Тақырыбы: «Достықтың терең тамыры»
Мақсаты: Оқушыларға Қазақстан көп ұлтты мемлекет болғандықтан халықтар арасындағы ынтымақтастық пен бейбітшілік өмір сүрудің бірден бір жолы достық қарым-қатынасы екнін түсіндіріп, «достық» сөзінің мағынасын ашу.
Міндеті:
1.Адам қарым-қатынасы арасындағы достық ұғымы туралы түсінік беру;
2.Оқушылардың арасында қандай ұлт болмасын достық сезімдерін
дамытуға ықпал ету;
3.Оқушыларды сыйластыққа, әдептілікке, адалдыққа, өз елінің адал
азаматы болуына тәрбиелеу.
Көрнекілігі: плакаттар,суреттер, кестелер, фото , тың деректер т.б
Барысы:
Мұғалімнің кіріспе сөзі: Салеметсіздерме оқушылар, ұстаздар біз білетіндей тілдер апталығына байланысты бүгін сыныптан тыс іс-шара өткелі жатыр., Осыдан он төрт жыл бұрын Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 22 қыркүйек Қазақстанда тұратын халықтардың Тілдер мерекесі деп жарияланды. Жүзі басқа болса да, жүрегі бір, тілі басқа болса да, тілегі бір, атасы басқа болса да, Отаны бір жүз отыздан астам ұлт пен ұлыстың өкілдері бір шаңырақтың астында тату-тәтті, достық, ынтымақтастық қарым-қатынаста өмір сүріп жатыр. Қаншама ұлттар мен ұлыстардың басын біріктіріп отырған Қазақстан - үлкен достықтың үйі. Ал оқушылар ең бірінші «Достық» деген сөзге ой тастайықшы. Достық дегеніміз не екен? Сендер оны қалай түсінесіңдер?!
Қазақстан қандай мемлекеттермен шектесіп жатыр? Осы жерде оқушылар бір-бірлеп тұрып жауап береді. Бәрекелді, балалар дұрыс айтасыңдар! Ендеше сол мемлекеттерге тоқталып кетейік.
Оқушы Қазақстан-Ресей байланыстары.
1992 жылғы 25 мамырда Қазақстан мен Ресей арасында достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шарт жасалды. 1995 жылғы 20 қаңтарда – Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығын кеңейту туралы Декларация жариялады, ал 1996 жылғы 27 сәуірде Алматыда екі елдік бірлескен Декларациясына қол қойылды. Декларацияның маңызы:
1. Екі ел арсындағы егемендікті, тәуелсіздікті құрметтеу.
2. Аумақтық тұтастық пен бір-бірінің ішкі істеріне араласпау ұстанымдарын сақтау.
1998 жылғы 6 шілдеде Мәскеуде ІІІ ғасырға бағдарланған «Мәңгі достық пен ынтымақтастық туралы” Декларация жарияланды. Нәтижелері:
1. Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі проблемасын шешуді алға жылжытты.
2. Қаржылық өзара келіспеушіліктерді реттеуді шешті.
3. Байқоңыр ғарыш орталығын бірлесіп пайдалану мәселесі қарастырылды.
Оқушы. Қазақстан-Қытай байланыстары.
1992 жылғы тамызда Қазақстан Президентінің Қытай халық Республикасына алғаш сапары болды, нәтижесінде барлық байланыс жолдары ашылды. 1994 жылы сәуір айында Қазақстан мен Қытай арасында шекара аумағын заңдастырып белгілеу (делимитация) жөніндегі келісімге қол қойылды (1718 шақырымдық).
1996 жылғы сәуір айында алғашқы Шанхай келісімі жүргізілді. Бұл келісім барысына Ресей, Қытай, Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан қатысты. Мұнда негізінен – шекараларды бұзбау, бейтарап аймақтық қашықтықты 100 шақырымға дейін жеткізу сияқты мәселелер қаралды. 1997 жылғы 25 қыркүйекте Алматыда болған келіссөздің нәтижесінде – Батыс Қазақстан мен Батыс Қытайды жалғастыратын мұнай құбырын жүргізу жөніндегі шартқа қол қойылды. Қытай үкіметі бұл жұмысқа 9,5 млрд.доллар жұмсауға келісті.
Оқушы.Қазақстан-АҚШ байланыстары.
Қазақстанның сыртқы саясатында АҚШ-пен қарым-қатынастың маңызы өте зор. 1991 жылғы 25 желтоқсанда АҚШ Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін таныды. Қазіргі кезде АҚШ-Қазақстан экономикасының аса ірі инвесторы. 1997 жылы Қазақстан мен АҚШ арасында экономикалық әріптестік бағдарламасы жасалды..
1999 жылғы желтоқсанда Қазақстан мен АҚШ арасындағы келісімде – екі ел арасындағы серіктестікті одан ары дамыту, АҚШ-тың Қазақстанға демократиялық, экономикалық өркендеуде қолдау көрсету, аймақтық, ғаламдық негізде тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында ынтымақтастық үшін барлық мүмкіндіктерді пайдалану сияқты мәселелер қаралды.
АҚШ Қазақстанға мәдениет пен білімді дамыту саласында үлкен қолдау көрсетуде «Болашақ” бағдарламасы шеңберінде қазақстандық студенттер АҚШ, Франция, Германия оқу орындарында оқиды.
Достарыңызбен бөлісу: |