Тақырыбы: «Ертегі терапиясын қолдану жолдары» Дайындаған: 3сво тобының студенті Ерболатова А. Жетекшісі: Ғалымова Р. М. Орал-2014 жыл Жоспар



бет6/7
Дата30.11.2022
өлшемі101 Kb.
#160453
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
1 2, Мұқағали, Документ Microsoft Office Word (2), Тест
Гимнастика
Балалар, тыңдаңдаршы, дыбысын естіп тұрсыңдар ма? Олар біз жаққа келе жатқан сияқты. Қанекей, балалар, гүлдердің қалқаларына тығылып қалайықшы!
Ақырындап оңға қарап көрейік. Ешкім жоқ па екен? Енді, солға қарап көрейік. Жоғары ағаштардың арасын,төмен шөптердің арасын қарадыңдар ма?Кім екен бізді қорқытқан , а?
Босаңсу
Балалар, қорықпаңдар,бұл жерде ешкім жоқ екен.Ол жәй ғана жапырақтар екен. Желмен ойнап, дыбыс шығарып жатқан. Ой, бұзықылар-ай! Мойнымызды босаңсытайық! Бастарыңды, иықтарыңды тербелтіңдер. Мойнымыз жіп сияқты, ал басымыз доп сияқты басымызды салбыратамыз. Кім қорқытқанын қараймыз деп, әбден мойнымыз аурып қалыпты ғой, балалар!
Ква-ква, ква-ква!Бұл не? Бұл бақағой секіріп жүрген. Ол өзінің кішкентай көлшігіне біздің көбелегімізді алып кетпекші. Бәріміз, бақа сияқты секірейік, қатты айқалайық, жерді тепкілейік,оған жаман түрімізді көрсетейік. Бізден қорқып қашып кетсін. Көбелекке көмектесейік. Балалар, бақа сендерге тәрбиешінің тілін алмайтын,қырсық болатын,өзінің әдепсіз қылықтарын көрсететін балаларды естеріңе түсірмей ме? Сол кезде олар ұсқынсыз бақаға қатты ұқсап кетеді. Бірақ біз ондай емеспіз ия, балалар? Қане,бір-бірімізге күліп әдемі болайықшы!
Қоңыз ұшып келеді: Ж-ж-ж! Ол терезеге қатты ұрылып,төңкеріліп кетіп,қайта аударыла алмай жатыр.Тез- тез қозғалады.Шаршаған соң ақырын қозғалады. Мінекей қоңыз да аударылып алды да, көбелекті менсінбей ,кекетіп былай дейді: «Қандай жіңішке аяқтар, және ол екеу ақ екен. Мұрттары мүлдем жоқ екен. Ой, әдемі емес мүлдем. Онымен дос болмаймын»,- деп қатты ызылдап ұшып кетеді.

  • қолдарын көтеріп, аяқтарының ұшымен жәй жүреді

  • көбелек сияқты жүреді

  • Қолдарын иықтарының үстіне қойып,жай ғана жүгіреді

  • Балалар, мұқият тыңдайды

  • гүлдердің қалқаларына тығылады (Орындықтардың астына тығылады. )

Көбелек оған :-«Айналайын, қарлығаш , мені өзіңмен бірге алып кетші, маған бұл жер сондай көңілсіз. «Менімен ешкім дос болмайды», мені өзің сияқты достарым көп жерге апаршы деп»-өтінеді. Қарлығаш еш қиындықсыз кішкентай көбелекті арқасына отырғызып, достарын іздейді. 
Қане, ендеше ,балалар! Біздер өз қолдарымыздан қалдық материалдардан көбелекке ғажайып бақты сәндеп, ол келгенше гүлдер жасайық. Қол моторикаларын дамытып жұмыстану. Түрлі материалдардан гүлдерді жасап әсемдейді.Ой, балалар,қандай әдемі бақша болды.
Ендеше барлығымыз әсем әуенмен қалқып көбелекше ұшайық. Әр жасаған гүлдеріне қолдарындағы көбелектерді қондырады. Көбелек өзі қалаған гүліне қонады, ой, қандай жап-жасыл шөптер, гүлдерді санасаң сан жетпейді. Күн жарқырап тұр, қызыл гүлде қызыл көбелек, жасылда...... 
Көбелек қыз: «Рахмет сендерге, балалар! Сендер маған ғажайып бақшаны әсемдеп, достарымды қайтардыңдар! Сендерге алғысым шексіз! Өзінен естелік ретінде өз сыйын береді.
Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Сендер қандай қыздың көңілін көтеретін жылы сөздер білесіңдер? Айтып көрейікші.

  • Сендерге ертегіде қай кейіпкерлер ұнады? 

  • Балалар, көбелекті не ренжітті?

  • Балалар айтыңдаршы, қоңыздар көбелекке ренжітетін қандай сөздер айтты? 

  • Қане, балалар, ренжіген адамның кейпін көрсетіңдерші, ал енді қоңыздың ұшып кеткенін көрсетіңдер. 

  • Сендерге ертегіде қай кейіпкерлер ұнады? 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет