Тақырыбы: «Ел рәміздері – еркіндік нышаны»



бет2/7
Дата07.02.2022
өлшемі27,4 Kb.
#83249
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
«Ел рәміздері – еркіндік нышаны»

Барысы:


1-жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі біздің «Ел рәміздері – еркіндік нышаны» атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз. Бүгінгі тәрбие сабағымызды еліміздің Әнұранымен бастайық. (Әнұран орындалады)


2-жүргізуші: Отанымыздың ұлттық мақтанышы – мемлекеттік рәміздерге арналады. Онда мемлекетіміздің рәміздері туралы білімдерімізді толықтырып, құрметтеуге үйренеміз. Кез келген мемлекеттің айшығы – мемлекеттік рәміздері екені белгілі. Олай болса бүгінгі ашық тәрбие сағатына қош келіпсіздер!


1-жүргізуші: Қазақ елі ұлан- байтақ. Бір қиырынан екінші қиырына дейін ұшқан құстың қанаты талып, жортқан аңның тұяғы шағылған деп суреттеледі аңыздарда. Айтса айтқандай, батысынан шығысына 3000 шақырым, солтүстігінен оңтүстігіне 1600 шақырым, жалпы аумағы 2717,3 мың шаршы шақырым алып аймақты қалай әсірелесе де тұрарлық.

2-жүргізуші: Осындай кең-байтақ жерге ие жас, егеменді еліміздің өзге елдердегідей өз «іңгәсі» бар. Ол- көтерген Туы мен Елтаңбасы, асқақтата әуелеткен Әнұраны. Еркіндікке ұмтылған қай ел, қай халық та өз даусымен сөйлеуді, өз үнімен жар салуды армандайды.


1-жүргізуші: ҚР-ның Ата заңының 9-бабында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері – Туы, Елтаңбасы және Гимні бар,»- делінген.


2-жүргізуші: Сондай-ақ осы заңның 34- бап, 2-тармағында «Әркім Республиканың мемлекеттік нышандарын құрметтеуге міндетті,»- делінген. Кез-келген мемлекет өз Елтаңбасымен еңселі, әнұранымен айбатты, туымен тұғырлы болады дейміз. (Оқушылар рәміздерді суреттіп береді).




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет