Оқушы. Қазақстан Кырғыз елімен достастығы.
Қазақстан мен Қырғыстан қарым-қатынасы бүгінгі күнде айқын басымдық экономикада, сауда мен еңбек көш-қонында екі елдің арасында туындап қалатын келіспеушіліктерге қарамастан (Қырғызстанның ДСҰ-на кіруі, Қазақстанның Ыстықкөлдегі меншігі), әріптестікті сақтап, келешекте өзара қарым-қатынастарының ары қарай дами түсуіне сенім білдіріп отыр. Қырғызстан мен Қазақстан арасында сауда-экономикалық келісім бар. Қазақстанның оңтүстік егін алқабы Нарын ГЭС-інің суымен қамтамасыз етілсе, Қазақстан кырғыз еліне электр энергия, көмір және мазут беріп отыр. Бұдан басқа, Қазақстанның Ыстықкөл жағалауында өз пансионаты бар. Қырғызстанда көптеген азық-түліктер Қазақстанға қарағанда арзан. Соңғы жылдары 100-ден аса қазақ-қырғыз біріккен өнеркәсіптер құрылып, соның бірі Алматыдан Ыстықкөлге дейін ұзындығы 70 шақырымға жуық автожол салып жатыр. Казақстан Қырғызстандағы куаттылығы 360 МВТ Қарабалта су-электростанциясы құрылысын салуға қатысып жатыр. Қарабалта зауытында Қазақстанның уран рудасы қайта өңделеді және қырғыз жүгінің тасымалдануына мейлінше жеңілдіктер жасайды.
Оқушы. Реферат. Қазақстан Шекеарасы.
Ата-бабаларымыз сан ғасыр күресіп, армандап өткен тәуелсіздік тұғырының мықты болмағы көп жәйттерге байланысты. Соның бірегейі – Мемлекеттік шекара. Мемлекетіміз тәуелсіздігін алғаннан кейін Мемлекеттік шекараның мән-маңызы бұрынғыдан да арта түсті десек болады. "Қазақстан-2030" стратегиялық даму бағдарламасында ұлттық қаушсіздікке айрықша мән берілген. Ал ұлттық қауіпсіздік - Мемлекеттік шекараның беріктігімен тікелей байланысты шаруа. Үстаміздегі жылдың 18 каңтарында Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Ресей Президенті Владимир Путинмен Қазақстан - Ресей Мемлекеттiк шекарасы туралы шартқа қол қойды. Еліміздің құрғақтағы шекарасының жалпы ұзындығы 14 мың шақырым болса, соның жартысынан астамы, яғни 7591 шақырымы көршілес ел Ресей арқылы өтеді екен.
Президентімiздің өткен ақпан айындағы "Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында" атты Жолдауында осынау маңызды тарихи оқиға туралы Елбасымыз: «Осыдан бір ай бұрын Мәскеуде қол қойылған Қазақстан мен Ресей арасындағы шекараны делимитациялау туралы шарттың тарихи маңызы зор. Тарихымызда тұңғыш рет біздің өзімiздің стратегиялық әріптесіміз Ресеймен заң жүзінде рәсімделген Мемлекеттік шекараға ие болдық. Осылайша біз соңғы жылдары ұзына бойы 14 мың шақырымнан асатын шекараны толығымен межелеуге қол жеткiздік.
Оқушы. Қазақстан тәуелсіздігі және ТМД –ның құрылуы. 1991 жылғы тамыз төңкерісінен кейін КСРО-ның ыдырау үрдісі тез қарқынмен жүзеге аса бастады. 1991 жылғы 8 желтоқсанда Минскіде Беларусь, РКФСР, Украина республикаларының басшылары өзара келісіп, 1922 жылғы КСРО-ны құру туралы шарттың күшін жойғанын жариялады. Сонымен қатар Тəуелсіз Мемлекеттер Одағының (ТМО) құрылғандығын мәлімдеді. 1991 жылғы 13 желтоқсанда Ашхабадта Орта Азия мен Қазақстанн басшылары бас қосып, Минскіде қабылданған шешімдерді қолдайтындықтарын білдірді.
1991 жылдың желтоқсанына дейін КСРО-ның құрамында болған республикалардың бəрі мемлекеттік тəуелсіздігін жариялады. Қазақстанда тəуелсіздік алуға қарсы күштер белең алды. Орыс автономиясын құру немесе солтүстік облыстарды Ресейге қосу идеялары көрініс берді. Тəуелсіздік туралы заңды қабылдауды референдумға салу талаптары алға тартылды.
1991 жылғы 10 желтоқсанда Қазақ КСР-інің атауы Қазақстан Республикасы (Қазақстан) деп өзгертілді. 1991 жылғы 1 желтоқсанда бүкілхалықтық сайлауда 98,78% дауыспен Н.Ə.Назарбаев Қазақстан Президенті болып сайланды. 10 желтоқсанда Н.Ə.Назарбаев Республика сарайында салтанатты түрде ант қабылдады.
Н.Ə.Назарбаев еңбек жолын 1960 жылы Қарағанды облысы, Теміртау қаласында «Қазметаллургқұрылыс» тресінде жұмысшы болып бастады.
1969 жылы партиялық қызметке ауысып, Теміртау қалалық комсомол комитетінің бірінші хатшысы, қалалық партия комитетінің бөлім меңгерушісі, қалалық партия комитетінің екінші хатшысы болды.
1973-1977 жылдары Қарағанды металлургия комбинатының партком хатшысы, Қарағанды облыстық партия комитетінің екінші хатшысы қызметтерін атқарды. 1979-1984 жылдары Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің хатшысы, 1984 жылдан Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Төрағасы болып қызмет істеді. 1989 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болды. 1990 жылғы сəуірде Қазақ КСР-нің Президенті болып сайланды.
1991 жылғы 16 желтоқсанда “Қазақстан Республикасының мемлекеттік тəуелсіздігі туралы” Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы қабылданды. Тәуелсіз Қазақстан демократиялық даму жолын қалаған, зайырлы, әлеуметтік жəне құқықтық мемлекет болып құрылды.
Қазақстан Республикасы әлемдік қауымдастықтың тең құқықты мүшесі болып жарияланды. 1992 жылғы 2 наурызда Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып қабылданды.
1991 жылғы 21 желтоқсанда Алматыда Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тəжікстан, Түркіменстан, Ресей Федерациясы, Украина, Беларусь, Молдова, Əзірбайжан, Армения басшылары бас қосты.
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының (ТМД) құрылғандығы туралы хаттамаға қол қойылды. Бұл жолы одақ сөзі достастық сөзімен алмастырылды. КСРО іс жүзінде өмір сүруін тоқтатты.
Бұл кездесуде ядролық қаруы бар мемлекеттер (Қазақстан, Ресей, Украина, Беларусь) ядролық қару жөнінде біріккен саясат қалыптастырып, ТМД мүшелерінің ұжымдық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге келісті.
Оқушы. Қазақстан Ассамблеясы.— 1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен құрылған Мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган. Ел Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы Тәуелсіздіктің бірінші жылына арналған Қазақстан халқының бірінші форумында жариялады. Мұндай институтты құру қажеттілігі саяси тұрғыдан, сондай-ақ жаңадан құрылған, тәуелсіз, полиэтносты, поликонфессиялық мемлекеттің тұрақты дамуы тұрғысынан туындаған еді. Аталған бастама мәдениет аралық диалогты нығайтудың жаңа кезеңінің негізін қалап, этносаралық қатынастарды дамыту мәселелерін жоғары деңгейде шешуге мүмкіндік жасайтын әлемдік тәжірибедегі тың бағыт болып табылды. Жиырма жылдық тарихында Ассамблея қарқынды дамып, елеулі өзгерістерді бастан кешірді. Оның дамуы барысында Н.Назарбаевтың этносаралық толеранттылық және қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісі қалыптасты. Осы жылдар ішінде Қазақстан халқы Ассамблеясының институционалдық құрылымы нығайып, қоғамды ұйыстырушы әлеуеті толысты, ол халық дипломатиясының маңызды күретамырына айналды. Бүгінде Ассамблея ел Президенті Төрағалық ететін конституциялық орган болып табылады. Бұл оның ерекше мәртебесін айқындайды.
Оқушы. Қазақстан 3 тілде білім беру саясаты.
Бүгінде Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Білім туралы», «Тіл туралы» Заңдарға және ел Президентінің биылғы жылғы Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес республика мектептерінде үш тілде білім беруді енгізу экспериментіні ұйымдастыру жұмыстары басталды. «Алайда, бағдарламаға сай сабақ бере алатындай дәрежедегі мұғалімдердің тапшылығынан волонтерларды тарту көзделіп отыр», - дейді Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру департаменті бастығының орынбасары Кәрімбек Құрманәлиев.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Орта білім басқармасы бастығының орынбасары Роза Батталова «Бұрын орыс мектептерінде қазақ тілі ғана қазақ тілінде оқытылып келсе, енді осыған қосымша қазақ тілінде оқытылатын екі пән енгізілгелі отыр. Сол секілді ағылшын тілін қазақ тілі арқылы үйретеміз. Сондықтан да мұның мемлекеттік тілді меңгеруге септігі мол болу керек», деп есептейді.
Бекіту.
-Сонымен, оқушылар, жеке-жеке тақырыптардан не түсіндік?
-Не себепті біздің Қазақстан осы саясатты қолданады?
-Көрші елдермен тату болу керек пе? Осыны күнделікті өмірден қаңдай мысал келтірер едіңдер?!
Қорытындылау. Осымен біздің отырысымыз аяқталды. Алтындай уақыттарыңызды бөліп, тыңдағандарыңызға көп рахмет. Ал , болашақ Қазақстан жалауын желбіретуші, талантты жасампаздарымыздың сөздерінен дән сепкен, асыл сөздерінен ұғындық деген ойдамыз. Ат салысып, қатысқандарыңызға көп рахмет ! Жолдарыңыз ашық, білімді азамат болып шығуларыңызға тілектеспіз.
Достарыңызбен бөлісу: |