Тақырыбы: Әділет сұлтанның шешімі Білім беру саласы: «Коммуникация»



бет4/4
Дата12.09.2020
өлшемі37,11 Kb.
#63725
түріБағдарламасы
1   2   3   4
Ұл бала-Ғарифулла:

Қазақстан өз елім,

Осында ер жетемін.

Ер жігіт боп өскенде,

Елге қызмет етемін.
Қыз бала-Айша:

Ойыңды мен байқадым,

Мен де солай айтамын.

Бүгін әсем ән айтып,

Домбырамды тартамын.
Ұл бала-Ғарифулла:

Елім гүлдей жайнасын,

Мерекесін тойласын,

Көгінде күні күлімдеп,

Бақта құсы сайрасын.
Қыз бала-Айша:

Татумыз, дос бәріміз,

Айтылыпты әніміз.

Берекелі елімде,

Жарассын ән-сәніміз!
2-топ

Қыз бен жігіт айтысы

Ұл бала-Ахмет:

Ата-баба дәстүрін,

Үйренуден қашпаймыз.

Айтыс десе тіл қышып,

Қыздар іздей бастаймыз.
Қыз бала-Халифабану:

Құтты болсын айтайын,

Осы тойға халқым-ай,

Шықтық біздер жырлауға.

Қазағымның салтын-ай.
Ұл бала-Ахмет:

Тойға тарту етердей,

Не сыйың бар, еркем-ай.

Жұмбақ, тақпақ, жаңылтпаш,

Айтасың ба ертегі –ай.
Қыз бала-Халифабану:

Біржан болып сен келсең,

Ақын Сараң мен болам.

Сәйгүлік боп сен шапсаң,

Аққу құсың мен болам
Бірге: Ахмет, Халифабану

Сөз өнерін шөліркеп,

Рахаттанып бір жұтқан.

Қоштасайық халықпен,

Ақындарын пір тұтқан.
2-тапсырма:

Мақал-мәтелдер жарысы

1-топ

1-Әке –асқар тау, ана-бауырындағы бұлақ, бала-жағасындағы құрақ.

2.Ананың көңілі –балада,баланың көңілі -далада.

3.Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің

4. Жеті атасын білмеген жетімдіктің белгісі.

5.Әкеге қарап ұл өсер, анаға қарап қыз өсер.

6.Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер.

7.Кәріге құрмет балаға міндет.

8.Әке балаға сыншы.
2-топ:

1.Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас.

2.Отансыз адам,

Ормансыз бұлбұл.

3.Отанға опасыздық еткенің,

Өз түбіңе жеткенің.

4.Егілмеген жер жетім,

Елінен айырылған ер жетім.

5.Батыр туса ел ырысы,

Жаңбыр жауса жер ырысы.

6.Ағаш көркі жапырақ,

Адам көркі шүберек.

7.Өзге елде сұлтан болғанша,

Өз еліңде ұлтан бол.

8.Акқу көлін аңсайды,


Адам туған жерін аңсайды.
Сергіту сәті.
Төскейден жел еседі, Төбемнен бұлт көшеді,
Туған жерім  мен үшін,

Көк майсасын төседі.



3-тапсырма

Сурет бойынша шағын әңгіме құрау..

1.Қонақтар келгенде үлкен адамдарға қол беріп амандасу, қолдарына су құю керек.

2.Үлкен адамдарды сыйлап, құрметтеу керек.

3.Үлкен адамдардың алдынан өтуге болмайды.

4.Дастарханға тағам қойылғанда үлкен адамнан бұрын қол созуға болмайды.

5.Ағашты сындыруға болмайды.

6. гүлді жұлуға болмайды.

7.Көлікте адамдарға орын беру керек.

8.Үлкен адамдарға жол беру керек.

9.Үлкен адамдармен амандасу керек.


4-тапсырма

Халқымыздың салт-дәстүрлері

туралы не білесіңдер?


1-бала:
Қазақ халқы салт-дәстүрге бай халықтардың бірі

2-бала: «Шілдехана», «Бесікке салу», «Тұсау кесу», «Сүндетке отырғызу», «Байғазы беру», «Сүйінші сұрау» тағы басқа көптеген түрлері бар.

3-бала: Сүйінші сұрау жақсылықтың нышаны. Бұл халқымызда қуанышқа ортақтасу, қуанышпен бөлісу үшін қалыптасқан жоралғы.

Шағын көрініс: «Сүйінші сұрау» салт-дәстүрі

Әже мен ата әңгімелесіп отырады. Сол кезде кішкентай немересі жүгіріп келіп, Сүйінші, ата, әже ағам әскерден келді. дейді.Ата мен әже қуанып балаға

сүйіншісін береді.
Ұлттық ойын туралы не білесіңдер?

1-бала:Қазақ халқының ұлттық ойындары ежелгі заманнан қалыптасқан дәстүрлі ойын-сауық түрлері.

2-бала: Ұлттық ойындар мейрамдарда, ойын-сауық, тойларда ойналған.

3-бала:Ұлттық ойынның Алтыбақан,

Асық ату, Қызу қуу, Арқан тартыс, Ханталапай, Көкпар тарту, Соқыр теке, Тақия тастамақ тағы басқа түрлері бар.



Шағын көрініс: Ұлттық ойын
Балалар ұлттық Асық ату немесе Ханталапай ойынды ойнап көрсетеді.

«Ұйқасын тап» ойыны


Қыз бала мен ұл бала айтысады.




Рефлексивті-түзетушілік

Бүгінгі оқу қызметі сендерге ұнады ма?

Қандай сәттері ұнады?



Оқу қызметінде не өттік?





Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек: Қазақстан Республикасы туралы, Қазақстан Республикасының рәміздері туралы мол мәлімет алды, оның қандай екендігін білді;

Нені игерді: Қазақстанда тұратын әр адамның сол елдің азаматы екендігін ұғынады.

Нені біледі: Балалар, Қазақстан, туған жер туралы тақпақтар айтып, Отанға деген сүйіспеншілігін арттырды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет