Экономикалық заңдар – бұл адамдар өмірінде үнемі тұрақты
түрде қайталанып отыратын себеп-салдарлық байланыстар мен
құбылыстар.
Экономикалық заңдар қоғамдық өнімді өндіру, бөлу,
айырбастау және тұтыну бойынша экономикалық қатынастардың
даму заңдары болып табылады.
Қоғамның даму заңдары – экономикалық заңдар мен табиғат
заңдарының ортақ белгілері мен айырмашылықтары болады. Бұларға
тән ортақ белгілері болып экономикалық заңдар табиғат заңдары
сияқты объективтік заңдар ретінде табылуы, яғни адамдардың
еркі мен санасынан тыс тәуелсіз жаратылып, әрекет етеді. Ал
айырмашылықтары – экономикалық заңдар адамдардың іс-әрекеті
мен қызметін билейтін заңдар.
Экономикалық заңдар (табиғат заңдарынан ерекшелігі) ұзақ
мерзім бойы өмір сүретін мәңгілік заңдар емес. Экономикалық заңдар
тарихи тұрғыда белгілі бір кезеңде туып, өзгеріп, жойылып кетіп
отырады. Экономикалық заңдардың жойылуы адамдар санасынан
тәуелсіз, қоғамдағы объективтік экономикалық жағдайлардың
өзгерісімен тікелей байланысты болып табылады.
1. Микроэкономика – бұл шектеулі ресурстар мәселесін
жекелеген экономикалық агенттердің (үй шаруашылығы, фирмалар,
т.б.) нарықтағы тәртіптері мен мінез-құлықтары тұрғысынан
зерттейтін экономикалық теорияның бір саласы. Микроэкономикада
қолданылатын негізгі ұғымдар: сұраныс, ұсыныс, баға, бәсеке, өндіріс
факторлары, т.б.
1. Позитивті экономикалық талдау – бұл қазіргі экономиканың
дәл өзін сипаттайтын нақты қалыптасып отырған құбылыстар мен
деректер негізінде алынған шындық жайттар. Талдаудың бұл түрі
субъективтік бағалауға ие болмайды.
2. Нормативті экономикалық талдау – бұл қандай да бір елдің
экономикасы туралы субъективтік бағалауларды қарастыру негізінде
экономикалық саясатты іске асырудың кепілдемелері. Талдаудың бұл
түрі кезінде орын алатын субъективтік бағалаулар экономика үшін
қолайлы немесе қолайсыз болуы мүмкін.
Позитивті және нормативті талдаудың арасындағы айырмашылық
оларда субъективтік бағалаулардың орын алуынан көрінеді. Бұл
айырмашылықты дәлме-дәл көрсете білген ағылшын экономисі Джон
Невилл Кейнс (Джон Мейнард Кейнстің әкесі) болды.
1. Жалпы экономикалық ғылымдар, оларға экономикалық
тарих, экономикалық ілімдер тарихы және басқа да ғылымдар кіреді.
2. Қолданбалы экономикалық ғылымдар, оның өзі екіге
бөлінеді: а) функционалдық экономикалық ғылымдар: қаржы,
несие, банк ісі, маркетинг, бухгалтерлік есеп және т.б., ә) салалық
экономикалық ғылымдар: ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау,
сауда, өнеркәсіп, т.б.
3. Біріктірілген экономикалық ғылымдар, оларға экономикалық
география, экономикалық құқық, экономикалық информатика,
математикалық экономика және басқалары жатады.
Кез келген ғылым сияқты экономикалық теория бірнеше
қызметтерді атқарады. Экономикалық теорияның экономикалық
ғылымдар жүйесіндегі рөлін ескере отырып, оның төмендегідей
қызметтерін бөліп көрсетуге болады.
Экономикалық теорияның атқаратын қызметтері:
1. Танымдық қызметі – экономикалық заңдарды, құбылыстарды зерттеу және түсіндіру. Бұл қызметі арқылы экономикалық теория экономикадағы нақты құбылыстарды зерттей отырып, экономикалық
үдерістер туралы жалпы ғылыми мағлұматтар беріп отырады.
2. Практикалық қызметі – іс жүзінде зерттелген объектілерді
қолданып, экономикалық саясаттың негізін жасау.
3. Болжамдық қызметі – экономикалық дамудың жалпы ғылыми
болжамын жасау.
4. Дүниетанымдық қызметі – ғылыми тұрғыда қоғам өміріне
қажетті экономикалық көзқарастар жүйесін құру.
5. Әдіснамалық қызметі – барлық экономикалық ғылымдар үшін
теориялық және әдіснамалық негіз жасау.
6. Сыншыл қызметі – әртүрлі экономикалық теориялардың
артықшылықтары мен кемшіліктерін ашып көрсету.
Сонымен, экономикалық теория ғылымының адамға, оның
қажеттілігі мен мүддесіне, олардың шектеулі ресурстар жағдайында
тиімді шешім қабылдау мәселелеріне ерекше көңіл бөлетіндігіне
көз жеткіздік. Экономикалық теория ғылымы адамдарды ең жақсы
жағынан өмір сүруге ынталандырады және осы үшін тиімді
экономикалық саясатты жүргізуді қарастырады. Жалпы экономикалық
теория шаруашылық жүргізудің барлық түрлерін, қағидаларын,
ережелерін, заңдылықтарын және ресурстарды тиімді пайдаланудың
тиімді бағыттарын қалыптастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |