Тақырыбы: «Еңбегі адал жас өрен»



Дата08.09.2024
өлшемі19,81 Kb.
#203932
Байланысты:
Сынып сағаты Адал еңбек


Тақырыбы: «Еңбегі адал жас өрен»
Мақсаты: Оқушыларға тек еңбек арқылы барлық жетістікке жетуге болатынды-ғын түсіндіру. Оқушыларға адал еңбек жөнінде айта отырып,оның маңызын тү-сіндіріп, адал еңбек етуге баулу. Адам еңбегін бағалай білуге, еңбек адамдарын сыйлай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, видеолар.
Ұйымдастыру.
Оқушылардың назарларын шараға аударып,қызығушылықтарын ояту.(Жай әуен тыңдап,соның ырғағында бір-біріне сәттілік тілейді)
Ой шақыру.
XXI ғасырдың білімді, ойлы ұрпақтары, осы жоспарды болашақта іске асырушы, еліміздің экономикасына үлес қосушы сендерсіңдер! Біздің мемлекетіміз өседі және өсіп орнығып нығаяды, онымен бірге балаларымыз да өсіп жетіледі. Балалар Отанымыздың болашағы, ал біздің болашақ азаматтарымыздың денсаулығы мық-ты, сапалы білімді, еңбекқор болып өсуге тиісті – деп айтылған. Сонда ғана біз өр-кениетті елдердің қатарына қосыламыз, Қазақстан Орта Азия барысына айналады. Сендер, болашаққа бүгін де үлестеріңді қосып, еңбек өткелі отырсыздар. Сол еңбектеріңіз осы уақытқа дейін пәндер бойынша алған білімдерін ән – күймен, ма-қал – мәтелмен, ұшқыр ойларың арқылы өрнектеп ортаға салыңдар. Еңбек дегені-міздің өзі – күнделікті өмірден алынады.Үйде ата – ана, мектепте мұғалім: -Балам, не істесең де адал істе, ісіңді тындырымды, ұятқа қалмайтындай атқар, – дейді.
Қаншалықты қиын, қызықсыз болғанымен істі аяғына жеткізіп бітіру керек.
Бұл – еңбек тәртібі.
Еңбекпен өмір өркенді,
Еңбекпен келер бағың да.
Білім терең теңіз бе,
Білім, еңбек егіз бе? – деп,бүгінгі тәрбиелік шарамызды адал еңбек тақырыбына байланысты түрлі тапсырмалар орындап білімдерімізді сынаймыз.
Ол үшін біз «Адал жастар» еліне сапар шекпекпіз.
Олай болса, «Алтын қақпа» ойынын басатайық!
1.«Тас қақпа»
Мақалдарды жалғастыр:
1.Еңбек түбі — ……. . (зейнет)
2.Жақсы жұмыс — …….. ……… . (жанға тыныс)
3.Еңбек мұратқа ………. . (жеткізер)
4.Жалқаулық аздырады, ………. ………. . (еңбек оздырады)
5.Еңбек етсең ерінбей,
……… ……… ………… . (Тояды қарның тіленбей)
6.Еңбек ердің – көркі,
……. …….. ……. . (Ер елдің көркі)
7.Еңбексіз өмір — ……. ……. . (сөнген көмір)
Еңбектін көзін тапқан,
……… …….. ………. . (Байлықтың өзін табады)
 Еңбек мұратқа жеткізер,
…….. …….. …….. . (Жалқаулық абыройды кеткізер)
10.Еңбегің қатты болса, ….. …… …… . (татқаның тәтті болар)
2. «Қола қақпа»
— Бұл сөздерді кім айтқан?
1. Талап, еңбек, терең ой
Қанағат, рақым, ойлап қой –
Бес асыл іс көнсеңіз.
(Абай)
Елге сіңірген еңбек жақсы,
Еңбекті елеген ел жақсы.
(Спандияр Көбеев)
Адамды адам еткен – еңбек. (Фрейдрих Энгельс)
 Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас,
Қардың суы секілді тез суалар.
(Абай)
Еңбексіз өмір кешуге жол жоқ.
Күшіңе сенбе, адал ісіңе сен. (М.Әуезов)
—Бұл қандай мамандық? (жұмбақ шешу)
Ала таяқ ұстаған,
Жол тәртібін нұсқаған.
Өміріңді күзеткен,
Ысқырығы күшті адам.
/милиционер/
Бал тамған мәзір,
Ол бар жерде әзір.
/аспазшы/
Оқу-білім бағдары,
Заманының бағбаны.
/мұғалім/
Өскен шашты жаратпайды,
Қайшысы бар жалақтайтын
/шаштараз/
Келіп баған қасына,
Өрмеледі басына.
/монтер/
Еңбек орны-танабы,
Сүйікті ән- дала әні.
Егін салып, мәпелеп,
Асырайды қаланы.
/дихан/
Өңкей сығай екі топта
Таласып жүр бір допқа.
Бұл кім ?
/футболшы/
Күміс қанат сұңқары,
Көкке еркін сүңгиді.
Бұлттан да тым әрі
Кеткен жанды кім дейді?
/ұшқыш/
3. «Күміс қақпа»
«Суреттер сөйлейді»
(Суреттер бойынша не айтамыз?)
Осы суреттерді бір-бірімен байланыстырып,оқушылар өз ойларын баяндайды.
2.«Слепи сам своё счастье» видеоролигін қарап,оқушылар
өз ойларын ортаға салып,бір-бірінің пікірлерін толықтырады.
4. «Алтын қақпа
1. Венн диаграммасы бойынша «Еңбектің пайдасын» топтастырады.
Мұғалімнің сөзі: Итальяндық ғалым, суретші Леонардо да Винчидің «Көп еңбек еткенге бақыт басын иеді» деген екен. Олай болса, еңбектің пайдасын жекелеп айта отырып, мына диаграмманы толықтырып көрелік.
Мысалы:
Еңбектің пайдасы – тәрбиелейді, жігерлендіреді, күш береді, қуантады, бақыт-ты етеді, өмір сүруге үйретеді, үнемшіл болуға үйретеді, ширатады, шынықтыра-ды.
2. «Біз –еңбекқор жастармыз» бір шумақ өлең шығару.
«Ортадағы қаламсап» стратегиясы бойынша бір шумақ өлең шығарады.
4.Қорытынды: Сонымен, оқушылар, біз бүгінгі тәрбиелік шарамызда еңбектің мәні,мағынасын жан-жақты түсінуге тырыстық. Адамды адам еткен – еңбек» — деп Фрейдрих Энгельс айтқандай, адамның адам болып қалыптасуында еңбек шешу-ші роль атқарғандығын, адамзат еңбекті, еңбектің құралдарын жетілдіре отырып, өзі де жетіліп кемелдене бергенін,сөйтіп талмай, қажымай еңбек етудің арқасында адамзат қоғамы жан-жақты дамып,жетіліп осынау жоғары өркениетке жетіп отыр-ғандығын бүгінгі шарада айтып жеткіздік. Олай болса, «Адал еңбектің нәтижесі адамды қуанышқа бөлейді. Адам өз мақсатына ерінбей еңбек еткенде ғана қол жеткізе алады» — дей келе, жақсы әуен тыңдай отырып,қолымыздан ұстай отырып бір-бірімізге игі тілектер айтып шарамызды аяқтаймыз.

Жамбыл атындағы ММЛИ




Бекітемін
Директордың ТЖО
Анафина Л.З.

Сынып сағаты


Тақырыбы: «Еңбегі адал жас өрен»
Сынып: 7 «Ә»
Өткізген: Қыйлыбай Ә.Б.

Қарағанды 2024

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет