Тақырыбы: Әлем таныған егеменді ел. Мақсаты



бет2/6
Дата21.07.2020
өлшемі18,7 Kb.
#63566
1   2   3   4   5   6
Сабақтың түрі: әдеби-монтаж, сайыс, аралас сабақ.
Барысы: 1. Ұйымдастырушылық кезең.2. Оқушылар назарын сабаққа аудару.
Құрметті оқушылар бүгінгі тәрбие сағатымыз еліміздің конституциясына 19 жыл толу және елбасының «Қазақстан жолы-2050» стратегиялық жолдауына орай болып отыр.
Әнұраным – жан ұраным,
Айтар әнім – сөйлер сөзім.
Туған жерім – сағынарым,
Мәңгі бақи шырқалады
Республика Әнұраны.
Мемлекеттік әнұран орындалады. Сандар сөйлейді. «Қазақстан» сөзі пайда болды.


Мұғалім сөзі. Міне оқушылар біздер елімізбен мақтанамыз. Бұл еркіндік оңайлықпен келген жоқ.  Қазақ елі еркіндікке жету үшін қаншама қиын-қыстау кезеңдерді бастан кешірді.  Мыңдаған жылдық тарихы бар. Қазақстан тәуелсіздік алды. Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойлық ХХ сессиясы өтті. Сессияда Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясын «Бүкіл халықтық өкілдік!» деп атады. Көреген Ұлт Көшбасшысының ұлы мақсатын сессияның аты да әйгілеп тұр: «Қазақстан-2050» Стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр»! Алтайдан Алатауға дейін ұлан-ғайыр жерді мекен еткен ата - бабаларымыз тәуелсіздікті арман еткен. Осынау кең даланы көк найзаның ұшымен, сом білектің күшімен қорғаған бабаларымыздың аманатын орындау үшін талай боздақтар жанкештілікке барған. Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай батырлардан бастап, Иса Досан, Шотан батырлар, беріректе Бауыржан, Мәншүк, Әлия сынды батырлар сол ел қорғауды ұран еткен, сол үшін құрбан болып, ел құрметіне бөленген батырлар.
Ресейдің езгісінде болып, тіліміз бен дінімізден безіп, орыстанғалы тұрғанда Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова сияқты қыршын жастардың құрбандыққа баруы арқасында ғана тәуелсіздік алып, егеменді ел болдық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет