Тақырыбы: «Денсаулықты нығайту және алдын алу бағдарламаларын ұйымдастыру, жоспарлау және бағалау» Жоспар


«Денсаулық» кешенді-мақсатты бағдарламасы



бет3/3
Дата06.12.2023
өлшемі393,26 Kb.
#195309
1   2   3
Байланысты:
Денсаулықты-нығайту-слайд
ФИиС1, 3432507098375 1 апта есептери, Ақбота 8 сынып жауаптарымен Даму , Қазақстан тарихы, АҚҚ 9 кл.ҰБТ
«Денсаулық» кешенді-мақсатты бағдарламасы.
Бағдарламаның мақсаты: балалар мен жасөспірімдердің физикалық және психикалық денсаулығын қалыптастыру.
Көпжылдық зерттеулер көрсеткендей, білім алушылардың, әсіресе жоғары сыныптағылардың оқу күні ересектердің жұмыс күні ұзақтығынан біршама артып түседі және тәулігіне 12-14 сағатты құрайды. Соңғы онжылдықта қосымша пәндер пайда болды, материалдың көлемі оған бөлінген сағаттардың қысқаруымен қатар біршама өсті. Осының бәрі оқушылардың шамадан тыс жүктелуіне, күн режимінің бұзылуына, ұйқы, демалу, серуендеу уақытының, қозғалыс белсенділігінің қысқаруына әкеп соқты, бұл олардың физикалық және психикалық денсаулығына теріс әсер етеді.
Негізгі іс-шаралар: Дене шынықтыру-сауықтыру жұмысы, қызығушылықтары бойынша спорт бірлестіктеріне, студияларына қатысу. Білім беру үдерісіне қатысушылар ортасында жайлы жағдайларды, қолайлы психологиялық ахуалды сақтау және ұстау. Салауатты өмір салтын насихаттау. Оқушыларға медициналық қызмет көрсетуді жақсарту. Сырқаттануды ескерту жөніндегі алдын алу іс-шаралары. Толыққанды, теңгерімді, тиімді тамақтануды ұйымдастыру және онымен балаларды толықтай қамту. Жеке қауіпсіздік, экологиялық және жалпы мәдениет қағидалары негізінде түрлі өмірлік жағдайларда жүріп-тұру тәсілдеріне үйрету. Оқушылар күндіз болатын лагерь, спорттық лагерь жұмысын Жыл сайын ұйымдастыру. Ас блогының технологиялық жабдығын жаңғырту.
V. Қорытынды.
Өмір Адамның өмір салты өздігінен қалыптаспайды, ал салауатты өмір салты өмір сүру барысында мақсатты түрде қалыптасады. Қазіргі мәліметтер бойынша денсаулық 53-55%- ға салауатты өмір салтына тәуелді болады екен. Бұдан салауатты өмір салтын ұстанудың қаншалықты маңызды екендігі айқын.
Сонымен, жоғарыда айтылған мәліметтерден әркімнің өзінің денсаулығының нашарлауына өзі кінәлі екенін көруге болады. Ауруды ағзаға жолатпау, адамның өз қолында. Денсаулықты сақтаудың жолын үйрену әрбір адамның басты міндеті.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Әділханов А.С., Жаңабердиева К.А., Брусенко З.Г. - Ә-26 - "Алматыкітап" ААҚ, 2005.- 134 бет, суретті.
2. https://kk.wikipedia.org/wiki/Басты_бет
Назарларыңызға рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет