Сондықтан көпшілік табиғи социологиялық эксперименттер шағын топтарда
өткізіледі. Және әдетте әлеуметтік - психологиялық экспериментпен көптеген
ұқсастықтары болады.
Ойша социологиялық эксперименттер барынша кең таралған, мәні бойын олар
статистикалық талдау әдістері қолданылатын әрбір ірі социологиялық зерттеуге
қатысады, және әлеуметтік процестерде компьютерде үлгіге келтіру кезінде негізгі
болып табылады. Мұндайда барынша тиімдісі объекті өлшемінің бір бөлігі
қалыпқа келтірілген, ал басқасы қалыпқа келтірілген және формальді бөлігі
диалогтық режимде өзара әрекет ететін тұжырымдама, сценарийлер, адамның
құндылық бағдарлары түрінде ұсынылған үлгілеудің адам – машина жүйесі болып
табылады. Үлгілік эксперименттер табиғи әлеуметтік эксперименттің
стратегиясын барынша нақты анықтауға мүмкіндік береді, бірақ оны ауыстыра
алмайды.
Дәлелдеменің логикалық құрылымы бойынша гипотеза сызықтық және паралельді
болып бөлінеді. Сызықтық эксперимент талдауға бір ғана топ тартылуымен
ерекшеленеді. Паралельді экспериментте бір мезгілде екі топ қатысады: бақылау
және экспериментті.
Осылайша, социологиялық зерттеулердің нақты әдістерін пайдалану зерттеудің
жағдайына, орны мен уақытына, мақсаты мен міндетіне, сондай-ақ оның түріне
байланысты болады.
Достарыңызбен бөлісу: