Тақырыбы: Денсаулықты нығайту. Салауатты өмір салтын насихаттау. ІІ жаңа тақырыпты түсіндіру: Денсаулықты нығайту



бет50/85
Дата07.02.2022
өлшемі1,17 Mb.
#88565
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   85
Байланысты:
Пән Денсаулықты нығайту

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Сұрақтар: 1. Туберкулез ауруының жұғу жолдары?
2. Туберкулезді емдеу қалай жүргізіледі?
3. Туберкулездің алдын алу шаралары.


ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру


Тұмау немесе грипп (лат. grіppus, фр. grіpper, ағылш. influenza – “бас салу, шап беру”) – тыныс жолдарының жұқпалы вирустық ауруы. Аурудың қоздырғышы – ортомиксовирустар, олардың үш типі: А, В, С бар. Өте жұқпалы ауру. Тұмау вирусының сыртқы қабыршағының құрамында гемагглютицин (оны Н әрпімен белгіленеді) және нейраминидаза (N әрпімен белгіленеді) болады. Олар әр түрлі факторлардың әсерінен өзгеріп, тұмау вирусының жаңа вариантын түзуі мүмкін. Кейде ол асқынып кетіп тыныс жолын, нерв жүйесін, қан тамырды, жүректі ауруға шалдықтырады. Тұмаудың түрлері : Эпидемиолог мамандар бүгiнгi таңда әлем бойынша вирустық аурудың 200 түрi бар екенін зерттеп, дәлелдеді. Ол – адамның инфекциялық патологиясында маңызды рөл атқарып, ерекше орынға ие болған ауру түрі. Тұмау вирусы домалақ немесе сопақша пішінді, диаметрі 80-100 cм. Құрамында РНҚ бар. Бөлме температурасында тұмау вирусы бірнеше сағаттан кейін өзінің белсенділігінен айырылады, ал 65 С градусқа дейін қыздырғанда 5-10 минут аралығында өледі. Ол қышқыл тез бұзылады, кептіргенге шыдамайды, эфир спирт және басқа залалсыздандыру ерітінділерінде жойылады. Ультракүлгін сәуле мен ультрадыбыстар тұмау вирусын тез жояды.


Таралуы. Бір мезгілде бір болыс, өлке, тіпті бүкіл жер жүзі адамдарының жаппай ауруы мүмкін. Бір ауырған адам бір-екі жылға дейін қайтып тұмаумен ауырмайды. Тұмау салқын кезде жиі, ыстық кезде сирек кездеседі. Кейде адамға суық тиіп, тыныс жолының жоғарғы бөліктері қабынып, оның тұмауға ұқсауы да мүмкін. Бірақ бұл тұмау емес. Ол салқын тигенде мұрын, көмей, жұтқыншақтарды жайлайтын басқа микробтардың әрекеті. Тұмау вирусы өте тез тарайды. Инфекцияны қоздырушы – тұмаумен ауырған адам. Тұмауды қоздыратын вирустар (микробтар) тыныс жолының кілегей қабығында өсіп-өнеді. Тұмау тиген адам аурудың микробын жөтелгенде, түшкіргенде және қақырығы арқылы ауаға таратады. Сондай-ақ тұмау вирусы науқастың ыдысы, сүлгісі, қол орамалы, кітабы және т.б. арқылы жұғады.


Тұмаудың басталуы. Ауалы-тамшылы жолмен түскен вирус тыныс жолдарының беткей клеткаларына еніп, өсіп-өнеді де мұрынның шырышты қабаттарын зақымдайды, қанға сіңіп, жалпы организмді уландыра бастайды. Аурудың жасырын кезеңі 1 – 4 күнге созылады. Тұмау кезінде науқастың денесі дел-сал болып, тамағы мен тыныс жолдары ашиды, дене қызуы көтеріліп (38°С-қа дейін), асқа тәбеті болмайды. Басы ауырып, бұлшық еттері сыздайды. Адамға тұмау тигеннен кейін бірнеше сағ-тан соң (кейде 1 – 2 күннен кейін) мұрыннан су ағады, даусы қарлығып, жөтеледі, қақырық пайда болады, иіс сезуі нашарлап, көзі қызарады. Тұмау, әсіресе, емшек еметін сәбиді қатты әлсіретеді. Баланың танауы бітеліп, демалысы қиындайды, мазасызданып, ұйқысы бұзылады. Тұмау ересек адамдар үшін де қауіпті, ол құлаққа, тамаққа, тыныс жолдары мен өкпеге зақым келтіруі мүмкін.


Микробиологиялық диагностикалау науқастың қан сарысуы құрамындағы вирусты бөліп анықтауға негізделген. Зерттеуге арналған материалдарды вирустар репликациясының болуына байланысты зақымдалған тіндерден алу қажет .Зерттеу материалдары ретінде мұрын-жұтқыншақ бөліністерін алып, оларды әйнекке жағып, арнайы бояулармен бояп , микроскоппен қарап вирустарды анықтайды.
Серологиялық диагностикалауда науқастың қансарысуын титрлеу арқылы анықтайды.

Қорытынды. Тұмау – ауа тамшылы жолмен тарайтын вирусты жұқпалы ауру; Тұмау қоздырғыштарын бірнеше тәсілді пайдалана отырып анықтайды; Тұмаудың асқынуы адам ағзаларының зақымдануына әкеледі; Тұмаудың алдын-алу шараларын сақтаса, сырқатты жеңуге болады;











Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет