Негізінен әр кезеңде әртүрлі тақырыпқа жазылған философиялық және дидактикалық шығармаларын біріктіріп, «Этика» деген атпен («Moralia») береді. Бірақ «Moralia» термині нақты емес, ол шартты атау. Себебі, Плутарх бұл еңбегінде тек этикалық тақырыпты сөз етіп қана қоймайды, дін, философия, саясат, гигиена, ж ануарлар психологиясы, музыка, педагогика, әдебиет мәселелерін көтереді.Дегенмен өнегелі тақырыптар басымырақ, көбірек болып отырады. Плутарх әртүрлі тақырыптарды әртүрлі жанрларда: диалог формасында, диатриба, декламация, достық жолдау, хат, полемикалық трактат, философиялық-діни пайымдаулар, жаратылыстану ғылымы және филологиялық комментарий түрінде жазады. Кейбір трактаттары қолында бар тарихи-мәдени материалға қызығып, жай мәлімет беру түрінде жазылған. Этикалық тақырыптарды: қызығушылық, көп сөйлеушілік, арсыздық, бауырластық сезім, балаларға деген махаббат, жұбайлық қарым-қатынас жөнінде кеңінен қозғады. 50 жасында Дельфыдағы Аполлон ғибадатханасының абызы болған Плутарх бұл қасиетті, киелі орынның бұрынғы маңыздылығы мен сипатын қайтадан қалпына келтіруге тырысады.