Балаларды мектепке дайындауды жетілдіру
Баланың мектепке дайындығы үш астардан тұрады: денелік, арнаулы және психологиялық.
Оқуға психологиялық дайындық – көп қисынды ұғым. Ол біліммен үйренудің тұтас, барлық негізі құраушылары қатысатын құрал ретінде қарастырылады. Баланың психикалық жетілуін, мектепке оқуға дайындығын әуендік, еріктік, интелектуалдық, әлеуметтік және сөздік дайындығынан көруге болады.
Әуендік дайындық- жағымды эмоциялық орнықтылықты, мектептегі сабақтарға оң қатынасты, «оқушының ішкі тұрғысын» қалыптастыру, яғни баланың оқушының өзіне елестетуі, жаңа әлеуметтік жағдай және онымен байланысты міндеттерді қабылдауы.
Еріктік дайындық (өзін-өзі қалыптастыру) – бұл баланың тыңдай білуі, түсінуі, үлкендердің айтқанын есте сақтауы, ереже бойынша жұмыс істеуі.
Интелектуалдық дайындық- мектепке дейінгі баланың ойлауын дамыту деңгейімен тікелей байланысты.
Бастауыш мектепте жақсы оқуға негіз болатын алты жасар бала мектепке барар алдында көрнекі - әрекеттік ойлау қабілеттілігі құрылуы тиіс. Әрі қарай ол білім негізі болып қалыптасады. Көрнекі - әрекеттік ойлау дәрежесі жоғары бала, көрнекі үлгімен жұмыс істегенде, заттардың кейпімен, мөлшерін ұйқастырғанда (конструктор бөлшектері, тетік механизмдерін), қойылған міндеттері шешуде тиімді әрекеттердің барлық түрін орындап шығады.
Ойлау дайындығы баланың жан – жақтылығымен нақты білім қорын ғана қарастырмайды, сонымен қатар оқу әрекеттеріне тиімді танымдық қызметтерді құруды қамтиды.
Мектепте оқытуға әлеуметтік дайындық – бұл баланың ұйымда жұмыс істей білуі, жолдастарымен араласуы, басқа балалардың ойымен санасуы.
Сөйтіп берілген құраушылар баланың басқалармен қарым – қатынас арқылы мектепте оқытуға, метеп оқушысының рөлі арқылы балалар тобымен ойлау дайындығын дамытады. Бастауыш мектеп бағдарламасы салыстыра білуді, талдауды, ойлай білуді, өздігінен қорытынды жасай білуді талап етеді.
Жаппай технологияны еңгізу ұйғарымы:
Мақсат қою, тұжырымды білім беру, ұлттық адамгершілік, психологиялық, медициналық, экологиялық негіздермен қазіргі заманғы технологияға келу, сонымен қатар айырмалап оқытудың тиімді жағдайын бағалап, педагогикалық технология пәндерімен болашақ оқу құралдарын құру. Республикамыздағы мектепке дейінгі бірнеше мекемелер Ресейлік бағдарламаларды «Кемпірқосақ» бағдарламасы, «Даму» бағдарламасы, «Дамыта оқыту», «Оқыту мен есеп шығару», Зайцев әдістемесі. Н.А. Зайцев әдістемесі 2-7 жас аралығындағы балаларды оқу мен есептеуге үйрету, есеп шығаруға, жазуға, оқуға қызығушылығын туғызуға бағытталған. Зайцев әдістемесі балабақша жағдайына түрленген. Бірақ, негізгі қолдану ортасы – жанұя. Әдістемелік құралдар баланың ата – анасына арналған. Әдістеме мектепке дейінгі баланы оқуға және есептеуге жеделдетіп үйретуге арналған, мұнын тиімділігі баланың психо – физиологиялық ерекшеліктерін ескеруі.
Зайцев әдістемесін пайдаланудағы негізгі ерекшеліктер:
- оқытудың өзіндік қасиеті (3-4 адам болуы керек);
- оқытуды ойын тәсілдермен өткізу;
- сабақтардың тәртіптілігі және қайталануы.
Есептерді дұрыс шығару үшін әртүрлі жолдар қолданылады: ойын - сабақ, ойын – жұмбақ, дидактикалық ойындар. Әдістеме әрбір баланың жеке ерекшеліктерін ескеруді, оның талабын, мүдделерін және қаблеттерін ескеруге көзделген. Зайцев әдістемесі бойынша бала оқуды 2-3 жастан үйренеді. Бұл жастағы бала оқытудың ойын түрін тез меңгереді. әрбір халықтың өз ұрпағын тәрбиелеуде өзіне тән ерекшеліктер бар. Қазіргі таңдағы көкейтесті міндеттердің бірі- тәрбие үрдісіне халықтық дәстүрлерді кеңінен пайдалану. Осы міндетті орындауға көмектесетін- «Балбөбек» бағдарламасы. Бағдарламаның ерекшелігі тәрбиенің адамгершілік мазмұнда бағыт алуында:
Ұлттық психологияда жеке тұлғаны жан – жақты тәрбиелеу және өз халқының әдет – ғұрыптарын сыйлайтын, ана тілін білетін, дені сау, жетілген рухани бай т.б. адамды тәрбиелеу.
Мектеп талабына сәйкес бірінші сынып оқушысын дайындау, оқу – тәрбие үрдісін оңтайландыру тікелей жаңа педагогикалық технолгияларды енгізу арқылы жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |