Ажырасу ең қиын ел католик дінін ұстанатындар: Ватикан – жер шарындағы ең кіші мемлекет. Христиан дінінің католик бағытын ұстанатын бұл елде де ажырасуға тыйым салынған. Католиктер отбасыны үлкен құндылық санайды әрі киелі, қасиетті деп бағалайды. Некеге адалдық танытады.Сондықтан Ватиканда ажырасуды реттейтін заң жобасы жоқ. [3]
Ислам некені ойыншыққа айналдырмауға шақырады. Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір хадисінде: «Алланың құзырында рұқсат етілгенімен, қатты ұнамсыз іс – ажырасу», – деген. [4]
Жапондар қайғылы оқиға туралы әңгімелессе күлімсіреп сөйлейді. Себебеі, тыдаушыны жалықтырмас үшін.
Қытайда, Корея, Жапонияда біреудің үйіне қонаққа барғанда тамақты шылпылдатып жеу керек. Әйтпегенде үй иесі сізге тамақ ұнамай қалды деп ойлауы мүмкін.
Сонымен қатар Қытайда үйге бірінші рет келгенде гүл алып келуге болмайды. Бұл олардың үйі көрікті емес, әрлеу керек дегенді білдіреді.
Кенияға сапар шеккен жандар масаи тайпасын кездестіреді. Масаи тайпасының халқы бір-бірін көргенде, билей бастайды. Би арқылы олар бір-бірімен амандасады. Сәлемдесу биі “адаму” деп аталады.