Парентералдық енгізу жолы немесе егулер - ас сіңіретін трактқа соқпай дәрілік заттарды енгізу жолы.
Шприц бөлігінің бағасы - шприцтің цилиндрдегі бір-біріне ең жақын бөліктерінің арасындағы ерітіндінің мөлшері (мл немесе Ед).
Крафт-пакет - арнайы ерітінді сіңдірілген, отқа жанбайтын қағаздан жасалынған шприцтер мен инелерді залалсыздандырудың алдында орауға қолданылатын пакет.
Энтералдық енгізу жолы- дәрілерді асқорыту жолы арқылы енгізу.
Ректалды енгізу жолы - дәрілерді тік ішек арқылы енгізу.
Пероралды енгізу жолы - дәрілерді ауыз арқылы енгізу.
Сублингвалды енгізу жолы - дәрілерді тіл астына салу.
Ингаляциялық енгізу жолы – дәріні тыныс алу жолдары арқылы енгізу.
Көп жағдайда науқастар өздеріне белгіленген дәрілерді қабылдаудан бас тартады, дәрі ешбір жақсы өзгеріс әкелмейді деп, дәрілерді лақтырады. Осы кезде медбике сабырлық сақтап, емделу барысында дәрі-дәрмектерді белгілеген уақытта арнайы тәртіппен қабылдау қажеттігін, қатаң сақтау керектігін байыппен түсіндіру керек.
Медбике дәрілерді тарату кезінде науқастардың дәріні қабылдауын мұқият қадағалау керек. Науқастар тарапынан оларға белгіленген дәрі препараттары жөнінен көптеген сұрақтар ту-ындайды, бұл жағдайда медбике өз деңгейінде толық жауап беруге тиіс (дәрінің көмегі, ерекшелігі, көмегі).
Кей жағдайда науқасқа дәрілік заттарды тік ішек арқылы енгізгенде ұят деп ойлайды, сондыдтан олар келіспейді. Медбике науқасқа бұл емнің дәрігердің тағайындауымен жүргізі-летіндігін түсіндіре отырып, емді жеке бөлмеде, ешқандай ыңғайсыздық туғызбайтын жағдайда өткізу керек.
Теориялық материалды оқу кезінде дәрілік препараттардың сауықтыру мекемесінің бөлімшелерінде дұрыс саңталынуына назар аударыңыздар, дұрыс сақталынбаған жағдайда дәрілік заттар өз қасиетін жоғалтады, кейбіреуі тіпті әр түрлі қабынуларға әкеп соқтырады.