|
Дәрілік ерітіндіні теріге сылып жағу
|
бет | 19/19 | Дата | 25.12.2021 | өлшемі | 195,56 Kb. | | #104969 |
| Байланысты: 1 темаДәрілік ерітіндіні теріге сылып жағу
Мақсаты: емдік.
Қолдану қөрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы бойынша.
Қарсы көрсетілімдері: терінің қабыну аурулары, терінің зақымдануы.
Дайындаңыз: дәрілік ерітіндіні, сабынды, суды, сүлгіні, дәке шариктерін немесе мақта тампондарын, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:
-
Дәрілік препаратты қолдану бойынша нұсқаумен танысыңыз.
-
Дәрігердің ем тағайындайтын парағына сәйкес, науқасқа дәрілік ерітіндіні таңдап алыңыз.
-
Дәрілік ерітіндінің жарамдылығын тексеріңіз (атын, дозасын, сақталу мерзімін оқыңыз), тағайындалған дозасымен салыстырыңыз.
-
Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз. Дәрілік препарат туралы мәліметті беріңіз.
-
Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз, қолғапты киіңіз.
-
Науқастың терісін ұқыптап сумен сабынмен жуыңыз, сүлгімен құрғатып сүртіңіз.
-
Теріге қажет мөлшеріндегі дәрілік ерітіндіні арнайы құралдармен жағыңыз (дәке шариктері, мақта тампондары және т.б.).
-
Науқастың терісіне дәрілік ерітіндіні жеңіл айналмалы қозғалыспен, науқастың терісі құрғақ болғанша сылап жағыңыз.
-
Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
-
Қолданылған мақта шариктерін, дәке тампондарын, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|