9. Дарияларға тоғысып ағыс үні
Алдан туды тағдырдың тағы сыны
Ұлылықтың басында өзің барсың,
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы.
10. Қырандарын баптаған
Ел сенімін ақтаған
Дара туған Нұрсұлтан
Тектілікті сақтаған
Мұғалім:
Балалар, Елбасымыздың мұраты не деп ойлайсыңдар?
1. Дені сау интелектуалды ұрпақ қалыптасытыру.
2. Саяси тұрақты мемлекет құру.
3. Экономиканы көтеру.
4. Тәуелсіздікті ұрпақтан-ұрпаққа аманат ету.
5. Білімді ұлт қалыптастыру.
11. Тәңірдің берген сыйы, таспа, Қазақ,
Тәуелсіз бүгінгі күн, басқа, Қазақ
Әлемдік жиынымды Астанамда
Бір құдайға сиынып баста, Қазақ!
Ән « Қазақ жігіттері»
12. Шежіресін шертсе күй ғып көне жер,
Ертеңіне, өркеніне сене бер.
Дүниені дүбірімен таңдантқан,
Міне, осындай Қазақстан деген ел
13. Әлемеге атың жайылсын жарқын
Жасай бер, жаса Қазақстан
Баянды болсын бақытың халқым
Жасай бер, жаса Қазақстан!
Ән: « Жаса, Қазақстан »
Мұғалім:
-Әдеби кешімізді еліміздің ақсақалдарының «Бас батасымен аяқтаймыз»
14. Елбасымыз алысты көрсін,
Ел – жұртымыз табысты болсын!
Қыздарымыз сұлу,
Ұлдарымыз намысты болсын!
15. Малымыз төлдеп, егініміз көктеп
Дастарханымызға ырысқа толсын!
Нарық қалтаны қақпайтын болсын,
Теңгеміз теңдік сақтайтын болсын.
16. Қазақстанның барлық азаматтары
Қазақша сөйлеп алға аттайтын болсын
Ұрпағымыздың бағы жансын,
Қалаған білімін алсын.
17. Тілін, дінін, дәстүрін біліп,
Он саусағынан өнері тамсын!
18. Осымен «Таң нұрында туған ұл» атты әдеби- танымдық бағдарламамыз аяқталды.
19. Назар салып тыңдағандарынызға рахмет.
Келесі кездекенше күн нұрлы болсын.
Достарыңызбен бөлісу: |