Тақырыбы: днқ-ның синтезі: нуклеотид элементтерінің синтезі, олардан нуклеотидтердің содан кейін нуклеотид тізбегінің және комплементарлы тізбектің түзілуін
Тақырыбы:ДНҚ-ның синтезі: нуклеотид элементтерінің синтезі, олардан нуклеотидтердің содан кейін нуклеотид тізбегінің және комплементарлы тізбектің түзілуін, олардың реакция формулаларын оған қатысатын ферменттердің номенклатурасын және оларға сипаттам беру. Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрілігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Орындаған:Жазықбаев Н, Кожахметова А
Опабек А, Русланұлы О
Тексерген: Ережепов А
ДНҚ-дезоксирибонуклеин қышқылдары синтезінің 3-түрі бар:
1. ДНҚ-ның репликациясы
2.ДНҚ-ның репарациясы
3. Кері транскрипция
ДНҚ синтезі жүреді, егер жүйеде ДНК-қор (уыт) болса, ДНК-полимераза кор болмаса ДНК молекуласының жаңа тізбегін түзе алмайды. Сонымен, жүйеде ДНҚ екі рольді атқарады, кор ретінде және жаңа тізбек түзiлу үшiн матрица кызметiн аткарады. Аналык ДНҚ тiзбегiне, матрицата, карсы жана комплементарлы тізбек түзіледі, яғни егер матрица-тiзбекте аденин болса, оған карсы жана тiзбекте тимин орын алады, егер матрица-тізбекте гуанин болса, оған қарсы жана тiзбекте цитозин тұрады (13.12.Сурет). Бұл Уотсон-Крик моделіне сәйкес келеді.
ДНК молекуласынын жана тiзбегiнiң бiреуi матрицада үздiксiз, үзілмей репликация айырынын 5' 3' бағытына карай жүріп, түзiледi екен. Бұл тiзбек жетекшi деп аталады. Екiншi жаңа тізбек үзік-үзік болып туады, жүрiсi репликация айыр бағытына карама-карсы, бiрак олда 5'-3' бағытта жүреді. Бұл тізбек артта қалған деп аталады (13.10.Сурет).
Жанадан түзілетін тізбектің фрагменттерiн Оказаки Р. (Жапония) ашкан, оның атымен аталады. E. coli клеткасында Оказаки фрагменттері1000 және одан көп нуклеотидтерден түрады, репликация айырына жакын орналасады, көп өмір сүре алмайды. Репликация айырының жүрісіне байланысты олар бiр-бiрiмен косылып, ДНҚ молекуласының жаңа тізбегін құрайды.Оказаки фрагменттерінің бір-бірімен ковалентті байланысып, жаңа тiзбек қуруын ДНҚ-лигаза катализдейді. Ол дезоксирибозаның 3'-ОН тобымен фосфаттың 5, -тобы арасында фосфодиэфир байланысын үзіп, сошлай тұтас тізбек құрайды.
Репликация - ДНҚ-ның екi еселену процессi – көбiнесе жасушаның бөлiну алдында жүрiп, жасушаның бірқатар ұрпақтарында хромосомалар санының тұрақтылығын қамтамасыз етедi. Репликация - көптеген ферментердiң қатысуымен жүзеге асырылатын күрделi процесс. Репликацияның негiзгi ферменттерi: 1. Геликаза- ДНҚ тiзбектерiн ажыратады 2. SSB-белоктар - ДНҚ-ның ажыраған тiзбектерiн тұрақтандырады 3. ДНҚ-полимераза - тiзбектi синтездейдi 4. Топоизомераза – “репликативтiк айырдың” алдындағы ДНҚ-ның аса жоғары ширатылған жерлерiн босатады 5. РНҚ-праймаза - ДНҚ-полимеразаға керектi РНҚбастауыштарды (праймерлердi) синтездейдi 6. Лигаза - ДНҚ фрагменттерiн жалғап қосады.