күрт былай өзгеруіме себеп болған жағдай алғашқы махаббат. Мен сыныпқа жаңадан келген бір қызға ғашық болдым, ол қыз менің сезіміме жауап қайырмаған соң мен өмірден түңіліп, жаман жолға түсіп кеттім.
Көшедегі жаман балалармен темекі тартуды да үйреніп, кейін сабақтарға да мән беруді қойдым. Сөйтіп жүріп 8 сыныптың 1 тоқсанында қалай күнделігім 2 мен 3ке толып шыққаның білмей де қалдым.
Кейін оқуға қолымды бір сілтеп, сабаққа баруымды да қойдым. Әрине, бұл менің әке - шешеме де ауыр тиді, қанша маған сөйлеп те, ұрып та тәрбиелемекші болса да мен құлақ аспай өз білгенімді істедім. Мектепте ұстаздар, үйде әке - шеше сөзін естімеу үшін мен үйге қонуды да қойдым. Одан арғы өмірім өзім үшін қызық болып көрінді. Подвалда түнеп, ұрлық жасап, төбелесте алдыма жан салмай, ішкенім арақ, шеккенім темекі болып, нашақорлық пен жұқпалы ауруға қалай тап болғанымды білмей де қалдым.
Солай өмір зымырап өте берді. Ал мен осы өмірдің ағысына төтеп бере алмай темір тордың ар жағынан қалай шыққанымды білмей де қалдым. Темір тордың аржағында ғана есімді жиып өкініштен өзегім өртеніп басымды тауға да, тасқа да ұрып қалай осы күйге жеттім деп шарқ ұрдым.
6 ай темір торда отырып шығып, жаңа өмір бастауға бел будым. «Бүгінгінің баласы ертеңгінің данасы» дегендей балалар «қамшының сабындай қысқа өмірді» бостан босқа өткізбейік, достар! Қандай жағдай болмасын адам баласы мойымай әрқашан қиындыққа төтеп беру қажет. Оқушылар жарқын болашаққа сеніммен қарап нық қадам басуымыз қажет. Ашуды ақылға жеңдіріп мен секілді қателікке бой алдырмай аулақ болыңыздар.
Достарыңызбен бөлісу: |