Тақырыбы: «Дені сау ұлт – Дені сау мемлекет» Сабақтың мақсаты: Білімділік



бет1/4
Дата07.02.2023
өлшемі21,7 Kb.
#167689
түріСабақ
  1   2   3   4
Байланысты:
Дені сау ұлт


Тақырыбы: «Дені сау ұлт – Дені сау мемлекет»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларымыздың салауатты өмір салты жайлы білімдерін тереңдету, адам денсаулығының қымбаттылығын, жат қылықтардан сақтай отырып, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екендігін түсіндіру. денсаулық туралы түсінік беру. Денсаулықтың негізі қимыл, спорт, дұрыс тамақтану, таза ауада жүру екенін балаларға ұғындыру. Жаман әдеттерден сақтандыру, ішімдік пен темекінің жас организмге зиянды екенін насихаттау.
Дамытушылық: Өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарауға, шығармашылық қабілеттерін дамыту, сөйлеу шеберлігін жетілдіру.
Тәрбиелік: Өзін - өзі күте білуге, тазалыққа, ұқыптылыққа, әдемілікке, салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеу.
ПЕРЕЙТИ НА САЙТ


Көрнекілігі: Интерактивті тақта, плакаттар.

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Кіріспе сөз.
Мұғалім: Бүгінгі сабағымызды Н. Ә. Назарбаевтың сөзімен бастағым келіп тұр: «Дені сау сәби әр отбасының қуанышы, бақыты. Ал денсаулығы мықты сәби халықтың болашағы, Отанының сенімді тірегі.»

Құрметті оқушылар «Салауатты өмір салты» деген тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз. Бүгінгі тәрбие сағатымыздың жоспарымен таныстыра кетсек:


Жоспар (слайд)
I. Жақсыдан үйрен,
Жаманнан жирен.
а) жұмбақ кейіпкер
б) жағдаяттар
II. Зиянды әдеттер (мұғалім)
III. Медбике кеңесі.
IV. Денсаулық - зор байлық.(сұрақ - жауап)
V. Тест. «Менің өмір сүру қалпым»
VI. Сергіту сәті.
VII. Қорытынды.


Мұғалім:
Бұл бөлімдердің барлығы да бүгінгі ұрпақ тәрбиесі үшін маңызды мәселелер болып табылатынына біз сенімдіміз. «Дені саудың жаны сау», «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен»деп қазақ халқы айтпақшы қазіргі кезде келер ұрпақ жаман әдеттерге үйір, еліктегіш болып өсіп келе жатқаны кім - кімге де ақиқат. Оқушылар жаман әдеттер деп отырғанымыз қандай әдеттер?

Оқушылар жауабы.


Мұғалім: шылым шегу, маскүнемдік, нашақорлық, ұрлық, жұқпалы аурулар, бұзақылық.
«Арақ - арыңа нұқсан, темекі тегіңе нұқсан»демекші балалар бұл зиянды әдеттерден аулақ болуымыз керек.
Оқушылар бізге бүгін жұмбақ бір кейіпкер хат жолдап отыр екен соңы оқып көрсек.
Өзімнен өзім сыр таптым,.
Өле алмай жүрген сырқатпын.
Шіріген картоп сияқты,
Бұрышында қалған бір қаптың.
Өзімнен өзім тістенем,
Істеген ісіме өкінем.
Ұмытайын десем қорқамын,
Көрмейтін сұмдық түс көрем.


Мұғалім: Оқушылар, денсаулыққа кері әсер ететән және денсаулыққа оң әсер ететін қандай факорларды білесіңдер? Талдап айтып көрейік.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет