Экономикалық заңдар – бұл адамдар өмірінде үнемі тұрақты
түрде қайталанып отыратын себеп-салдарлық байланыстар мен
құбылыстар. Экономикалық заңдар қоғамдық өнімді өндіру, бөлу,
айырбастау және тұтыну бойынша экономикалық қатынастардың
даму заңдары болып табылады.
Қоғамның даму заңдары – экономикалық заңдар мен табиғат
заңдарының ортақ белгілері мен айырмашылықтары болады. Бұларға
тән ортақ белгілері болып экономикалық заңдар табиғат заңдары
сияқты объективтік заңдар ретінде табылуы, яғни адамдардың
еркі мен санасынан тыс тәуелсіз жаратылып, әрекет етеді.
Ал айырмашылықтары – экономикалық заңдар адамдардың іс-әрекеті
мен қызметін билейтін заңдар. Олар адамдардың еңбек әрекеттерінің
үдерісінде туып, осы үдерістер арқылы жүзеге асырылады. Табиғат
заңдары (мысалы, бүкіләлемдік тартылыс заңы) болса, адамдар
қоғамынан тыс жағдайда да әрекет ете береді.
Достарыңызбен бөлісу: |