Тақырыбы: «Дәрілік заттардың негізгі топтары: жаздырып алу сақтау,тарату,қолдану әдістері. Дәрілік заттарды энтеральді және сырттай қолдану әдістері» Терминдермен жұмыс жасау



бет17/19
Дата25.12.2021
өлшемі195,56 Kb.
#104969
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
1 тема

Теріге майды жағу

Мақсаты: емдік.

Қолдану көрсетілімдері: тері аурулары.

Дайындаңыз: дәрігер тағайындаған дәрілік майын, залалсыздандырылған қалақты немесе шпательді, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Дәрілік препаратты қолдану бойынша нұсқаумен танысыңыз.

  2. Дәрілік препараттын жарамдылығын тексеріңіз (майдын атын, дозасын, сақталу мерзімін оқыңыз).

  3. Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріп, дәрілік препарат туралы мәлімет беріңіз.

  4. Емшараны жүргізу үшін науқасқа қолайлы жағдай жасауға көмектесіңіз.

  5. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуып, қолғапты киіңіз.

  6. Науқасқа қажет мөлшердегі майды тюбиктен шыны қалаққа сығып шығарыңыз.

  7. Шыны қалақты қолдана отырып, теріге жіңішке қабатпен майды жағыңыз ( оны қолмен жасамаңыз, кейбір майлар зақымдалмаған тері арқылыда сорылады).

  8. Науқастан май жаққан тері бетін 10-15 минуттай ашық ұстауын сұраңыз.

  9. Қолғапты шешіп, қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз. Шыны қалақшаны зарарсыздандыру ерітіндісіне салыңыз.

  10. Теріні қарап, майдың сіңгеніне көзіңізді жеткізіңіз.

  11. Қолыңызды жуып , кептіріңіз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет