6 кезеңнен құралған сайысқа үш отбасы қатыса алады.
1-кезең: «Жеті атасын білген ер,
Жеті жұрттың қамын жер» (әр отбасы өзін- өзі таныстыруы: не өлеңмен, не қара сөзбен).
2-кезең: «Ата мұра – асыл қазына» (салт- дәстүр, әдет ғұрыптарға байланысты тапсырмалар).
3-кезең: «Ата көрген оқ жонар,
Ана көрген тон пішер» (әр отбасының ата- анасына, баласына жеке- жеке тапсырмалар беріледі. Мысалы: анасы ою ояды, баласы бейнесөз шешеді, әкесіне қолөнерге байланысты тапсырма - сұрақтар).
4-кезең: «Халық тәлімі – тәрбие бастауы» (бала тәрбиесіне байланысты сұрақтар мен тапсырмалар).
5-кезең: «Ұяда не көрсен,
Ұшқанда соны ілер» (бата түрлері, шешен- би сөздерінен үзінді).
6-кезең: «Марапаттау»
Ұлттық педагогиканың қайнар көзі – отбасы. Ата- бабамыз балаларын батылдыққа, батырлыққа, шеберлік пен шешендікке, табандылық пен төзімділікке баулыды. Әже- аналарымыз қыздарын мейрімділікке, әдептілік пен баыурмалдыққа тәрбиеледі. Қазіргі қазақ мектебінде осы үрдісті жолға қоятын уақыт жетті. Сабақ кезінде әрбір отбасының салт- дәстүрі ескеріліп, баланың үйреншікті дағдысынан ауытқымай, психологиялық тежелуге ұшырамауы ескерілмеуі шарт.
Достарыңызбен бөлісу: |