ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
1.Салауатты өмір салты дегеніміз не?
2.Салауатты өмір сүрудің негізгі әдістері.
3.Профилактика түсінігі.
4.Профилактиканың түрлері.
ІІІ.Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Өмір салтының қауіптілігінің негізгі факторлары және олардың медико – әлеуметтік мағынасы.
Тұрғындар денсаулығына темекі, алкоголь, ұтымсыз тамақтану, адинамия және гиподинамия, наркотикалық заттарды қолдану және дәрілерді қолдану, жағымсыз еңбек жағдайы, стрестік жағдайлар, төменгі тұрмыстық факторлар секілді факторлар зиянды әсер етеді. Бұл қауіп факторлары, яғни осы немесе басқа аурулардың және оның тез таралуына немесе жаңа ауру жағдайларын туғызуы мүмкін факторлар. Бұл факторлардың біреуі ғана емес, бірнешеуі әсер етеді.
Мысалы урбанизация денсаулыққа қалай әсер етеді?
Бұл өндірістік мекемелердің концентрациясы, транспорттық және байланыстық шектен тыс дамуы, тамақтанудың жылдам қалпы. Урбанизация нәтижесінде қалалардың климаты өзгереді, қоршаған орта ластанады, шуыл жоғарылайды, өмірдің психоэмоциональдық қысымы өседі.
Ірі қалалардың бірінші мәселесі – адамның нейропсихикалық жағдайы, эмоциональдық стрестер, қорқыныш, депрессия, уайым және басқа да эмоциональдық көріністер ерте кезде – ақ медиктердің көңілін аударған. Бұл жағдайларда гипертониялық, ишемиялық, жара аурулары, тері аурулары және зат алмасу, невроз, психикалық өзгерістер тез дамып, ауыр өтеді.
Ірі қалалардың екінші мәселесі – жүрек – қан тамырлар ауруларының, ОЖЖ – ның, тыныс алу мүшелерінің, гриппті және жұқпалы аурулардың, асқазанның ойық – жара ауруларының және жарақаттың өсуі. Бұл назологиялық формалау 2 – 4 рет жиі кездеседі.
Үшінші мәселесі- гиподинамия, 19 ғасырдың ортасында адам жасаған машиналар мен құрылғылар 4% - тен көп энергия шығынын өндірді. Қазіргі таңда 1 %энергия қол күшімен, ал қалған 99 % механизация мен автомитизациямен жұмсалады. Автобус, троллейбус, лифт, кресло жүрек – қан тамыр ауруларының, жүйке жүйе ауруларының, омыртқа буыны мен байламының ауруларына әкеп соқтырады.маңызды аурулардың дамуына әкелетін тағы бір қауіп фактор – тамақтану.
Бұл жерде балансирленбеген және сапасыз тамақтану, аз және шектен тыс тамақтану. Балансирленген тамақтану – негізгі тағамдық компоненттердің ( ақуыз, май, көмірсу ) алмасуының бұзылуымен, тамақтану уақытының сай келмеуінен сипатталатын энергия түсуімен және оның шығынының сай келмеуі. Халықаралық балансты тамақтануы жөнінде айтпас бұрын біздің елдегі қолданылатын азық жайында білу керек. Бұл мәліметтерді дамыған елдермен салыстыру бізге тиімді емес. Қолданылатын тағамдық азық – түліктер динамикасы қолайсыз; соңғы жылдары ұн тағамдарын қолдану жоғарылаған. Ақуыз құрамды азық – түлектер мен етті біз ұсынылған нормадан 7% төмен қолданамыз дақылдарды, жеміс – жидектерді - 30%- ке төмен қолданамыз. Қазақстан қазіргі таңда дамыған елдерде 20 - 50 % дені сау адамдар және 60 % - ға дейінгі семіздіктен зардап шегеді. Сондықтан соңғы жылдары майды 38 %; жұмыртқа 20 %; майлы сүт – 47 %; қант – 23%қолдану төмендеген. Семіздік бүгінгі күні ең жиі таралған ауру болып табылады.
Өкінішке орай, еліміздегі семіздікпен ауыратын адамдарды әлі толық зерттеген жоқ және осы семіздікпен халықтың 60%- зардап шегеді.
Артық салмақ – бұл жүрек –қан тамыр ауруларының бастамасы болып табылады және ол гипертонияға, диабет, тірек – қимыл аппаратының бұзылысы, орталық жүйке жүйесі мен онкологиялық аурулардың себебі болып табылады.
Қазіргі таңда дұрыс тамақтанбау да үлкен мәселе болып тұр. Дұрыс тамақтанбаудың әсерінен анемия, инфекциялық ауруларға бейімділік, дистония, гиповитаминоз пайда болады. Қалыпты тамақтанбау бірінші кезекте балаларда, жасөспірімдерде және студенттерде кездеседі. Осы жоғарыдағы ауруларға негізгі себеп – сапасыз тамақтану болып табылады.
Қазіргі таңда Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымы тамақтану аумағындағы 7 негізгі факторды белгіледі:
Көп тамақтанудан аулақ болу, энергетикалық тамақтануды төмендету және энергозаттарды жоғарылату
Күрделі көмірсуларды көбейту және «табиғи» көмірсуларды жалпы 48% - ға дейін жоғарылату
Рафинировтық көмірсуларды 10% -дейін төмендету
Жалпы майлы тамақтарды 30%-ға төмендету, соның ішінде ет, жұмыртқа және майлы сүттерді көп қолданбау.
Энергетикалық майлы тамақтарды 10 %-ға төмендету
Холестеринді күнделікті 300—г-ға кеміту
Натрий, яғни күнделікті ас тұзын 5 гр- ға кеміту.
Денсаулыққа кері әсерін тигізетін келесі фактор – темекі. Қазіргі таңда темекі тарту көп үлесті эпидемияға айналып отыр. Темекіні ер кісі де, әйел де, жасөспірім де тартады. Біздің елімізде 64 % ер кісілер және 11 % әйелдер темекі тартады..
Темекі адам өмірін 8 – 15 жылға қысқартады және мезгілсіз өлімге алып келеді. Темекі тартпайтындарға қарағанда темекі тартатындардың өлімі 70%-ға жоғары. Сонымен қатар темекі әртүрлі қатерлі аурулардың себебі болады, олар: қатерлі трахея, бронх және өкпе, қатерлі асқазан, ауыз қуысы және өңеш, қатерлі көмей аурулары, эмфизема және жүректің ишемиялық ауруларын тудырады.
Кейбір себептерге байланысты темекі шегетіндердің өлім дәрежесі темекі шекпейтіндерге карағанда біршама жоғары. Темекі тартатындардың саны созылмалы бронхитпен 14 есе, өкпе рагінен 8 есе, өңеш рагінен 4 есе жиі өледі.
Достарыңызбен бөлісу: |