III. Қорытынды
Осы тақырып аясында мен биологиялық жүйелердегі фотохимиялық реакциялардың сатысын және негізгі түрлерін , алғашқы фотобиохимиялық реакциялардың өнімін, бос радикалды қышқылдануын, ДНК құрылысына ультракүлгін сәуленің әсерін , люминесцентік таңбалар мен сорғыларды медицинада қолдану туралы мол ақпарат алдым .
Фотобиологиялық процесстердің биофизикалық негізін зерттеу кванттық биофизиканың басты бөлімдерінің бірі екеніне көз жеткіздім . Бұл процесстердің көп сатылы екенін және де олардың әрқайсысы жарық квантын жұту процесінен бастап ағзада өтетін күрделі физиологиялық реакциялармен аяқталатын көптеген топтардан тұратынын білдім . Оларға фотосинтез , фототаксис , фототропизм , көру , ультракүлгін сәуленің әсері жататынын оқыдым . Жылулық сәуле шығарумен қатар энергияның түрлену нәтижесінде басқадай жарық шығады . Ол жарықтар – суық жарықтар , оларды люминесценция деп атайды екен . Осы суық жарық оны тудыратын энергияның түріне байланысты хемилюминесценция , электролюминесценция , фотолюминесценция деп бөлінетінін білдім . Алғашқы фотоөнімдерді алудың анықтау әдістерінің көп түрлілігі таң қалдырды . Осы тақырып барысындам мен біршама құнды мағлұмат алып , өзімнің білім қобдишамды толтырдым .
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
1. Көшенов.Б Медициналық биофизика Алматы .Қарасай 2008 2. Владимиров Ю.А. с соавт. Биофизика. М., Медицина, 1983. 3. Костюк П.Г. с соавт. Биофизика. Киев, 1988. 4. Рубин А.Е. Биофизика. 1-2 том. М.,1987. 5. Рубин А.Е. Биофизика: Теоретическая биофизика -1 том. – М. Книжный дом «Университет», 2000 6. Рубин А.Е. Биофизика: Биофизика клеточных процессов -2 том. – М. Книжный дом «Университет», 2000 7. Релиуов А . Н. Медицинская и биологическая физика , Дрофа , 2008 8. Арызханов Б. С. Жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған , Алматы , Қайнар , 1990
Достарыңызбен бөлісу: |