Мотивация
лық қозғаушы
Іздену-ұйымдастырушы
|
Балалар шаттық шеңберіне тұрады, барлығы бірге қосылып айтады.
Мейірімді жүрекпен,
Ақ пейілді тілекпен,
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық.
Жүзімізге қараңыз,
Бал-бұл жанған баламыз,
Бізге қымбат күн шуақ,
Бізге қымбат бұл сабақ.
Сәлеметсіздер ме!!!
Қазақ тілі мұғалімі: Бір жігіт келе жатып сандық толы мол қазына тауып алады. Қазынасын алып, ауылына келіп достарына көрсетіп жатқанда, екінші ауылдың бір жігіті келіп.
1-жігіт: Оо, сандық тауып алдым. Қандай керемет!
2- жігіт: Бұл менің сандығым. Сандықты мен жоғалтып алғам. Өзіме қайтарым бер.1-жігіт: Менікі
2-жігіт: Менікі
Қазақ тілі мұғалімі: Балалар қәне сандықты маған беріңдер. Бұл сандықтың кімдікі екенін білу үшін өте танымал, әділ адам Әділет сұлтаннан сұрап көрейік. Ол бізге осы сұрақтың әділ жауабын айтсын.
Балалар: Сәлеметсіз бе, Әділет сұлтан
Әділет сұлтан: Ассалаумағалейкум, қарақтарым!
Айтар беріңдер, қандай шаруамен келдіңдер!
|