Тақырыбы: Денсаулықты нығайту. Салауатты өмір салтын насихаттау. ІІ жаңа тақырыпты түсіндіру: Денсаулықты нығайту



бет4/85
Дата07.02.2022
өлшемі1,17 Mb.
#88565
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   85
Байланысты:
Пән Денсаулықты нығайту

Тест жауаптары:



1-нұсқа

2-нұсқа




V. Үйге тапсырма
Тақырыпты қайталау.
Пайдаланылатын әдебиеттер:
1.«Саламатты Қазақстан».ҚР Мемлекеттік бағдарламасы 2011-2015ж.
2. Интернетресурстар.

Тақырыбы: Қауіп-қатер факторы.


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
1.Салауатты өмір салты дегеніміз не?
2.Салауатты өмір сүрудің негізгі әдістері.
3.Профилактика түсінігі.
4.Профилактиканың түрлері.


ІІІ.Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Өмір салтының қауіптілігінің негізгі факторлары және олардың медико – әлеуметтік мағынасы.
Тұрғындар денсаулығына темекі, алкоголь, ұтымсыз тамақтану, адинамия және гиподинамия, наркотикалық заттарды қолдану және дәрілерді қолдану, жағымсыз еңбек жағдайы, стрестік жағдайлар, төменгі тұрмыстық факторлар секілді факторлар зиянды әсер етеді. Бұл қауіп факторлары, яғни осы немесе басқа аурулардың және оның тез таралуына немесе жаңа ауру жағдайларын туғызуы мүмкін факторлар. Бұл факторлардың біреуі ғана емес, бірнешеуі әсер етеді.
Мысалы урбанизация денсаулыққа қалай әсер етеді?
Бұл өндірістік мекемелердің концентрациясы, транспорттық және байланыстық шектен тыс дамуы, тамақтанудың жылдам қалпы. Урбанизация нәтижесінде қалалардың климаты өзгереді, қоршаған орта ластанады, шуыл жоғарылайды, өмірдің психоэмоциональдық қысымы өседі.
Ірі қалалардың бірінші мәселесі – адамның нейропсихикалық жағдайы, эмоциональдық стрестер, қорқыныш, депрессия, уайым және басқа да эмоциональдық көріністер ерте кезде – ақ медиктердің көңілін аударған. Бұл жағдайларда гипертониялық, ишемиялық, жара аурулары, тері аурулары және зат алмасу, невроз, психикалық өзгерістер тез дамып, ауыр өтеді.
Ірі қалалардың екінші мәселесі – жүрек – қан тамырлар ауруларының, ОЖЖ – ның, тыныс алу мүшелерінің, гриппті және жұқпалы аурулардың, асқазанның ойық – жара ауруларының және жарақаттың өсуі. Бұл назологиялық формалау 2 – 4 рет жиі кездеседі.
Үшінші мәселесі- гиподинамия, 19 ғасырдың ортасында адам жасаған машиналар мен құрылғылар 4% - тен көп энергия шығынын өндірді. Қазіргі таңда 1 %энергия қол күшімен, ал қалған 99 % механизация мен автомитизациямен жұмсалады. Автобус, троллейбус, лифт, кресло жүрек – қан тамыр ауруларының, жүйке жүйе ауруларының, омыртқа буыны мен байламының ауруларына әкеп соқтырады.маңызды аурулардың дамуына әкелетін тағы бір қауіп фактор – тамақтану.
Бұл жерде балансирленбеген және сапасыз тамақтану, аз және шектен тыс тамақтану. Балансирленген тамақтану – негізгі тағамдық компоненттердің ( ақуыз, май, көмірсу ) алмасуының бұзылуымен, тамақтану уақытының сай келмеуінен сипатталатын энергия түсуімен және оның шығынының сай келмеуі. Халықаралық балансты тамақтануы жөнінде айтпас бұрын біздің елдегі қолданылатын азық жайында білу керек. Бұл мәліметтерді дамыған елдермен салыстыру бізге тиімді емес. Қолданылатын тағамдық азық – түліктер динамикасы қолайсыз; соңғы жылдары ұн тағамдарын қолдану жоғарылаған. Ақуыз құрамды азық – түлектер мен етті біз ұсынылған нормадан 7% төмен қолданамыз дақылдарды, жеміс – жидектерді - 30%- ке төмен қолданамыз. Қазақстан қазіргі таңда дамыған елдерде 20 - 50 % дені сау адамдар және 60 % - ға дейінгі семіздіктен зардап шегеді. Сондықтан соңғы жылдары майды 38 %; жұмыртқа 20 %; майлы сүт – 47 %; қант – 23%қолдану төмендеген. Семіздік бүгінгі күні ең жиі таралған ауру болып табылады.
Өкінішке орай, еліміздегі семіздікпен ауыратын адамдарды әлі толық зерттеген жоқ және осы семіздікпен халықтың 60%- зардап шегеді.
Артық салмақ – бұл жүрек –қан тамыр ауруларының бастамасы болып табылады және ол гипертонияға, диабет, тірек – қимыл аппаратының бұзылысы, орталық жүйке жүйесі мен онкологиялық аурулардың себебі болып табылады.
Қазіргі таңда дұрыс тамақтанбау да үлкен мәселе болып тұр. Дұрыс тамақтанбаудың әсерінен анемия, инфекциялық ауруларға бейімділік, дистония, гиповитаминоз пайда болады. Қалыпты тамақтанбау бірінші кезекте балаларда, жасөспірімдерде және студенттерде кездеседі. Осы жоғарыдағы ауруларға негізгі себеп – сапасыз тамақтану болып табылады.
Қазіргі таңда Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымы тамақтану аумағындағы 7 негізгі факторды белгіледі:

  1. Көп тамақтанудан аулақ болу, энергетикалық тамақтануды төмендету және энергозаттарды жоғарылату

  2. Күрделі көмірсуларды көбейту және «табиғи» көмірсуларды жалпы 48% - ға дейін жоғарылату

  3. Рафинировтық көмірсуларды 10% -дейін төмендету

  4. Жалпы майлы тамақтарды 30%-ға төмендету, соның ішінде ет, жұмыртқа және майлы сүттерді көп қолданбау.

  5. Энергетикалық майлы тамақтарды 10 %-ға төмендету

  6. Холестеринді күнделікті 300—г-ға кеміту

  7. Натрий, яғни күнделікті ас тұзын 5 гр- ға кеміту.

Денсаулыққа кері әсерін тигізетін келесі фактор – темекі. Қазіргі таңда темекі тарту көп үлесті эпидемияға айналып отыр. Темекіні ер кісі де, әйел де, жасөспірім де тартады. Біздің елімізде 64 % ер кісілер және 11 % әйелдер темекі тартады..
Темекі адам өмірін 8 – 15 жылға қысқартады және мезгілсіз өлімге алып келеді. Темекі тартпайтындарға қарағанда темекі тартатындардың өлімі 70%-ға жоғары. Сонымен қатар темекі әртүрлі қатерлі аурулардың себебі болады, олар: қатерлі трахея, бронх және өкпе, қатерлі асқазан, ауыз қуысы және өңеш, қатерлі көмей аурулары, эмфизема және жүректің ишемиялық ауруларын тудырады.
Кейбір себептерге байланысты темекі шегетіндердің өлім дәрежесі темекі шекпейтіндерге карағанда біршама жоғары. Темекі тартатындардың саны созылмалы бронхитпен 14 есе, өкпе рагінен 8 есе, өңеш рагінен 4 есе жиі өледі. Келесі қауіп факторы болып – алкогольді пайдалану болып табылады.
Жиірек алкогольді еңбекке жарамды жастағы адамдар, үлкен қала тұрғындары, жұмысшылар, білімі төмен азаматтар мен некеден ажырағандар тұтынады. Биологиялық көзқарас бойынша әйелдер ерлерге қарағанда алкогольге төзімсіз. Сонымен қатар ерлер мен әйелдерде, алкогольге бейімділік, толық бейімділікпен ерлерде 10 – 15 жылда аяқталса, әйелдерде ол 3 – 4 жылға ғана созылады. Жастары қатар, дене массасы мен бірдей деңгейде алкоголь пайдаланған ер мен әйелді салыстырғанда, әйелдерде ерлерге қарағандаауыр органикалық өзгерістер айқын байқалады. Осыған қарамастан ішкілікке салынған әйелдер саны артып келеді. Бұған дәлел, Франциядағы мәлеметтер бойынша алкоголизммен ауырған әйелдер мен ерлер алынған: 1790 жылы 10 еркекке 1 әйелден; 1990 жылы 2,3 еркекке 1 әйел келген. Алкоголизмді әлеуметті – генетикалық мәселе деп қарастырып Ю. П. Лисицын мен Н. Я. Копыт тұрғындарды 3 топқа жіктеді.

  1. Алкогольді сирек, бірақ айына 1 реттен жиі емес пайдаланатындар мен мүлде пайдаланбайтындар

  2. Алкогольді сиректеу пайдаланатындар ( айына 1 – 3 рет, бірақ аптасына 1 реттен жиі емес.)

  3. Алкогольді көп пайдаланатындар – аптасына 1 реттен де көп

А) маскүнемділіктің белгілері жоқ, яғни алкогольді жиі ( айына 1 – 2 рет ) және көп мөлшерде пайдаланатындар;
Б)маскүнемдіктің аздаған белгілері бар – психикалық бұзылыстар мен пеактивтіліктің бұзылысы;
В)маскүнемділіктің айқын белгілерімен – алкогольге физикалық тәуелділік байқалып, абстинентті синдром мен басқа да симптомдар білінеді, психикалық бұзылыстар да байқалуы мүмкін (алкогольді психоз )
Алкогольді пайдаланумен туындайтын мәселелер тек қана алкогольді пайдаланушы ғана емес, оның отбасы мен қоршаған ортасын және қоғамды ойландырады. Сонымен қатар, алкогольдің зияныадам денсаулығына кері әсерін тигізбей қоймайды. Ағылшындық афторлардың зеттеуінше алкоголь адам өмірін шамамен 20 – жылға қысқартады. Өлім деңгейі ішетіндер мен ішпейтіндерді салыстырғанда дәрежесі 2 – 3 есеге жоғары.
Алкогольді жүйелі пайдаланатындардың өлім ерекшелігінің түрлері бар: ерлерде бірінші орынға – улану мен жарақаттар; екінші орынға – жүрек – тамыр жүйесі аурулары ( 30% ), үшінші орынға – қатерлі жаңа өспелер. Бүкіл тұрғынмен салыстырғанда, маскүнемдіктің ауруға шалдығуы 1,3 есе жоғары.б алкогольді қатерлі пайдалану тұрмыстық жарақаттар мен өлім және өзін – өзі өлтіруге, улауға, көптеген аурулар - психикалық өзгерістерге алып келеді. Соңғы жылдары біздің елімізде наркомания мен токсикомания кең етек жайып келеді. Арнайы мәлеметтерге сүйенсек 130мың адам тіркеліп, соның 52 мыңы наркомандар деп танылған. Токсикомандар 22 мың болып саналады. 10 мың тұрғынның 3,4 наркомандар құрайды, ал токсикомандар 100мың тұрғынға 1,0 кездеседі. Сыртқы ортаның мағыналы түрде айқын зақымдалуы экологиялық факторларға да байланысты. АҚШ – тың ұлттық рак орталығының есептеуінше, жалпы рак ауруының 15 % - ы сыртқы ортаның ластануынан болған. Әлемдік денсаулық сақтау ұйымының айтуы бойынша жалпы өкпе эмфиземасы мен созылмалы бронхиттің 20 % - тен көбі қала тұрғындарының ластанған ауамен тыныс алуымен байланыстырылады. Әлемдегі әрбір ауруға арналған кереуіттің төрттен бірі ластанған суды пайдаланып ауырғандардың құрбанына айналған.
Біз тек кейбір қауіп факторлрына ғана тоқталдық, жеке болғандықтан емес, бір – бірімен байланысты болғандықтан. Бұл денсаулыққа елеулі әсер етеді. Темекі тарту онкологиялық ауруларды 1,5 есе, ал бұл екі фактордың қосарлануы онкологиялық ауруларды 6 есеге дейін жоғарылатады.
Әрбір медицина қызметкерлері тек емдеумен ғана емес , сонымен қатар ұйымдастырушылық қабілетін де ескеру керек. Яғни темекіге қарсы әр түрлі акциялар ұйымдастыруы қажет. Мысалы Ұлыбритания мен АҚШ дәрігерлері осы әдіспен өз еліндегі темекіден болатын ауруларды 40 % - ға дейін азайтқан.
Бұл жолмен РАМН кордиологиялық зерттеу орталығы да күресіп келе жатыр,олар жүрек қан тамыр ауруларының екіншілікті профилактика программасын ұсынып, сонымен бірге артық гипертензияны төмен түсіретін дәрі – дәрмектерді де қосты. Салауатты өмір салтының маңызды критерийі медициналық ( профилактикалық ) белсенділік болып табылады, бұл өз денсаулығың мен басқа біреудің денсаулығының арасындағы қарым – қатынасы, медициналық нұсқаулардың орындалуы, медициналықорындарға көрініп тұру, диспансеризацияға тіркелу. Бұл жай ғана адамның медициналық білімінің көрінісі. Профилактикалық белсенділік – бұл кешенді көрсеткіш, мұнда денсаулыққа әсер ететін жағымсыз қылықтардың жойылуы: темекі, алькоголь қолдану, гиподинамия, еңбек режимін бақылау, демалыс, тамақтану, қауіпсіздік техниканы сақтау, дәрігерге ертерек көріну, медициналық шарттарды, тағайындауларды орындау. Егер бұл аталғандарды ескерсек, онда аурудың, өлімнің төмендеуі, денсаулықтың мықты болуын көп жағдайда өмір салтын дұрыс сақтауда, өмірінің жақсаруына, қоршаған орта жағдайын сақтап отырса жақсарады.
Бүгінгі денсаулықты сақтау орындарында өз нұсқауларын тек қана дәрі – дәрмек препараттарымен ған емдеуді қолданады, ал профилактика мен аурудың емделуінің жолы ( дене шынықтыру, салауатты өмір салты, еңбек және демалыс ) туралы ұмытып кетеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет