Тақырыбы: днқ-ның фотохимиялық түрленулері Орындаған: Смаилова А. А топ: 105-а факультет: Жалпы Медецина Тексерген


Алғашқы фотобиологиялық реакциялардың өнімін оқу



бет3/5
Дата17.03.2023
өлшемі97,97 Kb.
#172793
түріРеферат
1   2   3   4   5
Байланысты:
Реферат мбф11 (1)

1.2. Алғашқы фотобиологиялық реакциялардың өнімін оқу
Фотобиологиялық процесстерге биологиялық маңызды қосылымдардың жарықты жұтуынан басталатын және физиологиялық реакциямен аяқталатын процесстер жатады. Барлық фотобиологиялық процесстерде жарықтың энергиясы химиялық түрлендірулердің активациялық тосқауылдарынан өту үшін қолданылады. Жарықтын әсерінен қозған молекуланың реакциялық қабілеттігіне бірқатар факторлар әсерлерін тигізеді. Реакцияға түсу қабілеті қозған электронның энергетикалық деңгейінің қалпына тәуелді.Бұл деңгей энергетикалық тосқауылдан өтуді қамтамасыз етеді. (1 сурет ).
А* +В ®Р фотохимиялық процессінің энергетикалық схемасы DE1— көлеңкелік реакцияның активация энергиясы; А + В ®Р; DE2— берілген: А* +В ®Р (DE1 >DE2) фотохимиялық реакцияның активация энергиясы (Рубин А.Б., 2000).
Фотохимиялық рекцияның орындалуында қозған қалыптың өмір сүру уақытының маңызы аса зор, өйткені бұл уақыттың ішінде молекула артық энергияны сақтайды. Сондықтан көптеген фотохимиялық реакцияларға триплетті қозған қалыптағы молекулалар қатысады, өйткені мұндай молекулалардың синглетті қалыппен салыстырғанда өмір сүру уақыты анағұрлым көп болады. Оның үстіне мұндай молекула бирадикал болып табылады.
Барлық фотохимиялық реакциялар біркванттық механизм бойынша жүреді (реакцияға түсетін молекула тек қана жарықтың бір квантын жұтады). Тек қана күшті лазерлі сәулеленудің әсерінен молекула екінші квантты жұтуға үлгере алады да бір молекуланың екіфотонды қозуы пайда болады және молекула жоғары қозған деңгейлерге көшеді.
Бірақ тек қана фотосинтез кезінде жарық сәулелердің энергиясы өнімдердің (глюкоза) химиялық байланыстарының энергиясы түрінде жинақталады, өйткені бастапқы заттармен (СО2және Н2О) салыстырғанда олардың еркін энергиясының қоры молдау болады. Басқа фотобиологиялық процесстерде жарық фотохимиялық реакцияларға әкелетіндігіне қарамастан, реакцияның өнімдерінде артық еркін энергияның молшері бастапқы заттармен салыстырғанда көп болмайды. Бірақ фотохимиялық кезеңнен кейін жүретін жарық шығарусыз кезеңдерде күрделі физиологиялық-биохимиялық түрленулердің нәтижесінде биоқұрылымдарда энергияның мөлшері жоғары болуы мүмкін. Ондай түрлендірулердің (жарықтың морфогензге, пигменттердің синтезіне, дем алуға фотостимуляциялық әсері) жалпы энергиялық эффектісі өте жоғары болғанымен тікелей жарық сәулелерінің энергиясы жинақталмайды.
Фотобиологиялық процесстердегі айналымдардың тізбегі: хромофорлық топпен жарықты жұту және электрқозған қалыптардың пайда болуы – электронды қозудың энергиясының миграциясы ® бірінші фотофизикалық акт және бірінші фотоөнімдердің құрылуы – аралық кезеңдер ® бірінші тұрақты химиялық өнімдердің құрылуы ® физиологиялық-биохимиялық процесстер ® ақырғы фотобиологиялық өнім. Барлық белгілі фотобиологиялық процесстер екі топқа бөлінеді: негативті (деструктивтік) және позитивтік (реттеуші) фотобиологиялық процесстер.
Негативті фотобиологиялық процесстердің ағзадағы екі түрі болады: фототоксикалық және фотоаллергиялық.
Фототоксикалық эффекттерге аллергиялық реакциялармен қатар жүрмейтін, терінің не көздің зақымданулары жатады. Олардың клиникасынка эритема, эдема, пигментация, көз жанарының бұлдырауы және т.б.жатады. Фотоаллергиялық эффекттерге аллергиялық сенсибилизацияның бірінші иммуноло гиялық механизмі кіреді. Позитивті фотобиологиялық эффекттерге көру қабілеті, фотопериодизм (тәулік және жыл ішіндегі тіршілік циклдерін жарық-қараңғы фазаларының ауысуы арқылы реттеу). Адам мен сүтқоректі жануарларда фотопериодизмнің рецептор көздері бар, кейбір құстарда - гипоталамус, балықтарда - эпифиз, жәндіктерде - ми. Тағы бір позитивті механизм – ультракүлгін әсерінен провитаминдерден Д витаминнің құрылуы. Өсімдіктерде маңызды фотобиологиялық процесстер - фотосинтез, фототаксис, фототропизм және фотопериодизм.
Сонымен, фотобиологиялық процесстердің көптігіне қарамастан олардың әр қайсысының құрамына келесі кезеңдер кіреді:
1. Жарық квантын жұту
2. Энергия алмасуының молекула ішіндегі процесстері
3. Энергияның көшуі
4. Бірінші фотохимиялық акт.
5. Фотохимиялық өнімдердің жарықсыз өзгерулері, тұрақты өнімдердің құрылуымен аяқталады
6. Фотоөнімдердің қатысуымен жүретін биохимиялық реакциялар
7. Жарық әсеріне жалпыфизиологиялық жауап.
Биофизиканы тек қана бірінші бес процесс қызықтырады. Әр түрлі толқынды жарық сәулелерінің әсер ету сипаттамалары ерекше. Адамға көбінесе жарық аймағының үлкен жиынтығы өз әсерін тигізеді
Сәуле шығарудың спектралдық таралуы.
1 — Жер бетіне жеткен күн көзі сәулелері (қысқатолқынды - 285 нм);
2 — эритемалық люминесценттік лампа;
3 — күнге күю люминесценттік лампа; (Владимиров Ю.А. және т.б., 1983) Адамның ағзасына тигізетін биологиялық әсерінің сипаттамасына сәйкес барлық спектралды аймақты былай етіп бөледі: Инфрақызыл аймақ (толқындардың ұзындығы 750 нм астам) жылулық эффекттер үшін жауапты. Көрінетін аймақ (400-750 нм) көру, фотопериодизм.
Ультракүлгін аймақ (200-400 нм) үш аймаққа бөлінеді:
а) қысқатолқынды УК-C (200-280 нм)
б) ортатолқынды - УК-В (280-315 нм)
в) ұзынтолқынды - УК-A (315-400 нм)
Күннің сәулелерінің экологиялық УК компонетіне 290 нм. ұзын толқындар жатады, қысқатолқынды УК сәулелері жерге дейін жетпейді, өйткені олар атмосфераның озонында жұтылады.
Әр түрлі УК сәулелерінің биологиялық әсері әртүрлі.
УК-А – күннің көзіне күю, провитаминдерден Д витаминнің синтезі, фотоаллергиялық және сенсибилизацияланған фототоксикалық эффекттер. УК-В- эритема, эдема, күннің көзіне күю, көздің күйігі, канцерогенез, Д витаминнің синтезі
УК-С- эритема, күннің көзіне күю, канцерогенез, мутациялар, бактерицидті эффект.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет