Тақырыбы: Еңбек құқығы



бет2/2
Дата08.11.2023
өлшемі26,74 Kb.
#190172
1   2
Байланысты:
кукык3

Қызметкерден кәсіби аурудың алғашқы белгілері білінсе, әкімшілік оны қайта мамандандыру кезеңінде орташа айлық жалақысын сақтай отырып, он екі айдан асырмай басқа жұмысқа ауыстыруға міндетті.
«... еріксіз еңбекке тыйым салынады» (Конституция, 19-бап).
Еңбек етуге мәжбүрлеу тек екі жағдацда қолданылуы мүмкін: сот үкімі бойынша жазаны орындау үшін және төтенше жағдай туралы заңды қолданғанда. Бұл екі жағдай да халықаралық жұртшылық таныған қағидаларға қайшы келмейді. Азаматтық және саяси құқықтар туралы Халықаралық акт мынадай жағдайларда еңбек етуге мәжбүрлеуді орынды деп табады: егер ол сот үкімі арқылы тағайындалса және төтенше жағдайда немесе халықтың өміріне қауіп төнген жағдайда белгіленсе.
Еңбекке қабілеті бар азаматтарды жұмыспен қамтамасыз ету үшін мемлекет органдары қажетті шаралар қолданады.
Жұмыстары мен табыстарын жоғалтқан және алғаш рет жұмыс іздеген, сондай-ақ, ұзақ уақыт үзілістен кейін еңбек етуге қайтадан кірісуге ниеті бар жұмыссыз деп танылған адамдар тіркелген кезінің 8-ші күнінен бастап жәрдемақы ала бастайды. Жәрдемақы алудың мөлшері мен мерзімі заңда белгіленген. Жұмыссыздарды мемлекет жұмыспен қамту қызметін жүргізеді. 1992 жылы жұмыспен қамту қызметі жұмыс іздеушілер есебіне 270 мың адамды тіркеді. Олардың ішінен әр төртінші адам жұмысқа орналастырылды. Жұмыссыздық статусын, яғни, әлеуметтік қорғау хұқығын 70 мың мың адам иемденді. Жұмыссыздардың қатарының 28 проценті еркектер, 72 процентін әйелдер құраған. Жұмыссыз деп танылған адамға жәрдемақы беріледі. Жәрдемақы алудың мөлшері мен мерзімі мынадай:
— жұмыстарын жоғалтқан адамдар өзінің соңғы жұмыс орнында алған негізгі еңбекақысының 50 проценті мөлшерінде 26 күнтізбелі апта бойы жәрдемақы алады, бірақ, ол республикадағы орташа еңбекақыдан көп болмауы және ең аз жұмысақыдан кем болмауы керек;
— зейнет демалысына дейінгі жастағы адамдар 36 апта бойы жәрдемақы аладьг;
— алғаш рет жұмыс іздеуші адамдар 13 апта бойы ең аз еңбекақының 75 процентінен кем емес жәрдемақы алуға құқылы.
Азаматтардың ереуіл жасауга құқы бар. Кеңес дәуірінде «ереуіл жасау» деген түсінік мүлдем жоғалған болатын. Себебі, Кеңес мемлекеті халықтық мемлекет, халықтың мұң-мұқтажын ойлап, мүддесін қорғайды, сондықтан халық өз мемлекетіне қарсы ереуілге шығуы мүмкін емес делінетін. Бірақ, ол дәуірде де халықтың еңбегін қанаушылық орын алғаны белгілі. Еңбек құқына нұқсан келгені үшін азаматтардың көбісі сот арқылы өзінің занды мүддесін қорғай алмайтын. Мысалы, мұғалімдер әрбір бес жыл сайын аттестациядан әтетін. Егер аттестация кезінде мұғалімнің заңды мүддесі бұзылатын болса, оның арызын сот қарамайтын, тек әкімшілік жолымен әділеттікті іздеуге тура келетін. Көп жағдайда әкімшілік сөз-бұйдалыққа салып, әділетсіздікті қорғайтын. Осындай тәсіл басқа да қызмет адамдарына қолданылатын. Әділетсіздіктің құрбаны болған адамдар бірігіп, ереуілге шығу мүмкіндігінен біржола айырылған еді.
«Республика азаматтарының ереуіл жасауға құқы бар» (Конституция, 20 бап).
Азаматтардың тынығуға құқы бар. Тынығу уақытын еңбек заңдары жан-жақты реттейді. Тынығу уақыты деп жұмысшылар мен қызметшілердің еңбек міндеттерінен босатылып, өз ұйғаруымен пайдаланылатын уақытты айтады.неше түрі бар:
1. Жұмыс күніндегі үзіліс. Бұл үзіліс екі сағаттан артпау керек. Ол түскі ауқаттануға беріледі. Үзіліс жұмыс басталғаннан кейін төрт сағаттан соң беріледі. Емізулі баласы бар әйелге әрбір үш сағатта, кемінде жарты сағаттан үзіліс беріледі. Бұл үзіліс жұмыс уақытына есептеліп, төленеді.
2. Жұмыста күнаралық үзіліс. Бұл үзіліс жұмыстан соң басталып келесі жұмыс күні басталғанға дейін созылады.
3. Апта сайынғы үзіліссіз демалыс. Жалпыға бірдей демалыс күні – жексенбі. Бес күндік жұмыс аптасы бар жерде қосымша демалыс – сенбі.
Апталық жұмыс уақытының ұзақтығы 42 сағаттан аспау керек. Әрине, үздіксіз өндірістің (заводтар, фабрикалар, ауыл шаруашылығы) ерекшелігі бар.
4. Демалыс күндері еңбекшілерді жұмысқа тартуға болмайды. Тек заңда көрсетілген жағдайларда жекелеген еңбекшілерді демалыс күні жұмысқа шақыруға болады:
1) егер әлеуметтік немесе табиғи, өндірістік апаттың алдын алу немесе салдарын жою қажет болса;
2) егер сәтсіз жағдайлардың, мүліктің жойылуының немесе бүлінуінің алдын алу қажет болса;
3) кейінгі қалдыруға болмайтын жұмысты істеуге тура келсе.
Демалыс күні жұмыс істегені үшін еңбекшіге басқа күні демалыс берілуі керек.
5. Жыл сайынғы демалыстан ұзақтығығы кем дегенде 15 жұмыс күні болады. Әр салада жұмыс істейтін еңбекшілердің жыл сайынғы демалыс күндері әр түрлі. Мысалы, мұғалімдердің демалысы 48 жұмыс күні.
Азаматтардың білім алуға құқы бар. Жалпы орта білім алуға барлық азаматтар міндетті. Егер білім деңгейі мен басқа да жағдайлары (денсаулығы, сабақ жүргізілетін тілді білуі және т.б.) қабылдау шарттарына сай келетін болса, өзі таңдаған білім беру орнына оқуға түсуге құқылы. Оқушылар мен студенттердің жеңілдікпен немесе тегін тамақтануға, медициналық көмек алуға, оқу орнының өзін-өзі бос уақытында жұмыс істеуге қосымша арнаулы білім алуға құқы бар. Қалада тұрмайтын студенттерге жатақханадан орын беріледі. Өндірістен қол үзбей оқитын студенттер жұмыс орнынан ақы төленетін қосымша демалыс алуға, қысқартылған жұмыс аптасын және заңда көрсетілген басқа да жеңілдіктер пайдалануға қақылы. Студенттер мемлекеттік, қоғамдық бірлестіктермен және жеке адаммен шарт жасай алады. Шарт бойынша студентке стипендия, даярлау құны төленеді.
Оқушылар мен студенттердің өз міндеттерін де білгені жөн. Олар белгіленген талаптарға сәйкес мұқият оқып, тиянақты білім алуға, тәжірибе жағынан дағдылануға, оқу орнындағы ішкі тәртіп ережелерін сақтауға, басқа да талаптарды орындауға міндетті. Мәселе, оқу орнын бітірді деген куәлік алуда емес, жақсы білім алып, төселген маман болу. Осыған байланысты білім беру жүйесінің міндеттері белгіленеді. Оның негізгі міндеттері мыналар:
- жеке адамның рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін ашу, адамгершілік пен салауатты өмір салтының негіздерін қалыптастыру, әрбір адамның ой-жүйесін байытуға жағдайлар жасау;
- азаматтықты, отбасының, халықтың, қоғамның және мемлекеттік алдындағы жеке адамның құқылары мен міндеттерін ұғынуды, қоғамның мәдени, экономикалық және саяси өміріне қатысу қажеттігін тәрбиелеу;
- азаматтарға жалпы және кәсіптік білім алу үшін мүмкіндіктер жасау;
- қазақ халқының мәдениеті мен дәстүр-салтын оқып-үйрену үшін жағдайлар жасау.
Осы міндеттер мүлтіксіз орындалса, қоғамымыздың алға басып, дамуында, мәдениетті елдермен тереземіз тең болуға қажетті мүмкіндіктер туады.
Білім берудің мемлекеттік жүйесімен қатар жекеше білім беру жүйесі де қалыптасуда. Білім беруде дамытуға ат салысатын қоғамдық ұйымдар мен жеке адамдар мемлекет тарапынан жәрдем ала алады.
Жекеше білім беру жүйесінің ерекшелігі бар. Бұл жүйеге жататын оқу орындары ауқатты адамдардың әрекетімен қалыптасады. Мұндай оқу орындарында білім алу үшін, әдетте, ақы төлеу қажет. Жекеше білім беретін оқу орындары жалпы білім, орта кәсіби білім, жоғары білім беру үшін ашылуы мүмкін. Оларды мемлекет органдары тікелей басқармайды. Олар беретін білім мемлекет белгілеген көлем мен деңгейден төмен болмауы керек. Мемлекет белгіленген білім деңгейін оқушыларына қамтамасыз етсе ғана жекеше білім беретін оқу орындары беретін куәліктер мен дипломдардың заңды күші болады. Мемлекеттік оқу орындары мен жекеше білім беретін оқу орындарының арасында бәсекелестік тууы әбден мүмкін. Бәсекелестік екі жүйенің де оқыту деңгейін көтеруге ықпалын тигізетіні сөзсіз.
Жеке адам үшін ғана емес, оғам үшін, халықтың келешегі үшін өте маңызды азаматтардың құқығы – көркемдік, ғылыми және техникалық шығармашылық бостандығы. Конституция осы маңызды бостандықты жариялап, соны жүзеге асыру үшін мемлекетке белгілі міндеттер жүйтейді. Жасампаздық бостандығын қамтамасыз ету үшін мектептен бастап, жоғары оқу орнына дейін қажетті жағдайлар жасалады. Жоғарғы оқу орындарында, Қазақстанның Ұлттық Ғылыми академиясында, ауыл шаруашылық академикасында ғылыми зерттеу жұмыстары кеңінен жүргізіледі. Ғылыммен шұғылданғысы келген адамға жол ашық. Сонымен қатар, мемлекет ақыл-ой иелерінің, өнертапқыштардың, шығарма авторларының құқын қорғайды. Автордың өз шығармаларына мүліктік және мүліктік емес (өзіндік) құқықтары заңмен қорғалады. Автор өз шығармасын басып шығаруға, таратуға құқылы. Автордың шығармасын басқа біреудің иемденуге құқы жоқ. Авторға шығармасын пайдаланғаны үшін көлемақы төленеді.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  • https://www.uniface.kz/index.php?post=article§ion=3&id=646


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет