Тақырыбы: Әлемде болған қоғамдық қозғалыстар: қоғамға әсер ету түрлері, себеп-салдарлық байланыстар мен қатынастар. Жоспар: 1



бет4/4
Дата01.05.2022
өлшемі1,17 Mb.
#141610
1   2   3   4
Байланысты:
Әлемде болған қоғамдық қозғалыстар қоғамға әсер ету түрлері, себеп-салдарлық байланыстар мен
Эссе бож1

Қозғалыс

Қозғалыс


Қозғалыстың, әдетте, ұйымдық құрылымы және тіркелмелі мүшелігі болмайды. Мүдделерінің ортақтығы жағдайында оған әртүрлі идеялық бағыттағы адамдар қатысуы мүмкін, қозғалыс құрамы кең, бұқаралық сипатта, өзгермелі. Қоғамдық қозғалыстардың мақсаттары мен міндеттері әртүрлі - әлеуметтік, саяси, рухани-мәдени және т.б. болады. Көбіне бұл мақсаттар қүбылмалы, өзгермелі және кеңейіп отырады. Қоғамдық қозғалыс, егер ол билік институттарына ықпал етуді, сайлау кампанияларына қатысуды, мемлекеттік органдардың және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының шешім қабылдауына эсер етуді көздесе, қоғамдық-саяси болып табылады. Қоғамдық қозғалыс қызметі мәселелерінің саяси қыры олардың саяси партиялармен, қоғамдық бірлестіктермен, бейресми мүдделер тобымен қарым-қатынасын қарастыруы мүмкін.
А.Бентлидің пікіріне сәйкес, саясат дегеніміз – белгілі бір
топтарға ұйымдасқан адамдардың өздерінің мақсаттары мен
мүдделеріне жету үшін өзара әрекеті мен күресі процесі.
Мүдделі топтар – бұлар ерікті ұйымдар, олар оған кіретін
адамдардың басқа да топтармен және саяси институттармен, сондай-ақ ұйымдардың өз ішіндегі өзара қарым-қатынастарындағы мүдделерін білдіру үшін және ұсыну үшін құрылады.
Топтардың бәсекелестігінде ұйымдасқан мүдделердің едәуір
бөлігі азаматтық қоғам жолымен қанағаттанады. Бірақ
бірқатар жағдайларда топ мүшелерінің ұжымдық
қажеттіліктерін іске асыру биліктің шешімдерін талап етеді.
Қазіргі уақытта әрбір елде ондағы қалыптасқан нақты жағдайды
көрсететін қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар аз емес.
Соңғы жылдары Қазақстан аумағында көптеген қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар пайда болды. Бүгінде біздің еліміздің қоғамдық өмірінде
мыңдаған қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар әрекет етуде, олардың
қоғамдағы ролі артып келеді. Қазақстан халқының бұқаралық
санасының құрылымында жаңа демократиялық көңіл-күйдің және
гуманистік құндылықтардың пайда болуы қоғамдық ұйымдар мен
қозғалыстардың бұрынғы, көбіне тиімсіз формаларынан азат етілген
Қазақстанның әлеуметтік-саяси кеңістігін толтыруға қабілетті
азаматтардың қоғамдық бірлестіктерінің жаңа түрлерін туындатады.
Қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстардың тағы бір қызметі
саяси-қоғамдық құрылымдардың жаңа үлгісін жасау,
әлеуметтік байланыстардың дәстүрлі емес формаларын іздеу мен сынап көру болып табылады. Қоғамдық, өзіндік әрекетті сипаттағы ерікті бірлестіктер әлеуметтік сынақ жүргізудің,
халықтың әлеуметтік белсенділігінің жаңа өзін-өзі басқару
формасын іздеу мен іске асырудың теңдесі жоқ жолы бола
алады.
Қоғамдық қозғалыстар, үкіметтік емес ұйымдар мен мекемелердегі
лоббизм - билік институттарының жұмыс істеуінің ресми жүйесі мен үдерістерінен тыс іске асырылатын астыртын қызметі болып
табылады. Лоббизмнің барысында ықпалды ептілер мен
саясаткер-лоббистер белгілі бір топтарға қажетті заң жобаларын
қорғауға, талап етілген үкімет шешімдерін қабылдауға немесе сол
үшін тиімді мемлекеттік тапсырысты жасауға ұмтылады. Жеке
кездесулер, байланыстар, келіссөздер, «басып шығарушыдан»
хаттар мен жедел хаттарды табыстау, ғылыми зерттеулердің
нәтижелері баяндалған мәтіндер, қоғамдық пікірдің сауалнамалары және т.б. осы мақсатқа пайдаланылады.
Қорытынды
Әдебиеттер:
1.Назарбаев Н.Ә. Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде,
біл болашақ.Қазақстан Республикасының ПрезидентіН.Ә.
Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2014 жылғы 17
қаңтар.
2. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық
бәсекеге қабілеттілік» Қазақстан Республикасының Президенті - Ұлт
Көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы.
//Егеменді Қазақстан. 31 қаңтар 2017 ж.
3. Назарбаев Н.Ә. Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар:
рухани жаңғыру» 12сәуір 2017 ж.
4.Әбдірайымова Г.С. Жастар социологиясы: оқу құралы.
2-басылым. – Алматы: «Қазақ университеті», 2012. – 224с.

Назарларыңызға рақмет!

Назарларыңызға рақмет!



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет