Тақырыбы: «Ел ертеңін ойлаған Елбасы»
Мақсаты: «1-желтоқсан-Тұңғыш Президент күні» мерекесінің мәнін ашу, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру; Елбасындай Отанын, халқын сүюге, нағыз азамат, шынайы патриот болуға тәрбиелеу;оқушылардың бойында Елбасына деген сүйіспеншілік, құрмет сезімін қалыптастыру;
Көрнекілігі:слайдты презентациялар, үнтаспа, Нұрсұлтан Назарбаевтың портреті, Қазақстан Республикасының рәміздері.
Барысы:
Мұғалім: Құрметті оқушылар! Барша Қазақстан халқы 1-желтоқсанда Тұңғыш Президент күні мерекесін тойлауға дайындалып жатыр. Осыған орай біз де «Ел ертеңін ойлаған Елбасы» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізіп отырмыз.
-Неліктен Тұңғыш Президент күні мерекесі 1-желтоқсанда аталып отыр?
(1991 жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Қазақстан Президенті етіп сайланды)
Аружан:
Бар әлемге шын танылдық міне,біз,
Елін сүйген Елбасы деп білеміз.
Тең аталып Қазақстан-Нұрсұлтан,
Нұрсұлтан мен Қазақстан тұр егіз.
Күнге беттеп бара жатыр көш жүріп,
Елдің даңқы бар жаһанға естіліп.
Елбасыны құрметтейтін ерекше,
Армысыздар,ақ пейілді көпшілік!
Айбек:Қазақстан Мемлекетінің Тұңғыш президенті күніне арналған мерекелік тәрбие сағатымызды бастаймыз.
Қазақстан Республикасының әнұраны орындалсын.(Әнұран қосылады)
Мұғалім:
-Ал Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірі мен қызметі туралы не білесіңдер?
Оқушылар өздері білетін мәліметтерін айтып шығады.Сосын жоспар бойынша дайындалған фактілерді слайд арқылы көрсетіп түсіндіремін.
Балалық шағы
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6-шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған. Балалық шағы таршылық жағдайда өтті.Үлкендердің мал бағуына,бау-бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп,отын жарды. Өзі еске алғандай,өсірген аз-маз өнімдерін сатып,үй ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару дегенің керемет мереке саналған. Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алады.
Достарыңызбен бөлісу: |