1. Этникалық әлеуметтендіру – этноәлеуметтік рөлдерді меңгеру барысында тұлғаның дамуы және өзін-өзі дамыту үдерісі.
2. Этникалық «Мен-тұжырымдама» - ұлттың өзіндік бірегейлену үдерісі.
3. Этникалық бірегейліктің типтері мен түрлері. Студент тұлғасының этникалық бірегейлігін қалыптастыру факторлары мен тетіктері.
Этникалық әлеуметтендіру – этноәлеуметтік рөлдерді меңгеру барысында тұлғаның дамуы және өзін-өзі дамыту үдерісі.
Қоғамның этникалық құрылымын әлеуметтанудың “этносоциология” деген арнаулы теориясы зерттейді.Бұл теория қоғамның әр түрлі этностарының (яғни, ру, тайпа, халық және түрлі ұлт өкілдері) пайда болуын, мәнін, мазмұнын, олардың қоғамдағы атқаратын әртүрлі қызметін, араларындағы мәнді, тұрақты, қайталанатын, қажетті байланыстарды анықтап, жаңа заңдылықтарды ашады.