Дәрі-дәрмекті ағзаға енгізу жолдары Энтералды 1)ауыз арқылы
2) тіл асты
3)тікішек арқылы
Сыртқы 1)теріге
2)шырышты:
-көзге
-құлақ
-мүрын
-қынапқа
Бүріккен тыныс жолдары арқылы
парентералды 1) тері ішіне
2) тері астына
3)бұлшық ет ішіне
4) тамырға
5) күретамырға
6) қуыстарға
7) сүйек ішіне
8)субарахнойдалдық кеңістікке
Дәрілік заттар
"А"тізіміне кіретін (улы дәрілер) Атропин
Кокаин
Прозерин
Стрихнин
Дикаин Строфантин
Морфин Резерпин
Омнопон
Совкаин
Промедол Платифилин т.б.
"Б" тізіміне (әсері күшті дәрілер) Никотин қышқылы
Адонизит
Новокаин Амилнитрит
Фтивазид Папаверин Адреналин Левомицетин т.б.
Есірткілік дәрілерді сақтау және есептеу ережелері
Есірткілік препараттар - бас дәрігердің қолы мен мөрі басылған, латын тілінде жазылған, бөлек талап ету құжаты бар дәріханадан алынады.
Есірткілік дәрілер есігінің ішкі бетінде қолданылатын препараттардың тәуліктік дозалары көрсетілген тізімі бар сейфте сақталады.
Сейф кілті кезекші медбике немесе дәрігерде сақталады және кезекпен беріліп отырады.
Есірткілік заттарды бұйымдық-сандық есептен өткізеді.
Емделушіге есірткілік дәрілерді дәрігердің нұсқауы бойынша және оның қатысуымен ғана енгізеді.
Есірткілерді енгізу туралы сейфте сақталатын есірткілік заттарды есептеу журналында және науқастың ауру тарихына жазу қажет.
Есірткілерді есептеу журналының барлық беттерін нөмірлеп, бау өткізіп, баудың бос ұштарын журналдың соңғы бетіне қағазбен жабыстырады. Бұл қағазда журнал беттерінің саны көрсетіліп, ЕПМ басшысының немесе оның орынбасарының қолы мен мөрі қойылады. Әрбір дәрілерді есептеу үшін бөлек беттер бөлінеді.