Фагоцит физиологиясының ерекшеліктері. Фагоциттердің құрамына тотықтар мен иондарды қорытуға қатынасатын ферменттер жинағы кіреді. Фагоциттердің цитоплазмалық мембранасында комплементтермен, иммунды глобулиндердің құрамымен, гистамин және тағы да басқа заттармен байланысатын рецепторлар бар.
Фагоциттер өте жылжымалы. Олар биологиялық ерекше белсенді заттар – хемоаттрактантардың концентрациясына сәйкес фагоцитозға түсетін объектінің бағытына қарай белсенді жылжу қабілеті бар. Фагоциттердің жылжу түрі хемотаксис деп аталды (грек. chemeia - металл балқыту өнері және taxis - орналастыру, құру, салу). Хемотаксис қайырылатын ақуыздар актин, миозин қатынасуымен өтетін АТФ-тәуелді процесс. Хемоаттрактанттардың қатарына комплемент компонентінің кейбір бөлшектері, лимфокиндер, және де жасушалар мен бактериялардың ыдыраған заттары жатады.
Заттардың фагоциттің қабығына қонуы әлсіз химиялық байланыстар есебінен бейспецификалық жолмен немесе арнайы рецепторлармен байланысу арқылы атқарылады. Фагоцитоз процесін түрлі тотықтар қолдап нысанды жасушаларда қайтарылмас зиянды өзгерістер тудырады.
Фагоциттерге жабысқан заттардың «жұтылуы, обуы» эндоцитоз көрінісімен өтеді. Бұл энергия тәуелді процесс, және де актин, миозиннің қатынасуымен өтіп фагосома құрылуымен аяқталады. Фагосома лизосомамен қосылған кезде лизосоманың ферменттері белсендіріліп жұтылған заттарды өзінің қажетіне жарайтын бөліктерге дейін ыдыратады. Егерде ферменттер фагоциттің сыртына шығатын болса ол кезде заттардың қорытылуы фагоциттен тыс жерде де жалғаса береді.
Әдетте фагоцитоз жұтылған заттардың толық қорытылуымен аяқталады. Оны аяқталған фагоцитоз деп атайды. Кейбір уақытта фагоцитоз толық қорытылумен аяқталмайды, өйткені жеке микробтар түрі (оба қоздырушысы, гонококк, АИВ-вирусы) фагоциттің ферментерінің белсендірілуін тежейді де умен аяқталмайды. Сондықтан ыдырап жойылмай, өсіп-өрбуіде мүмкін. Бұл көрініс аяқталмаған фагоцитоз деп аталады.
Адъюванттар, комплемент, иммуноцитокиндер тағы басқа факторлар фагоцитозға дем береді. Оның механизмінің негізінде фагоциттердің бетіндегі рецепторлардың қабілетін көтермелеп фагоцитоздың өтуін жеңілдетуге болады.
Фагоциттердің белсенділігі опсонды-фагоцитарлық индекспен есептеледі. Фагоцитарлық көрсеткіш дегеніміз бір фагоцит жасушасының белгілі мезгілде «жұтқан», не «қорытқан» микробтар санымен есептелсе, ал опсонды-фагоцитарлық индекс- иммунды, не иммунды емес сарысулармен өткен фагоцитоздың көрсеткіштерін салыстыру арқылы анықталады. Клиникалық тәжірибеде опсонды- фагоцитарлық индекс дербестің (әрбір адамның) иммундық статусын анықтауға қолданылады.
ҚОРЫТЫНДЫ Қорытындылай келе, фагоцитоз құбылысы адам өмірі үшін аса маңызды құбылыстардың бірі. Сонымен қатар, тек адам үшін ғана емес, өсімдіктер үшін де ерекше орын алатын процестің қажетті бір бөлігі болып табылады.
Ағзамыздағы барлық қажет емес заттар осы фагоцитоз процессінің жұмыс жасауының нәтижесінде жойылып отырады.