Ақмола облысы
Бурабай ауданы
( 1 желтоқсан ҚР тұңғыш Президенті күніне арналған тәрбие сағаты)
Даярлық сынып мұғалімі: Шашкенова А.С
Ұрымқай орта мектебі
2017 жыл
Тақырыбы: «Елбасымен біргеміз!»
Мақсаты:
- Қазақ халқының тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың өмірі, туып – өскен, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру.
- Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып, Отанын, халқын сүюге азаматтыққа тәрбиелеу.
- Бала жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу.
Көрнекілігі: Слайдтар, шарлар, қанатты сөздер
Барша халық таныған,
Біздің үміт, тілекті.
Шырқалғанда әнұран,
Шаттық кернер жүректі (әнұран орындау)
Жүргізуші: Әділеттің ақ жолын ту етіп, елінің егемендігін, ынтымақты, тұтастық бірлікті ойлаған, ұрпақтың саналығына мән берген, ар мен намысты биік ұстаған әлемдік деңгейдегі ірі қоғам қайраткері, Тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың құрметіне арналған 1 – желтоқсан - Президент күніне орай өткізіліп отырған « Елбасымен біргеміз!» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер дейміз!
( Әнұран айтылады)
Жүргізуші: Күнге беттеп бара жатыр көш жүріп,
Елдің даңқы бар жаһанға естіліп.
Елбасыны құрметтейік ерекше,
Армысыздар, ақ пейілді көпшілік.
Елі үшін олжа салып қиырдан,
еш тайсалмай ауыртпалық, қиыннан
Мерекеңіз құтты болсын,көпшілік,
Елбасының құрметіне жиылған.
Ендеше оқушылар, ашық тәрбие сағатымызды екі топқа бөліп сайыс сабағы ретінде өткізуге қалай қарайсыңдар?
Оқушылар : жақсы
(Елбасының өмір жолына қысқаша шолу жасау)
Н.Ә.Назарбаев 6 щілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған. Балалық шағы үлкендердің мал бағуына, бау-бақша өсіруіне көмек көрсетумен өтті.Мектепті жақсы оқып,жақсы білім алды. Ата – анасын қатты құрмет тұтты.
Елбасының отбасы - Әкесі-Әбіш,анасы-Әлжан,інілері-Сатыбалды,Болат, қарындасы - Әмина,туысы-Зейнеп. Еңбек жолын Теміртау қаласында Қарағандыдағы металлургия комбинатында металлург болып бастады. Әлем таныған дарынды тұлға іскер – саясатшы Н.Ә.Назарбаев ел экономикасын түзеп болашақта көш бастаушы елдердің қатарына қосу үшін аянбай еңбек етуде. 1991 жылы 1 желтоқсанда халқы қолдап Н.Ә.Назарбаев еліміздің Президенті болып сайланды.
Жүргізуші: Олай болса қазір біз сендермен аялдамаларға саяхат жасап, әр аялдамалардағы тапсырмаларды топ болып орындаймыз.Ел тірегі Елбасымыз жайлы және де мемлекетіміз туралы білімдеріңді тексереміз.Ендеше бастайық : Алғашқы аялдамамыз 1. «Астана қаласы»
ҚР - ның рәміздері туралы не білесіңдер? Ата, түсіндір.
ҚР - ның Президенті кім? Өмірбаянын айт
«Отан» сөзінің мағынасы
Астана қаласының суретін салу (қазіргі және болашақтағы астананың суретін салу)
Жүргізуші: Елбасымыздың бүгінгі туған күніне мектепалды даярлық сыныбының дайындаған тақпақтары бар екен, соларды ортаға шақырайық.
Ән: «Бала тілегі»
Жүргізуші: Жарайсыңдар,балалар өте жақсы, Елбасы туралы жақсы тілектер және әсем ән айттыңдар.Енді келесі аялдамаға баруға дайынбыз ба?
«Елім менің » аялдамасы
Тапсырма: Аппликация жасау. «Менің Отаным» атты тақырыбына.
Менің Қазақстаным ең...
Өз елімді мақтан тұтам, себебі...
Патриоттық азамат болу, ол... .
Менің ойымша, Президент болу ол ...
Жүргізуші: Қазақ елі желбіреп көк байрағың
Гүлге оранды ауылың мен аймағың
Нұрсұлтаның биіктерге бастады
Ол көрсеткен нұрлы жолдан таймағын дей келе, кезекті 3-4 сынып оқушыларына берейік.
(оқушылар тақпақтарын айтады) Ән: Отаным
Жүргізуші: Үшінші аялдама «Елбасы» аялдамасы. Тапсырма : Егерде мен Елбасы болсам.......... өз ойыңды айт.
Жүргізуші: «Қазақстан бақытты ел. Президенті танымды, халқы қарымды, досы көп ел екенін де мақтан тұтамыз. Ел тарихын тұлғалар жасайды. Тұлға - елдің тұғыры.Тұлға - елдің тұтқасы. Біздің Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев осындай тұлға! Қазақстанда тұрып жатқан балалар қандай бақытты десеңізші...» Ендеше бақытты балаларымыздың әсем әні мен әдемі биіне кезек берейік.
Ән: «Ертегілер әлемі» Ерланқызы Кәусар
(президентке тілек)
- Нұраға! Далаңыз егісті, Ордаңыз кеңесті болсын. Отырған орныңыз келісті болсын. Жұмысыңыз жемісті болсын. Халықтың бағы баянды болсын – дей келе тәрбие сағатымызды «Атамекен » әнімен аяқтаймыз!
Достарыңызбен бөлісу: |