Тақырыбы: Дезинфекция Дезинфекция – (француз тілінде des- теріс жалғауы және латын тілінде
Infec – инфекция) – бұл адамды қоршаған ортадағы патогенді бактерияны,
вирусты, риккетсилерді, қарапайымдыларды, саңырауқұлақтарды және олардың
токсиндерін жою. Дезинфекцияның мақсаты зақымдалған объектілердегі
(аурулардың бөліністері, бөліністерге арналған ыдыстар және тағамдар,
киімдері, бөлме, тұрмыс заттары және т.б.). Инфекция қоздырғыштарын жою
болып табылады.
Дезинфекция немесе залалсыздандыру – негізінен (барлығын емес) тек
патогенді микроорганизмдерді жоюды көздейді. Осынысымен стерилизациядан
ажыратылады, ал стерилизация кезінде микроорганизмдердің барлық түрі және
де олардың споралық формалары жойылады.
Қоздырғыштың берілу механизмі инфекциялық аурудың түріне байланысты
болады. Мысалы, тыныс жолы инфекцияларының қоздырғыштары (грипп, күл,
скарлатина, туберкулез және тағы басқалары) ауа тамшы жолымен беріледі.
Олар сөйлескенде, жөтелгенде, түшкіргенде бөлінеді де сау адамға оның дем
алу жолдары арқылы организміне енеді.
Ал ішек инфекциялары кезінде негізгі берілу механизмі фекальді-оралді
болып табылады. Ішек инфекцияларының қоздырғыштары жиі нәжіспен, сирек
зәрмен бөлінеді де сау адамға ауыз арқылы зақымдалған қол көмегімен,
тағаммен, сумен және сол сияқты енеді.
Ал трансмиссивті инфекциялар кезінде, яғни тасымалдаушылар –
буынаяқтылар арқылы берілетін ауруларда, инфекция қоздырғышы қан
айналымында болады да қоршаған ортаға бөлінбейді; ол ауру адамнан сау
адамға буынаяқтылар көмегімен (бит, безгек масасы және т.б.) енеді.
Дезинфекциялық шаралар белгілі бір жұқпалы аурудың қоздырғыштарын
жоюға арнайы бағыталған. Бұл кезде берілген инфекцияның қоздырғышының
берілу механизмі, қоршаған ортаның зақымдалу мүмкіндігінің дәрежесі және
басқа да эпидемиологиялық ерекшеліктері ескеріледі.
Атап айтар болсақ, тыныс жолдары инфекцияларының ошағында дезинфекция
жүргізеді, паразитарлық сүзек ошағында – дезинсекция жүргізеді, ал ішек
инфекциялары ошағында дезинфекциямен қатар дезинсекцияны да жүргізеді, ал
зоноздар ошағында – дезинфекция, дезинсекция және дератизация жүргізіледі.
Дезинфекцияны жүргізу үшін білу қажет:
1. залалсыздандыруға не жатады
2. дезинфекция қай уақытта жүргізілуі қажет
3. оны немен жүргізеді
4. оны қалай іс жүзіне асырады.
Дезинфекция 2 түрге бөлінеді:
Ошақтық және профилактикалық.
Ошақтық дезинфекция – инфекцияның берілуінің қай сатысында
жүргізілуіне байланысты: қорытынды және күнделікті дезинфекция болып
бөлінеді. Қорытынды дезинфекцияны (көбінесе бір рет) инфекция қоздырғышының
көзі жойылғаннан кейін (госпитализация, сауығу, көшіп кету, өлім) ошақта
жүргізіледі. Қорытынды дезинфекцияның мақсаты – ошақта берілу факторына
жүргізілген күнделікті дезинфекциядан қалған қоздырғыштарды жою болып
табылады.
Күнделікті дезинфекцияны да ошақта жүргізеді, бірақ оның қорытынды
дезинфекциядан айырмашылығы, ол ауру адам ошақта болғанда жүзеге асырылады,
бұл ауру адам немесе тасымалдаушының организмінен бөлініп шыққан инфекция
қоздырғыштарын сол мезетте жою мақсатына байланысты. Бұл үшін 1-орында
залалсыздандыруға организмнен қоздырғыштармен бірге бөлінетін бөліністер жатады. Профилактикалық дезинфекция – инфекция қоздырғышының көзі
анықталмаған, бірақта қоздырғыштардың сыртқы ортада жинақталу мүмкіндігі болған кезде жүргізіледі.Профилактикалық дезинфекция – жұқпалы ауру болуы мүмкін немесе ол сау адамдар арасында, тек анықталмаған (аурудың созылмалы формасы бар
тасымалдаушысы, өз ауруын жасырады және басқада жағдайлар) деген
болжамдармен жүргізіледі.Дезинфекцияда залалсыздандырудың физикалық және химиялық әдістерін қолданады. Тәжірибелік жағдайда көбінесе әр түрлі құралдарды бірге пайдаланады.Залалсыздандырудың физикалық әдістері
Физикалық әдіске механикалық, термиялық және сәулелік дезинфекциялық
құралдар жатады. Механикалық құралдар – тазалау, ылғалды, жуу, қағу, сілкілеу (ұру) және т.б. Бұл құралдармен заттарды шаң мен кірден, солармен бірге көптеген микроорганизмдерден тазартуға болады. Атап айтсақ шаңсорғыштың көмегімен шаңдағы микробтардың 98% жойылады.
Бөлмені желдеткенде 15 минуттан кейін ауадағы микроорганизмдердің
саны құрт азаяды да, ал 30 минуттан кейін олар тіптем болмайды, себебі
бөлменің ауасы сыртқы патогенді микробы жоқ таза ауамен толық ауысады. Өндіріс орындары емдеу-профилактикалық мекемелері кеңінен қолданатын
арнайы вентиляция қондырғыларын шығарады. Грипп, күл, желшешек, қызамықжәне басқа да жұқпалы аурулардың қоздырғыштары қоршаған ортаға төзімсіз жұқпалы аурулардың профилактикасы кезінде желдету өте маңызды орын алады.Вентиляцияны және фильтірлеуді ауаның, удың және басқада ортаныңбактериальді ұрықтануын төмендету үшін қолдануға болады. Сондай судың ультрафильтрациясы және гиперфильтрациясы қолднылады.Термикалық және сәулелік құралдар – бұл жоғары және төмен
температураны, әр түрлі бактерицидті сәулелермен сәулелендіруді,
ультрадыбыс әсерін, ультра жоғары жиіліктегі тоқ, радиоактивті сәулеленуді
қолдану, кептіру және т.б., бұл кезде белгілі бір параметрлер бактериоцидті
әсер етеді.Ыстық ауа лабораториялық құралдар мен ыдыстарды залалсыздандыру үшін ауа стерилизаторында және басқада аппараттарда қолданады. Ыстық ауа дезинфекциялаушы агент ретінде киімдерді, матрас, жастық, көрпе және т.б. заттарды дезинсекциялау үшін ауа камераларында қолданылады. Төсек-орынды және киімдерді ыстық үтікпен үтіктеуде залалсыздандыруға жатады. Ұзақ уақыт үтіктегенде (200-2500С температурада) киімнің арасындағы температура 1700С
дейін жетуі мүмкін, бұл кезде микроорганизмнің вегетативті формалары өледі, сондай-ақ бит және оның сіркелері де өледі. Киімді екі жағынан үтіктеген дұрыс. Дегенмен білу қажет: ыстық ауа тиімділігі бойынша ыстық будан төмен, себебі ол негізінен үстіртін әсер етеді.
Ыстық су (60-1000С) жуу құралдары араласқан, жуу және жинау кезінде
микроорганизмдермен бірге кіреді механикалық тазалау (жою) үшін қолданады.Барлық микроорганизмдердің патогенді вегетативті формалары 800С дейін ысыту кезінде 2,5 минуттан артық шыдай алмайды, ал көбісі 60-700С температурада 30 ішінде өледі. Дезинфекция (залалсыздандыру ) - қоршаған ортадағы адам үшін бактериалды споралардан басқа патогенді микроорганизмдерді жою үрдісі; бұл термин жансыз нәрселерге негізделген, биологиялық тіндер үшін антисептика термині қолданылады.
Қоздырғыштың берілу механизміне бағытталған індетке қарсы шаралардың ең маңызды да тиімдісі дезинфекция болып табылады. Бірақ, басқа да алдын алу және індетке қарсы шаралармен бірігіп жасалғанда ғана нәтижелі болады. Дезинфекция ғылымы 3 негізгі тармақтардан тұрады:
Дезинфекция және стерилизация;
Дезинсекция;
Дератизация.
Дезинфекциялық шаралардың көлемі, түрі, мақсаты инфекциялық аурудың түрінен, қоздырғыштың қоршаған ортада төзімділігінен және берілу механизмнен байланысты болады. Қоздырғыш организмнен шығысымен қоршаған ортаның заттарына араласып, біраз өмір сүреді. Әр түрлі инфекциялық аурулардың ошағында тек қана дезинфекциямемес, дезинсекция және дератизация бірге қатар жатады.
Залалсыздандырылатын заттың ерекшеліктеріне байланысты дезинфекцияның 3 әдісі қолданылады:
1) Физикалық;
2) Химиялық;
3) Биологиялық.
Инфекциялық аурулардың қоздырғыштарын - бактериаларды өлтіретін химиялық заттар бактерицидтік деп аталады. Микроорганизмдердің өсіп-өнуін, дамуын тоқтататын, тежейтін заттар - бактериостатикалық деп аталады. Спораларды өлтіруші химиялық заттар - спороцидтік, вирустарды өлтіруші - вирулицидтік, саңырауқұлақтарды өлтіруші - фунгицидтік деп атайды.Дезинфекциялық препараттардың тиімділігі оның мөлшерінен, концентрациясынан, өлтіруші өңдеу әдісінен, залалсыздау уақытынан байланысты. Сонымен қатар, залалсыздау көлемі мен мөлшері қоздырғыштардың тиімділігінен, қоршаған ортанда тұрақтылығынан, вегетативті немесе споралы формасына байланысты. Споралы формадағы микробтар қоршаған ортада өте төзімді болады, сондықтан дезинфекциялау үшін қолданатын заттың мөлшері көп, әсер ету уақыты ұзақтау болуы шарт. Вегетативті түріндегі микробтар төзімсіз, тез өледі, сондықтан дезинфекциялыө препараттың мөлшері аз, залалсыздау уақыты қысқа болады.Ошақты күнделiктi дезинфекция инфекция ошағында, инфекционды науқастың төсек маңында көп рет жүргiзiледi. Ошақты қорытынды дезинфекция инфекционды ошақтағы ауру қоздырғышын толық тазалау мақсатымен бiр рет науқасты жекелегеннен кейiн, инфекционды бөлмеге госпитализацияланғаннан кейiн, сауығуы немесе өлiмiнен кейiн жүргiзiледi. ЕАМ-де дезинфекциялық шараларды негiзiнен орташа медициналық персонал жасайды. Олар келесi нұсқау-әдiстемелiк құжаттармен қолдану қажет, инфекционды аурулардың жеке түрлерiндегi дезинфекциялық шаралар жүргiзудiң әдiстемелiк нұсқаулары, нақтылы заттар және дезинфекция әдiстерiн қолдану бойынша әдiстемелiк нұсқаулар.
Дезинфекция әдiстерi: механикалық, физикалық және аралас дезинфекция әдiстерiн ажыратады. Дезинфекцияның механикалық әдiстерi, оған жататындар: Бөлме iшiндегi жиһазды жуу. Киiмдi, төсек орынды, төсек заттарын қағу. Шаңсорғыш көмегiмен бөлмелердi шаңнан тазарту, бөлмелердi сылау және бояу. Қол жуу. Дезинфекцияның физикалық (термиялық) әдiстерi. Дезинфекцияның физикалық әдiсiне келесi әдiстер жатады: Күн сәулесiн қолдану. Бөлмедегi ауаны және бөлменi ультракүлгiнмен сәулелендiру. Ыстық үтiкпен үтiктеу, күйдiру, қыздыру. Бағалы емес заттарды, қоқысты өртеу. Қайнаған сумен өңдеу немесе қайнату. Пастеризация. Гиндализация (600С-да 6-7 тәулiк iшiнде бөлшектеп пастеризациялау, экспозиция-1 сағат). 30 минут дистилденген суда қайнату, жеке ыдыстарды органикалық кiрден тазартады, эпидемияға қарсы қорғау шараларын сақтап шаяды, шайынды суды дезинфекциялап канализацияға төгедi. Қайнау уақытын су қайнап бара жатқан уақыттан бастап есептейдi. Дезинфекцияның ауалы әдiсi (ораусыз, құрғақ-ыстық шкафында t0-1200С, экспозиция берiлген температураға жеткеннен кейiн 45 минут) қолданылады, егер бұйымдар шыныдан, металдан, резинадан, латекстан, термотұрақты полимерлi металдан жасалған болса және олар органикалық зақымданбаса. Булап қолданылатын әдiстi айтылған бұйымдарды алдын-ала тазартусыз жүргiзедi. Дезинфицирлеушi агент: 0,5 атм.-ден жоғары қысымды су буы.