1.»Таң нұрында туған ұл»
«Шынымен-ақ нәресте үнін ести алмай өтеміз бе?»-деп күрсінетін Әлжан апа. Әкесі болса ата-бабамыздың әруағын аралап, Алладан перзент сұрайық деп ниет қылады.
Тұрмыс құрғандарына 5 жылдан кейін «құдай тілеуін беріп» дүниеге Нұрсұлтан келеді.
Сәбидің өмірге келгені бір қуаныш. Оны дүниеге әкелген ана үшін зор бақыт, ал кіндік шеше үшін үлкен мақтаныш.
Қазақта қыз туса жылқышы, ұл туса қойшы деп атайды. Нұрсұлтан таң нұрында дүниеге келген, сонда кіндік шешесі қуанғанынан « қойшы, қойшы» деп айңайлап сүйінші сұраған екен. Есімнің Нұрсұтан деп аталуының себебі сондықтан.
Міне, сол Нұрсұлтан азамат болып, ержетіп, халқының қалаулы ұлы болды. Енді ол бүкіл халықтың Нұрсұлтаны, Елдің баласы, Отанның адал ұлы.
Тұңғыш Президенттің өмірге келген қуанышына, құрметіне қазақ биі «Тойбастар»
2. «Сары сиыр»
Тағы да бір тіршіліктің таңы атты» - дейді әкесі Әбіш. Балам, сендей кезімнен етікшіге жалдандым. Ол орыс кісі еді, орысша үйрендім, сауатымды аштым. Біздің бақтағы алма мен алмұртты өсіруді сол орыстан үйренгенмін.
Сары сиыр - осы үйдің асыраушысы. Сүтін, айран, қатық ішкен адамға ауру жоламайды. Осы сиырға шөп оруды жастайынан үйретті. Қаршадай кезінен сары сиырдың шөбін шауып, шаруақор бала бүгінде еліміздің Президенті Нұрсұлтан – кешегі шаруақор Әбіштің тұңғыш ұлы.
Бала кезінен еңбекке араласып бір үйдегі өзінен кейінгі іні-қарындастары мен ата-анасына қамқор бола жүріп сабағын да тек беске оқыған. Жасынан еңбектің қадірін біліп, қиындыққа шыдап өскен бала жаман болмайды деуші еді үлкендер. Тегінде ел айтса қате айтпайды екен.
Достарыңызбен бөлісу: |